Абылай заманының жауынгер жыршылары

0
1122
Freepik.com

Тәтіғара шығармашылығы туралы Ш.Уәлиханов пікірі. “Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын кең құрсақ” жырларының Тәтіғараның Жорық жыршысы болғандығын дәлелдейтіндігі. Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтатындығын көрсететін туындылары.

“Бөгембай өліміне”, “Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту” жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарға, Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азаматтық-кісілік, парасат мәселесі.

Қазақтардың жоңғарлармен арада өткен айқас жолы «Ақтабан шұбырындыдан» бергі уақыттың өзімен есептегенде (1723-1758 жылдар) отыз бес жылды қамтитын ұзақ мезгіл. Бұл жолда Сауық, Бөгембай, Тайлақ секілді талай батырдың ерлігін халқы аңызға айналдырды. Солардың ішінде ұзақ жасағаны да, тарих аренасында ұзақ көрініп, небір шоқтықты оқиғалардың басты кейіпкерлерінің бірі болғаны да-Қанжығалы Арғыннан шыққан Бөгембай батыр. Сол тұстың әдебиетінде барынша жиі жырланғаны да осы кісі.

Ал, ол жайлы шығармалар ішіндегі ең мәлімі Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың батырдың өлімін Абылай ханға естірткен толғаулары мен Үмбетейдің «Бөгембай өліміне» атты жоқтау жыры. Мұнда Бөгембайдың сол кездегі Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай сынды батырлармен бірге тізе қоса отырып жаудан қазақ жеріне еткендігі жырланады.

Әрине, авторлары адамдар болғандықтан Бөгембай өліміне байланысты естірту, көңіл айту жырында Үмбетей мен Бұқардың өзара айырмашылығы-бірінің айтқанын екінішісінің ауызға алмайтын жайлары кездеседі. Бірақ, олардың екеуі де бір жайға-марқұмның негізінен қалмаққа қарсы тәуелсіздік күресі жолында айрықша роль атқарғандығына баса назар аударып, екеуі де батырдың жаумен айқасып жеңіске жеткен мекендерінің атын санамалайды (Тарбағатай белі, Ақшәулінің өрі, Баянауыл, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстау, т.б.). Мұндағы назар аудартуды тілер жай-осы деректер түгелдей дерлік ақиқат.

Сондай-ақ, Үмбетей туындысында Абылайдың 1730 жылғы Аңырақай оқиғасы кезеңдегі ерлігі, Қалмақтарға тұтқын болып Ташкент түрмесінде жатқандығы, т.т. жайлар эпос үрдісімен жырланады. Сонымен бірге тарихқа негізделген автордың атынан алынған жайларда жырау шығармасында кейіпкерді аспандатып көрсету мақсатында көрініс табады.

Ал, мұның өзі Бәке, Жауқашар, Бұқар жыраудың бәйбішесі біраз адамның бойындағы мінін бетке басып жырлаған Үмбетейдің шығармашшылық қарымының кеңдігін көрсетеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары
  2. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  3. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  4. Көркем троптар, олардың түрлері
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  9. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  10. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  11. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  12. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  13. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  14. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  15. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  16. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

ПІКІР ҚАЛДЫРУ