Ағылшын тілін әлі күнге дейін үйренбегеніңізге не себеп?

0
771
Иллюстрация: Freepik.com

1-Себеп: адамдар өте жалқау және тұрақтылық жоқ. Ағылшын тілін ертеңнен бастаймын, келесі аптадан бастаймын, келесі ай «точно» бастаймын, 2021-жылы жаңадан жақсылап бастау керек, — деген сылтауды өте көп естідім. Ағылшын тілін үйренуді дәл бүгін, дәл қазір бастау керек (бұл кез-келген өзге іске де қатысты).

Ал енді ағылшын тілін оқуды бастаған жандар ұзаққа бармай 1-2 айда тіпті аптаның ішінде оқуды жалғастыруды тоқтатады. Яғни тұрақтылық жоқ. Көп адам, мысал үшін, pre-intermediate деңгейін бітіріп алып, 6 айдан кейін intermediate деңгейінен бастағысы келеді. Өкінішке орай тіл үйрену банктегі депозит сияқты емес, әр жарты жыл сайын үстінен тағы ақша салып көбейте беретіндей. Тіл тұрақты түрде практикада болмаса ұмытылады.

2-Себеп: Адамдардың айқын мақсаты жоқ. Мен әлеуметтік желіде күніне бір адамнан 1 message аламын. «Ағылшын тілін қалай үйренсем болады?!» — осы басты сұрақтары. Мен олардын былай деп сұраймын: «Сіздің ағылшын тілін үйренудегі мақсатыңыз не?». Өкінішке орай ешқайсысы жөнді жауап бере алмайды. «Енді үйрену керек еді» дегеннің айналасы. Ағылшын тілін үйренуде сіздің айқын мақсатыңыз болу керек. Ол міндетті түрде үлкен болуы қажет емес. Бірақ бір мақсатыңыз болу керек және сол мақсатқа жету үшін жұмыс істеуіңіз керек.

3-Себеп: Кейбір адамдар өзінің ағылшын тілі деңгейіне риза. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар, себебі позитивті боласыз. Алайда ары қарай дамымайсыз. Жалпы ағылшын тілін үйреніп алу деген түсінік қате. Үйреніп алу дегенді қалай анықтаймыз? Ол IELTS 8.5-9.0 баллы ма? Әлде акцентсіз сөйлеу ма? Мүмкін ағылшынша түс көру шығар? Демек, ағылшын тілін үйреніп алу деген түсінікке басқаша қарауымыз керек. Кейбір адамдар белгілі бір деңгейге жеткен соң, соны қанағат тұтады. Тіпті шет елде бірнеше жыл тұрып жатқан, бірақ «th» дыбысын дұрыс айта алмайтын адамдарды талай кездестірдім.

4-Себеп: Өзіне деген сенімділіктің тым көптігі. Менің бір байқағаным кейбір ағылшын тілін үйренушілер native speaker-лерді 30%-40% түсіне бастағанда өздеріне тым қатты сенімді болып кетеді де, өзге мұғалімдерді, тіл мамандарын, лингвистерді, педагогтарды сынай бастайды. Яғни сол 30%-40% оларға 70%-80% болып сезіледі. Әрине адам өзіне сенімді болуы керек, бұл тіл үйренуде өте жақсы, бірақ өзге мамандардың кеңестерін елемеу ағылшын тілі деңгейінің дамуын тежейді.

5-Себеп: Инвестиция жасамайды. Көпшілік барлық нәрсені тегін алғысы келеді. Мейлі ол кітап болсын не тіл курсы болсын. Әйтеуір тегін вариантты іздестіріп жүреді. Бірақ ешқашан ақша шығарғысы келмейді. Әлбетте логика бар, тегін болса жақсы емес пе? Сәл қателесесіз. Психологиялық тұрғыда тегін алынған нәрсе мен ақша төлеп алынған заттың құны екі түрлі болады. Немесе сіздің сол затқа деген қарым-қатынасыңыз, көзқарасыңыз өзшеге болады. Мысалы: ағылшын тілінен тегін материал алсаңыз оны оқуыңыз екіталай, ал дәл сол материалды ақша төлеп алсаңыз, кем дегенде, сол төленген ақша сізді сол материалды оқуға итермелейді. Бір өзіндік мотивация пайда болады.

6-Себеп: Керісінше тым көп ақша құртады. Менің кейбір достарым ағылшын тілді шетелде 4-5 жылдай тұрып, сол жерде тіл курстарына ақша төлеп, одан кейін Университетке түсіп, бірітіп келген соң ағылшын тілі курстарына бара бастады. Енді бұл таза ақымақтық. Бұл жәй ғана мысал. Бұдан бөлек Қазақстанның өзінде жүріп, бір ағылшын тілі орталығына айлап не жылдап барып жүрген адамдарды көрдім. Өкінішке орай еш өзгеріс жоқ. Егер ол тіл курсы саған пайдалы болмаса, ақша құртуды доғар. Ал одан бұрын проблема өзіңде болуы мүмкін.

7-Себеп: Мәселе өзіңде! Ешқандай мықты мұғалім сені ағылшынша сайрата алмайды. Тіл үйрену процессінің 75% студенттің өзіне байланысты, ал қалған 25% ғана мұғалімнің еңбегі. Мұғалім жәй ғана үйлестіруші! Ол саған тек ағылшын тілін үйренуге деген жағдай жасаумен шектеледі. Егер сенің ниетің болмаса, бәрі де бекер.

Басқа материалдар: 

  1. Ағылшын тілінде аудиокітаптарды қайдан тыңдауға болады?
  2. Ағылшын тіліндегі электронды кітаптарды қайдан іздеуге болады?
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Таргетологтың қызметі қандай?
  12. Контекстолог деген кім
  13. Ағылшын тілінде деңгей бойынша қандай кітаптар оқуға болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ