Зейнетке шығатын ұстазға арналған «Дара жол» бағдарламасы

0
4906
Иллюстрация: Freepik.com

Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы! Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу.

Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу. Бүгінгі кейіпкеріміз …………………………………………………………………………………………………………. дара жолына арналған кешімізге қош келдіңіздер!

— Ұстазымызды құрметпен ортаға шақырамыз.

— Ұстаз, қош келдіңіз, Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Сіз осы ұстаздық жолды таңдадыңыз. Ұстаздық, мұғалімдік, бұл — ең қиын әрі қызықты мамандық. Осы мамандықты таңдау сыры туралы айтып берсеңіз.

— Отбасыңыз жайлы қысқаша мәлімет бере аласыз ба? (бұл жерде отбасы туралы слайдтар жүріп тұрады)

— Жақсы апай, осы жерде әңгімеміз әдемі ойысып келе жатыр, сізге арнап, осы жердегі көрермендерге арнап бір ән тыңдайық, содан кейін әңгімемізді жалғастырамыз.

— Сіз де шәкірт болып мектеп табалдырығын аттадыңыз.

— Сіздің сыныптастарыңызды  балалық шақтан естелік айтуға ортаға шақырамыз.  Шәкірттік өмірлеріңізден әңгімелеп берсеңіздер.
(осы жерде балалық шақтан, оқушылық кездегі фотолардан слайдтар)
Шәкірттеріңіздің құттықтауын қабыл алыңыз. (5 сынып оқушылары)

— Осы мектепке алғаш келген жылдарыңыз туралы айтып берсеңіз.

— Өзіңізбен бірге осы мектепте жұмыс жасаған ұстаздардың ұстазына сондай-ақ, мектеп басшылығына сөз кезегін береміз. Осыдан 30 жыл бұрын ұстазымыз қандай еді? (осы жерде артта жас кездегі ұстаздық жолдан фотослайдтар жүргізіледі)

— Сіздің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бағыт — бағдар беру жолындағы еңбегіңіз ұшан теңіз деп білеміз. Сіздің осы көп жылдық қызметіңізде есіңізде сақталып қалған шәкіртіңіз бар ма? Болса әңгімелеп берсеңіз. (шәкірттерімен түскен фотосуреттерден слайдтар)

— Бүгінде сіздің сол оқушыларыңыз түрлі мамандық иесі атанып отыр. Сіздің алдыңыздан өткен шәкірттеріңіздің бірқатары ұстаздық жолын таңдап, еңбек етуде. Сізді бүгін құттықтауға келіп отырған сол шәкірттеріңізді шақырамыз.

(болса алыста жүрген шәкірттерінен құттықтау видеоролигі)
(Шақырылған қонақтар ортаға шығып сөз сөйлегеннен кейін, Рафаэльден жеке орындауда өлең сұрау)

— Апайға арналған дара жолды жасап жатырмыз. Көп әңгімелер айтылды. Ұстаз, құрбы ретіндегі ұстаздың  ең басты қасиетін атап өтсеңіздер деп ортаға Бастауыш сынып бірлестігін шақырамыз.

— Бүгінгі салған дара жолы жайлы айтылған ұстаз құрметіне шәкіттері 9 сынып оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар.

P. S
Апай, Сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа жауап берсеңіз.
1. Сіз ашуланасыз ба? Қандай сәттерде?
2. Ұстаздық ұстанымыңыз…
3. Бүгінгі таңда сіз бағындырған белес?
4. Қандай жағдайлар сізді өкпелетеді?
5. Сіздің мінезіңіз қандай?
6. Кімге сыр айтасыз?
7. Мұғалімнің бойында қандай қасиет басым болу керек?
8. Болашаққа деген сеніміңіз?
9. Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?
10. Бастауыштың керегесі, босағасы, тұтқасы неде деп ойлайсыз?
11. Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты ма?

Рахмет апай! Бұл көп жылдар бастауыш сынып мұғалімі боп ұстаздық еңбек еткен ………………………………………………………………………………………………………………дара жолы болатын. Өмірде әркімнің өз жолы бар, алайда оны дара ету әркімнің өз қолында деп кешті аяқтағым келеді.

Зейнетке шығумен құттықтау тілектер
Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр — ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші — кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай — сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы — Отанда, ұл — қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын — туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу — күлкісіне, ұл — қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Басқа материалдар: 

  1. Туған күнге арналған тілектер
  2. Туған күнге арналған тілек пен құттықтау
  3. «Қош келдің, Наурыз!» /Тәрбие сағатының сценарийі/
  4. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
  5. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  6. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні! балабақша мерекелік ертеңгілігі
  7. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты
  8. 22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий
  9. Қош келдің, әз Наурыз! (балабақша ертеңгілігі)
  10. Наурыз – жыл басы (Мерекелік кеш сценарийі)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ