Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі

0
3845
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Бұл пікірді 1838 жылы М. Шлейден жəне Т. Шванн постулат түрінде дəлелдеді. 

Тірі ағза жасушаларында барлық химиялық процестер жүріп жатады. Жасушаның қызметін фабрика қызметіне теңеуге болады.

Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай жасушаларды екі класқа бөледі. Құрылысы қарапайым болатын жасушалар прокариоттар, олардың негізгі қасиеттерін бактериялар мысалынан қарауға болады. Бұлардың құрылысы қарапайым, кіші өлшемді.

Бактериялар қажетті энергияны қоршаған ортадан алады жəне бұлар үшін энергияның қайнар көзі – глюкоза.  Жасушалардың екінші класы – эукариоттық жасушалар.

Бұлардың мөлшері прокариоттардан 10-15 есе үлкен болады. Эукариоттардың жасушаларында түрлі функция атқаратын органеллалар бар: ядро, митохондриялар, пероксисомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, цитоплазма, эндоплазмалық тор, рибосомалар, хлоропластар, биологиялық мембраналар.

Жасушалардың барлығы қабықшамен – жарғақшамен қапталған. Жарғақшаның белокты қабаты амин қышқылдардың, көмірсулардың жəне жасушадағы өзге де заттардың сыртқы жəне ішке тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Цитоплазма — барлық жасушаларда болатын сұйық зат.

Ядро дегеніміз – бұл жарғақшалы органелла. Оның ішінде ядрошырын сөлі – кариоплазма болады. Ядрошырын сөлінің ішінде ядрошық жəне ДНҚ-дан құралатын хромосомалар жүзіп жүреді. Олар белоктардың құрылысы туралы тұқым қуалайтын
ақпараттарды сақтайды.

Эндоплазмалық тор (ретикулум) (ЭПТ) – бұл цитоплазма дағы өзекшелер жəне қуыстар жүйесі түріндегі жасуша органелласы.

Əдетте рибосомалар эндоплазмалық тордың жарғақшасына жабысады.

Лизосомалар — жануар жəне саңырауқұлақ ағзаларының жасушаларында кездесетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешіктер. Лизосомаларда жасуша метаболизмінде пайда болған өнімдерді ыдырататын ферменттер жинақталған, лизосома сұйығының рН~4,5
шамасы гидролиздің тиянақты жүруіне себеп болады.

Пероксисома – органелла, мұнда органикалық қышқылдарды тотықтыратын ферменттер, каталаза, пероксидаза ферменттері жинақталған.

Рибосомалар – РНҚ жəне белоктардан құрылған мөлшері 20 нм болатын жасушаның ұсақ органелласы. Рибосомаларда белоктар синтезі жүреді.

Митохондриялар – біржасушалы жəне көпжасушалы ағзалардың барлық жасушаларында болатын органелла. Митохондриялардың ішінде ДНҚ, РНҚ жəне цитоплазмалық рибосома лардан өзгеше рибосомалар кездеседі. Митохондриялар
жа су шалардың энергетикалық станциясы деп аталады. Митохон дрия лардың саны, пішіні, мөлшері жасушаның метоболит — тік статусына тəуелді.

Хлоропластар – хлорофилл пигменті болатын жасыл пластидтер. Хлоропластарда фотосинтез жүреді – күн энергиясы АТФ жəне көмірсу молекулаларының химиялық энергиясына айналады.

Биологиялық мембраналар, ең алдымен, жасуша метаболизмінің биохимиялық, жасушалық жəне физиологиялық деңгейдегі интеграциялық жəне дифференциялық жүйесі. Биомембранасыз АТФ-тың синтезі, гормондардың зат алмасуға əсері т.б.
процестер жүрмейді.

Жасушалық жəне субжасушалық деңгейде мембранасыз ядроның, митохондрийдің, лизосомалардың, цитоплазманың өз қызметтерін істеуі мүмкін емес.

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Ағзалардың химиялық құрылымы
  2. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  3. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  4. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  5. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  6. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  7. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  8. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  9. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ