Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық-семантикалық түрлері

0
2552
Иллюстрация: Freepik.com

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жағынан іштей түрлерге бөлінеді. Ол түрлердің грамматикалық ерекшелігі олардың компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтарға  байланысты көрінеді.

Құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар грамматикалық мағынасы жағынан бірдей емес. Олар грамматикалық мағынасы  жағынан мынандай топтарға бөлінеді.

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар: және, сонан соң, әрі, да, де.
  2. Қарсылықтық жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, сонда да, онда да.
  3. Себептік жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң, өйткені.
  4. Талғаулық жалғаулықтар: не, немесе, болмаса, (не болмаса), әлде.
  5. Көп функционалды деп жалғаулығы. Жалғаулықтар құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыру қызметін орын тәртібі, интонация амалдарымен бірігіп атқарады.

Аталған жалғаулықтар тобының қатысуына сай салалас құрмалас сөйлемдер мынандай грамматикалық, семантикалық түрлерге бөлінеді.

  1. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  2. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Себептік салалас құрмалас сөйлемдер
  4. Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер
  5. ден жалғаулығының қатысуымен құрылған салалас құрмалас сөйлемдер

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  3. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  4. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  6. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  7. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  8. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  13. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  14. Екі негізді сөйлемдердің топтастырылу парадигмасы
  15. Салалас құрмалас сөйлемдердің негізгі грамматикалық түрлері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ