ХVІІІ ғасырдың ақырғы ширегіндегі дала жыршылары

0
650
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қобылан Бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері. Мақал-мәтелге айналып кеткен туындылары. Ақынның ХVІІІ ғасырдағы қазақтардың жоңғарлармен, торғауыттармен арада өткен айқастарда қол бастаған аруақты ер батыр Баянды жырлауы.

Саққұлақұлы Нұралыға арнаған шығармасының өз кезінде аса өткір айтылған туынды болып есептелетіні. Сондай-ақ, Қобыланның жарлылықты, жоқшылықты жырлаған туындыларының қоғамдық теңсіздікті қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып жеріне жеткізе өрнектеген автор болып табылатындығы.

Кәрілікті жырлаған ақын шығармаларының Бұқар жырау, Шал ақынның осы мәселеге арналған туындыларынан тақырыптық тұрғыдан ұқсастығы мен айырмашылығы.

ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінде Бұқар жырау секілді ханға да, қараға да құдайшылық әділ сөзін айтып өткен абыздардың лебізін тыңдап өскен Көтеш ақынның әдебиетте атын қалдырған бірегей шығармасы: “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, есіл ер жазығы жоқ, неге өлтірдің? Хан басың қарашыңмен даулы болып, үстіне ақ орданың қол келтірдің.

Абылай, күйіп кетті салған қалаң,Мейірманға не еді сенің жапқан жалаң? Жанайды бұл күнде сен босатпасаң, болады ертең жесір қатын-балаң” дейтіннің орны ерекше. Өйткені, бұл Ш.Уәлиханов жазғандай, халық құрылтайы шешетін өлім жазасын өзі кесетін өз тұсындағы хандардың бірде-бірінде жоқ шексіз билікті иеленген Абылайдың әрекетіне жасаған елдің қарсылығын білдіріп айтылған жыр болатын.

Ал, тарихта Абылайдың Қаракесек Ботақан мен Жанайды зынданға салдырып, Ботақанның өзін-өзі жарып өлтіріп, Абылайға қарсы бүкіл бес Мейрам балаларының (Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек) көтерілген оқиғасы-Жоңғар Шапқыншылығына қарсы күрестің қолбасшы батыры Сүйіндік Арғын Олжабай батыр жайлы жырдың бір тармағында сөз болады. Аталмыш туынды қазақ жұрты үшін ересен еңбек еткен, тарихи ұлы тұлға Абылайдың қазақ әдебиетінде ылғи да сүйкімді бейне жырланбағандығына, ал Көтеш сынды сол кезде ұлық жыршыцлардың басы болмаған шығармашылық тұлғаның тәуекелі зор кісі екендігін көрсету үшін қажет (Мәселен, Шал ақынның “Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің” дейтін Абылайға қарсы айтылытын туындысы секілді).

Ақынның сонымен қатар ел арасын бітістіру мақсатында Шоң мен Шорманға арналаған,т.б. келелі мәселелермен байланысты туындылары бұл авторлардың ХVІІІ ғасыр әдебиетіндегі елеулі тұлға екендігіне куәлікетеді. Сондай-ақ, жас жағынан келгенде Көтештен біраз кіші Қобылан Бөрібайұлының Жоңғар хандығына қарсы он үш жасында қол бастаған Баян батырдың ерлігін жырлаған шығармасы мен атақты Бөгембай батырдың ұрпағы–Саққұлақұлы Нұралының мінін паш ететін туындысы да сол замандағы ақындардың кісілік пен кісәпірлікке көз жұмып қарай алмағандығы дәлел бола алады.

Оның қазақ елінің қай атырабында да ерекше сезіммен айтылатын “Әудемжер” атты шығармасы ақынның өз кезінде ән шығарған сазгер ақын болғандығына куәлік етеді. Сонымен бірге  “Қайтып келген қыз жаман, төресі теріс би жаман”, “Қадір-құрмет тоқтықта, ашу, араз-жоқтықта” секілді мақал-мәтелге айналып кеткен нақыл сөқздері де автордың қоғам болмысын, адамдар жай-күйін жіті байқап, содан түйген ойларын халық санасына тез ұялар оралымды етіп бере білген шығармашылық тұлға екендігін аңғартады.

Шал Құлекеұлы секілді ақындық өнердің алғашқы өкілдерінің бірі болып Көтеш Райымбекұлы өмірге келген орта, тарихи жағдай. “Жасыбайдың өлімі” атты жау мергені қолынан қапыда өлген Жасыбай батыр туралы жыры, оның қазақ өлеңінен алар орны.  Көтештің “Абылайға, Ботақанды сен өлтірдің” туындысы туралы зерттеушілер пікірі. Қобылан Бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері. Мақал-мәтелге айналып кеткен туындылары. Абыл Тілеуұлының Сүйінғара, Құлбарақ секілді ел қорғаған ерлер туралы толғаулары. Баймағамбет, Қайыпқалиға айтқан сындары. “Қырымның қырық батырын” жырлаушы ретінде Мұрат, Нұрым, Қашаған, Марабай секілді ақындарға жасаған ұстаздық қызметі.

Сондай-ақ, Шерниязбен кездесу үстінде айтылған жыры мен Балдай қызбен, Орақтың қызымен айтыстары. Абыл туралы М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Сыдиықов пікірлері. Шернияз Жарылғасұлы мен Әбубәкір Кердерінің Абылдың ақындығына берген бағалары.                                      

Есет Қараұлының Махамбет Өтемісұлына ұстаз болып саналатындығы. Ақынның әдебиетке алғаш “Мен,  мен,  мен едім” дейтін тіркесті әкелуші болғандығы. Жанкісінің “Қоқан ханына айтқаны” шығармасының тарихи мәні. Жанақ Қамбартегінің Рүстем төреге, Бараққа айтқан жырлары. Жанақтың Найманның Түбек бастаған он алты ақынын жеңген айтыскерлік өнері. А.Янушкевич, Ш.Уәлиханов, Қ.Халидовтардың Жанақ туралы пікірлері,. Кейінгі зерттеушілер лебізі. ХVІІІ ғасырдың жетпісінші жылдарында өмірге келген, шығармашылығы екі ғасырға ортақ Жанкісі, Есет, Жанақ туындыларының негізгі ерекшеліктері.

1846 жылы Жанақ пен Түбек, Орынбай, т.б. арқалы ақындардың елінде болған А.Янушкевич таяу жылдарда өмірден өткен Жанақ туралы тілмаштардың оны атағы елге белгілі әнші-ақын болғандығын, өзінің өнері үшін жамбы, кейде бірнеше түйе алса да дәулеті құралмай өткен кісі болғандығын жазады. Ал, В.В.Радлов болса оның Сабырбай атты бала ақын мен айтысын 1870 жылғы томында жариялаған. Сондай-ақ, ол жырлаған “Қозы Көрпеш–Баян сұлудың” бірден-бір көркем нұсқасы болып саналатын вариантын 1936 жылы М.Әуезов алғы сөз жазып Алматы қаласында бастыртқан.

Ақын өз шығармаларын қобызға қосылып орындаған. Ел аузында сақталған аңызға қарағанда ақын: “Қобызымды қолыма алғанда құдай аузыма не салса, соны айтамын” деп, әбден шабытына келген шағында тек шындықты ғана жырлайтын мінезімен елін тәнті ететін болған. Сол қасиетінен де болса керек, халық оны айтқаны тегін кетпейтін кісі деп есептеген.

Елдің ол туралы осындай пікірге келуіне төмендегідей жағдайдың да себепкерлігі аз болмаса керек: халық көп жиналған бір жиында атынан айырылған ақын: “Жанын берген Жанақтың шұбарын жер, мына адам бұл шұбарды менікі дер. Жақсы атыңды жалғанға сатқан жауды, бір құдай өзің біліп жазасын бер”,-деп , назаланған. Халық оны естіп ақырын күткен. Жанаққа қысастық жасаған кісі ұзамай-ақ опат болған.

Жанақ Шоң бидің тұсында атақты ақын атын иеленген. Ол Шыңғыс Уәлихановтың үйінде думандатып жыр жырлап, қобыз тартқан. Ш.Уәлиханов оны Қаракесек руынан шыққан Қарқаралы округының суырып салма ақыны деп білген. Ұрпақтары бұрынғы Абыралы ауданында тұрады.

Классик жазушымыз Сәбит Мұқанов ақынның айтыскерлігі туралы айта келіп,оны Шортанбай, Мұрат, Марабай, Сүйінбайлар секілді “халықтың жақсылығын дәріптеуші, кемшілігін сынаушы, тарыққанда ақылшысы” деп, бағалайды. Ал, осы баға – ХVІІІ ғасырда өмір кешкен, оқу бағдарламасында шығармалары қарастырылатын барлық ақындарға тән.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Сыпыра жырау туралы мәлімет
  2. ХІV–ХVІІІ ғасырлардағы ұлттық әдебиетіміздің жыраулары мен ақындары шығармашылығының негізгі ерекшеліктері
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  5. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  6. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  7. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  10. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  11. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  12. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  13. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы
  14. Ел аңыздары және жыраулық мұра
  15. Қазақ хандығының құрылу дәуірінен дерек беретін жыраулық мұра

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ