ХVІІІ ғасырдағы алапат оқиғалар және Бұқар жырау шығармашылығы

0
939
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азаматтық, шығармашылық еңбегінің орасан екендігі баршаға аян. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде Бұқар ұстанған принцип өте көрегендіктің үлгісі болатын. 

Жыраудың Бөгембай батыр ерлігін әспеттейтін шығармаларының өзінде сол заманның талай шындығы жатыр. Оның Абылай ханның ерлік жолын көрсететін туындыларының өзі сол заманда  өмір кешкен Тәтіғара, Үмбетей, Ақтамберді шығармаларынан мазмұны жағынан біраз өзгеше.

Ал, Үмбетей жыраудың Абылай ханға Бөгембай өлімін естіртетін шығармасында жырланатын ХVІІІ ғасырдағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебне келсек, мұның өзі Бұқар жыраудың ұлы дипломатиясын көрсетеді.

Сондықтан, Абылайдың  Ресеймен араздасқан тұсында Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануында да ерекше көрегендік жатыр. Оның Еділ бойы қалмақтарымен арадағы соғыстың жай-күйінен, Убаши мен Ераншы, Серендер хәлінен Қасым Абылайұлының өмірге келген сәтінен мәлімет беретін туындылары өзінің тарихи деректілігі тұрғысынан кімді де болса ойландырарлықтай құндылығы мол туынды.

Бұқар өлеңінің  Қалмақ АССР тарихында айтылатын Мойынты өзені бойындағы Убали ханның Абылайдан бодандық сұрайтын әңгімесінің түп төркіні бір фактіден бастау алатындығын ерекше айту керек сияқты. Өйткені, Мойынты мен Іленің құяр сағасының арасы әнебір қашық емес жер.

Оның Убашы Алтайға Балқаш көлінің батысымен, яки Іленің осы көлге құяр сағасына қарай жылжи отырып, ілгері асқан. Және Бұқар жыраудың «Лабашы деген бір еліні  антыменен улатқан» деп, Убашы жұртының тәуелділікке өздері мойын сұнып, ант бергенін аңғартқаннан соң, Ераншы мен Сереннің «тозғындағанын» айтуы тегін емес. Бұл жерде жырау, сөз жоқ, бодандық сұраған қалмақ елшілігінің Серен кісілері екенін, ал, Сереннің Убашидың ең жақын әлеуетті серігі екенін анық байқаған деп түсінуге болады.

Сол жолы Еділ қалмақтарын сүріндіргеннен кейінгі әңгіменің қорытындысын Бұқар жырау бір толғауында «Үшбу ерден бекдарун, Жасылкелге маслихатқа келтіріп»,-дегенжолдармен жырлай кеп, Абылайды ақсүйектері мен батырларна барлық олжаны үлестіруші қып көрсетеді.

Және осы жолғы дүние-мүлік бөлісуде Абылайдың өзіне алған қалмақ қызынан Қасым туғандығын хабарлайды. Абылайдың сол ұлына құтты болсын айта барғанда атынан Бұқар жырау, сондағы қанды жорықты, ондағы Абылай қасында болған Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек, Тілеуке, Қылышбек, Сатай, Наурызбай, Қаумен, Дәлет, Жәпек, Сеңкібай,Шойбек, Таңсық қожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл батырлардың есімдерін тізбектей, жаудың құтын қашырғандығына кеңінен тоқталады. Ал, бұл жайлардың шынайылығы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген еңбектерде айқын көрінеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХV-ХVІ ғасырларға ортақ әдеби мұра авторы
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ