Ақтамберді Сарыұлы өмірі мен шығармашылығы

0
2859
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің Найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығынан хабардар ететін Қ.Халидовтың “Тауарих хамсасының” берер дерегі.

Дулат Бабатайұлының “Ер Еспембет” дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде туған көркем сөз иесінің “Уа, қарт Бөгембай” туындысының әлеуметтік мазмұны. Автордың “Жағалбай деген ел бар”, “Атадан тудым жалқы боп”, “Жеңіме жамау түскенін” шығармаларының ағайыннан жас кезінде көрген қорлығын, жарлылығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген “Әділ жан болғым келеді”, “Әкем көрген зорлықты” туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.

Жырау туралы мәліме берушілер оны бұрынғы Семей губерниясының Аягөз аймағында өмір кешкен деп біледі. Руы Найман. Әкесі-Сары, анасы Сырбике деген кісілер болған. Өз заманында ғана емес, кейінгі сөз қадірін білетін, азаматтың  азаматтығын сыйлайтын жұрттар оны қабырғалы қауымның бетке ұстар абырой-айбыны деп білген.

Жырау есімінің тек Дулат Бабатайұлының дастанында ғана емес, Жетісудың әйгілі ақын қызы Сараның шығармасында да аты аталуының бір себебі осында.

Әрине, Ақтамберді шығармаларын жинау кеш қолға алынды. Автор шығармаларының баспа бетінеде жарық көруі 1935 жылғы «Әдебиет майданы» журналының 1-ші санында жарияланған «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп аталатын туындыдан басталады.

Осы туындының көркем нұсқасы болып саналатын бір жырды ұлы қаламгер Сәбит Мұқанов өзінің 1942 жылғы » ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің очекртерінде» белгілі айтыскер ақын Шашубай Қылқарбайұлының ауызынан жазып алып бастырғаны мәлім. Жалпы Шашубай ақынның Ақтамберді мұрасының елге танылуына сіңірген еңбегі еленуге тұрарлық. Онан беріде Академияның М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорындағы Әзімбай Бижанов, Сейсен Сепбосынов, Сәрсенбек Нұрпейісов, С.Алыбаевтардан жазып алынған нұсқалар негізінде «Ертедегі әдебиетнұсқалары»,»Алдаспан»,» ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарда автордың бірсыпыра шығармалары жарық көрді.

Жырау мұрасының әдебиет тарихында сөз  болуы әр алуан көлемде М.Әуезов, С.Мұқанов, х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ә.Дербісәлин, т.б. еңбектерімен байланысты деп танылуға лайықты. Ал, жалпы алғанда Ақтамберді шығармаларынан өз заманының талабына сай жыр толғап өткен тек жақын-жуыққа ғана емес, жалпы халқына ілтипатты батыр тұлғалы, кемеңгер ойлы шығармашылық тұлғаны қиналмай танимыз.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  2. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  5. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  6. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  7. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  10. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  11. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  12. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  13. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  14. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  15. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ