Жеңгем және мен (Сайыс сабағының жоспары)

0
4257
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір — біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге үйрету.

Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, асық, мадақтамалар, сыйлықтар.

Барысы:
1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Ата дәстүр – асыл қазынам
4. Жеңешем әзірлеген дастархан
5. Үй тапсырмасы
6. Аталар айтқан асыл сөз

Мұғалім: Құрметті асыл аналар, құрметті ұстаздар, қыз — қызғалдақтар. Көгіміздегі бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді. Ана! Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар. Асыл аналар! Көктем бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» Әсел және Қарлығаш

1 — жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты көрерменім,
Көрсетеді өнерін өрендерім.
Біз сайысқа кетеміз қадам басып
Алдыменен алайық амандасып.
Жұлдыз болып жарқыраймыз,
Шырақ болып маздаймыз.
Шалқытамыз достарды,
Балқытамыз тастарды,
Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің.

2 — жүргізуші:
Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар,
Шәкіртіне білім нұрын шашқандар.
Армысыңдар, жеңгелері қыздардың,
Сахнаға сайысуға келіп жеткен.

1 — жүргізуші:
Армысыңдар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ — даңқың.
Қарсы алайық қыздарды жеңгесімен
Ұстаған қазағымның ата — салтын.

2 — жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі мерекелік «Жеңгем және мен» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Жеңгем және мен» атты жеңгелер мен қыздарымыздың сайысына қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.
(музыка ойналып тұрады. Ортаға жеңгелер мен қыздар шығады. Сайысқа қатысушы жұптар: 1)
2)
3)
4) )

1 — жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1 — жүргізуші:
1)___________
2 — жүргізуші:
2)___________
1 — жүргізуші:
3)___________
2 — жүргізуші:
Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған қағаздардан таңдауларыңыз сұралады. Алған номерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.

1 — жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.

2 — жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

1 — жүргізуші:
Жеңгелері мен қыздарымыздың таныстыруына кезек береміз.
(әр жұп өздерін таныстырып өтеді)
1)
2)
3)
4)
5)
2 — жүргізуші:
Шырақтатып шырқатып, тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғай — ды.

1 — жүргізуші:
Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпақ
Сарқылмасын бойларыңда таланттарың,- деп өнерлі жігіттер Мейіржан мен Қанатқа кезек береміз. (Мейіржан мен Қанат «Мама» өлеңімен)

2 — жүргізуші:
Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» — деп кезекті өнерлі Жеңгелеріміз бен қыздарымызға береміз.

1 — жүргізуші:
Яғни келесі бөлім «Өз – өнері»
1)
2)
3)
4)
5)

2 — жүргізуші:
«Ана – таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән» дей келе біз «Ана туралы жыр» әнімен Мадинаны ортаға шақырамыз.

1 — жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.

2 — жүргізуші:
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабаның
Алып келді осы күн

1 — жүргізуші:
Ата дәстүр – асыл қазынам
Енді біз асыл Жеңгелеріміз бен қыздарымыздың қаншалықты ата дәстүрін білетіндігін тексермекпіз.
Бұл бөлімнің шарты әр жұпқа 2 сұрақтан беріледі: әр дұрыс жауапқа 5 балдан

2 — жүргізуші:
Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды таңдасаңыздар
№1
1) Қымыз — мұрындық қандай мереке?
(қымыз — мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады. Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман — саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды.
2) Қайын сіңліңізге ат қойдыңыз ба? Қалай атадыңыз және не себепті олай атадыңыз?
№2
1) Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)

2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
(келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
№3
1) Талмоншақ дегеніміз не?
(тақияға, сырт киімге бірнеше рет орап тағылатын моншақ)
2) Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
№4
1) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.)
2) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)
1 — жүргізуші:
Ал халайық, ықыласпен демейік,
Әділдікпен бағаларын берейік, — деп аруларымызбен жеңгелері сұраққа жауап тапқанша қазылар алқасынан алдыңғы екі бөлімнің бағасын сұраймыз. 1 — ші бөлім «Таныстыру»
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
2 — жүргізуші:
2 — ші бөлім «Өз — өнері»
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
1 — жүргізуші:
Ал енді жұптарымыз дайын болса жауаптарын тыңдап көрейік
1 — ші жұп
2 — ші жұп
3 — ші жұп
4 — ші жұп
2 — жүргізуші:
Енді бір топ оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыздар: Би «Қара жорға»
1 — жүргізуші:
Ас — адамның арқауы
2 — жүргізуші:
Я шынымен да, олай болса келесі кезекті «Жеңешем әзірлеген дастархан» бөліміне кезек берейік
1 — жүргізуші:
Әр жеңге өзі әзірлеген ас түрімен таныстырып өтсе
1 — жүргізуші:
Ортада Дана «Жан ана» әнімен
2 — жүргізуші:
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер.» деп аталарымыз айтып кеткендей
1 — жүргізуші:
Он саусағы майысқан шеберлерде көп бізде
2 — жүргізуші:
Олай болса кезекті «Үй тапсырмасына» береміз әр жұп өз тапсырмаларын түсіндіріп айта кетсе
1 — жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы талқылап бағаларын бергенше біз кезекті әсем күйге берейік
2 — жүргізуші:
Жарайды, ендеше ортаға «Балбырауын» күйімен сыныбымыздың бір топ өнерлі қыздарын шақырамыз. (Дана, Айдана, Мадина)
1 — жүргізуші:
Енді әділ қазы алқаларынан алдыңғы 3 бөлімнің бағасын сұрайық
3 — ші бөлім «Ата дәстүр – асыл қазынам»
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
2 — жүргізуші:
4 — ші бөлім «жеңешем әзірлеген дастархан»
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
1 — жүргізуші:
5 — ші бөлім «үй тапсырмасы»
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
2 — жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер
Бір — біріңе еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Бір таласып көріңдер,- жеңгелеріміз бен аруларымыз мақал — мәтелдердің жалғасын тапсын
1 — жүргізуші:
Олай болса «Аталар айтқан асыл сөз» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімнің шарты мақал — мәтелдерді бірінше боп жалғастыру керек және әр дұрыс жауапқа бес балдан
2 — жүргізуші:
Жақсы олай болса бастайық
1. Бір жақсы қыз
(Екі жаман ұлға татиды)
1 — жүргізуші:
2. Шешеге қарап қыз өсер
(Әкеге қарап ұл өсер)
2 — жүргізуші:
3. Әке тұрып ұл сөйлесе
Ер жеткені болар
(Шеше тұрып қыз сөйлесе
Бой жеткені болар)
1 — жүргізуші:
4. Ұлға отыз үйден тыю
(Қызға қырық үйден тыю)
2 — жүргізуші:
5. Өз балаң өзектен тепсеңде кетпейді
(Кісі баласы кісендесең де тұрмайды)
1 — жүргізуші:
6. Астың сәнін тұз келтірер
(Ауылдың сәнін қыз келтірер)
2 — жүргізуші:
7. Әйел – үйдің ажары
(Бала – үйдің базары)
1 — жүргізуші:
8. Келінім саған айтам
(Қызым, сен тыңда)
2 — жүргізуші:
9. Бірінші байлық – денсаулық
(Екінші байлық – ақжаулық)
1 — жүргізуші:
10. Ананың сүті – бал
(Баланың тілі – бал)
2 — жүргізуші:
11. Ақ шашты ана:
«Жастығын – балам» дейді.
(Ақылды бала:
«Ай күнім – анам» дейді)
1 — жүргізуші:
12. Ат болатын құлынның
Бауыры жазық келер,
(Адам болатын баланың
Маңдайы жазық келер)
2 — жүргізуші:
Ал енді кезекті тағы бір әсем күйге берсек ортада «Ерке сылқым» күйімен Аяжан
1 — жүргізуші:
Әділ қазы алқаларынан 6 — шы бөлім «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінің бағасын сұрасақ
1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа
2 — жүргізуші:
Енді әділ қазы алқалары сайысымыздың қорытындысын шығарғанша, біз тағы да бір жақсы әуен тыңдайық:
1 — жүргізуші:
Ортада Қырмызы «Асыл ана» әнімен (осы кезде артында бір топ бала мұғалімдер мен аналарға гүл таратады)
2 — жүргізуші:
Ұстазым — екінші анам, аялаған
Біздерден бар білімін аямаған
Күнде құшақ жаяды алдан – деп біз аяулы ұстаздарымызды құттықтап мына бір әсем әуенді өздеріңізге ұсынамыз(топ оқушы)(ұстазым әнімен)
1 — жүргізуші:
Сыныптың жастарына көз тимесін
Бұл жұптарға ешқашан сөз тимесін
Рабиға мен Қырмызы, Айданалар ән шырқаса
Дана мен Әсел дөңгеленіп би билесе
Мадина, Марина, Маликалар сіздерден қалыспайды
Инабат пен Қарлығаш ән шырқайды
Білімменен таңдатып Аяжан, Әминамыз
Өнерін көрсетуге жалықпайды
2 — жүргізуші:
Аяжанды ортаға шақырамыз
1 — жүргізуші:
Ендгі сөзді әділ қазылар алқасына берсек
2 — жүргізуші:
Ардақты аналар, жеңгелер, қымбатты ұстаздар алдағы келе жатқан Аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын!
1 — жүргізуші:
Жеңгелер – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен
«Алғысқа бөлене бер» деп тілейді біздің жүрек.

Мұғалім:
Міне, аналарымыз бен жеңгелерімізден тәрбие алған аруларымыз ибалы, инабатты, әдепті, бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болып өсетіні анық. «Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге»деп Сәбит Мұқанов айтқандай аналар, жеңгелер гүл болып шешек атса, арулармыз гүл болып әлемге шашылары анық.

Басқа материал: 

  1. «Қош келдің, Наурыз!» /Тәрбие сағатының сценарийі/
  2. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
  3. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  4. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні! балабақша мерекелік ертеңгілігі
  5. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты
  6. 22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий
  7. Қош келдің, әз Наурыз! (балабақша ертеңгілігі)
  8. Наурыз – жыл басы (Мерекелік кеш сценарийі)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ