XVI — XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті (сабақ жоспары)

0
3239
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
— күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау.

Зерттеу сұрағы
XVI — XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?

Оқулық
XVI — XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті. 222–224 беттер.

Тірек сөздер
— жырау
— жорық жырауы
— ақын.

Ресурстар
1. Мәдени мұра: халықтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту
жолдары. Алматы. 2005
2. Қазақтың халық творчествосы. Алматы. Ғылым. 1989. 416 — б.
3. Бабалар сөзі. 100 томдық. Астана, Фолиант, 2011 — 2014.
4. Он ғасыр жырлайды. Алматы. 2006. 408- б.
5. Бес ғасыр жырлайды. 1-2 томдар. Алматы: Жазушы,1989.
6. Зар заман. Алматы: Жалын, 1993.

Көрнекілік
Мектеп кітапханасымен біріккен жұмыс нәтижесіндегі тақырыпқа бағытталған шағын кітап көрмесі. Ақындардың суреттері мен батырлық дастандар графикасы беріледі.

Мақсатты айқындау
XVI — XVII ғасырлардағы өмір сүрген жыраулар мен олардың шығармаларымен таныстыру. Осы уақыттағы  рухани мәдениеттің даму ерекшелігін түсіндіру.

Қазақ әдебиетінің дамуын, сол дәуірде туындаған таңдаулы жырларды оқи отырып, оны тарихи оқиғалармен сабақтастыра отырып, оқиғаларды “Қазақ әдебиеті” мен “Қазақстан тарихы” пәндері арасындағы байланысты баяндау арқылы оқушыларды “пәнаралық байланысты” қолдануға, оқиғаларды сабақтастықта қарастыруға, кешенді ойлауға, шығармашылыққа баулу.

Тарихи оқиғалар, туған жер, елдік мәселелерін, қазақ батырларының жорықтары мен ерліктерін жырға қосқан ақындар шығармалары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Рухани мәдениетке анықтама беру керек. Сабақ барысында осы кезең ақындарының басқа өкілдерін қосымша айта кету керек немесе қосымша сабақтарда қамтып, оқушыларға толыққанды дерек беру керек.

“Рухани мәдениет — адамдардың қоғам өміріндегі мәдени қызметінің нәтижесі. Өнер, дін, фольклор, философия, ғылым, құқық, саясат, мораль, т.б. құбылыстар Р. м. өзегі болып саналады. Р. м. материалдық мәдениетпен астаса дамиды және олар тарихи дамуда көрініс берген жалпы мәдениеттің құрылымын түзейді.

Ғасырлар бойы мәдени мұра ретінде қалыптасатын Р. м. кез келген қоғамның өркениеттік деңгейін білдіреді және сапалық сипатын танытады. Ол бір-бірімен тығыз байланысты екі формада өмір сүреді:

біріншіден, рухани өмірді туындатуды мақсат еткен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен олардың дараланған рухани әлемі түрінде;

екіншіден, сол өнімдердің рухани құндылықтар деңгейінде бағалануы, яғни олардың
әлеуметтенуі жатады. Адамзаттың рухани өндірісінде Р. м. үлгісі боларлық биікке көтерілген дүниелер тарихи кезеңдерге сыймай, әлеум.-этн. кеңістік аясынан шығып, жалпыхалықтық асыл қазынаға айналып отырған.

Сондықтан Р. м. әлеум. немесе тарихи топтар үшін ғана емес, жер бетіндегі тұтастай адамзат үшін, халықтарды біріктіру мен ынтымақтастыра түсу үшін жасалған. Ал бұл өлшемге жауап бермейтін рухани өндірістің өнімдері тарих сынағынан өте алмайды.

Мәселен нәсілшілдікті, әсіре ұлтшылдықты ту етіпкөтерген идеялар ұлттық мәдениеттің кері кетуіне, құлдырауына себепкер болады. Р. м-ті тағы бір құлдырататын нәрсе оның барынша прагматистік принциптерге негізделуі, сауда мен табыс көзіне айналуы. Қазақ халқының ежелгі заманнан қордаланған Р. м-і озық үлгілі рухани құндылықтарға толы.

Қазақ халқының салт-дәстүріндегі үлкенді сыйлау, әруаққа бас ию, қонақты құрметтеу, табиғаттың үйлесімділігін сақтау, сөз қадірін білу, аталы сөзге тоқтау Р. м-тің ерекше үлгісі болып табылады. Атақты билердің айтқан әрбір  әділ сөзі халықтың жадында ғасырлар бойы сақталып, оның діліне ұлтты іштей біріктіруші бағдар бола алды.” (Ұлттық Энциклопедия)

Сабақ түрі мен әдісі
Оқушының білімін тереңдету және белсенділігін арттыру мақсатында — семинар немесе диспут сабақ. Оқу үдepiciн жeтiлдipу үшiн жaңa пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялap, caбaқтың дәcтүpлi eмec түpлepiн қoлдaнудың тиiмдiлiгi жоғары.

Сабаққа қатысты ескертпелер
XVI — XVII ғасырлардағы ақын-жырауларының шығармалары экраннан жүргізіліп оқылатын бағдарлама арқылы жасалған слайдпен қатар көрсетілсе мақсат етіп қойған тақырыпты тез игеруге болады. Сабаққа “Қазақ әдебиеті” пәнінің мұғалімін қатыстырып, тақырыпты кезектесе отырып түсіндірсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі.

Бағалау мүмкіндігі
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың білімін бағалауда келесідей сұрақтарды қоюды ұйымдастыруға болады:

XVI — XVII ғасырлардағы рухани мәдениеттегі ерекшеліктер;
Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер.

Қосымша тапсырмалар
XVI — XVII ғасырлардағы өмір сүрген бір жыраудың шығармашылығын
талдап, эссе жаз.

Білімін шыңдауға берілетін тест
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

1. XVI—XVII ғасырлардағы қазақ жырауларын табыңыз:
А) Кетбұға жырау Е) Жанақ жырау
В) Шалкиіз жырау F) Шөже ақын
С) Шернияз жырау G) Ақтамберді жырау
Д) Марғасқа жырау H) Жиембет жырау

Үй тапсырмасына тест.
2. Доспамбет жыраудың шығармаларын іздеп тауып, атауын көрсетіңіз:
А) “Айнала бұлақ басы тең” Е) “Арғымаққа оқ тиді”
В) “Едіге” F) “Шора батыр”
С) “Жошы ханның жортуы” G) “Әмірің қатты Есім хан”
Д) “Ақсақ құлан” H) “Айналайын Ақ Жайық”

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  2. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  3. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  5. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  6. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  7. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ