Қадір Мырза Әлі — қазақ поэзиясының пырағы (Әдеби — сазды кеш бағдарламасы)

0
2568

Мақсаты: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу, және ақын шығармашылығын насихаттау. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.

Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру. Талантты жерлес ақынымыздың шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөз асылын түсіне білуге, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру. Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, бейнебаян, слайд

Барысы: Ақынның «Өмір баян орнына» өлеңі оқылып, көрініс көрсетіледі.

Арина: Бүгінгі есімі елге әйгілі Қадыр Мырзалиевтің поэзиясы- сол теңізге сарқылмай келіп, сарқырай қосылған мол сулы арналардың бірі.

Қадырдың дүниежүзілік ақындық асқарына ұмтылуы, қанат сермеуі қай кезде де толассыз.Ол қазақ поэзиясын қайтсем де төр – төбеге, мәртебеге жеткіземін деген асқақ арман, перзенттік ұлы жүректен шыққан шабытшыл ынта.Қадырдың өзі де, сөзі де ойшыл құштарлықтан туындап, ел жүрегінде мәңгі өшпес мекенін тапқан шын мәніндегі ақындық құбылыс.

Ол саналы қазақтың жыр тарланы, ол- санаулы қазақтың тіл маманы, ол-ар- намыс,  ақыл- ойға қуат бергіш дүлдүл ақын.

Қадыр МырзаӘлінің өмірі мен шығармашылық жолын бейнебаяннан тамашалайық!

Бүгін біздің кешіміздің қонағы облыстық мәдениет және өнер орталығының бұқарамен жұмыс бөлімінің маманы Мықиев Талғат келіп отыр. Осыған дейін республикалық айтыстардың жеңімпазы болған айтыскер.

Азамат: Қадыр ағамыздың қай өлеңі болмасын ең алдымен жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың көзқарасы, іс-әрекеті, ақыл-парасатына ықпал етуге бағытталған. Қадыр шығармаларымен таныс болған әрбір ұрпақ өзінің тегі кім, ұлты кім, халқы кім екенін анық сезінері ақиқат. Қазақ халқының әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін, мәдениетін кеңінен дәріптеді.

Осындай өлеңдерінің бірі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін орындайтын 11 а сынып оқушысы, грек – рим күресі бөлімінің тәрбиеленушісі Джумагулов Нурболды ортаға шақырамыз.

Арина: Қадыр Мырзалиев 1958 жылы ҚазМУ — дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етті. Ақынның алғаш өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары шықты.

Азамат: Өткен ғасырдың 50-ші жылдары М.Әуезов саусақпен санарлық жас қаламгерлердің ішінде, Қадір Мырзалиев — болашағынан зор үміт күттіретін ақын деп бағалаған еді. Әр адамның туған жері — өлең төсегі. Өз туған өлкесін жырға қоспаған ақын кемде кем шығар. Қадір- соның бірі.

«Туған жер-ай,  күнім де, дінім де сен» өлеңін оқитын 8а сынып оқушысы, еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушісі Ануарбекова Бейнұр.

Арина: Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман — ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын – соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.

«Домбыра» атты өлең шумағын орындайтын 9ә сыныбы оқушысы еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушісі Амандықов Мерей.

Азамат: Қадыр ақын асыл анасына өз өлең – жырларымен өшпес ескерткіш орнатқан. Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген — Мағыраш апа екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана. Ақын анасынан жырақта жүргеніне қайта – қайта толғанып, анаға деген ыстық. ықыласы мен махаббатын өлең жолдарымен жеткізеді.

«Бәрі де ана» мәнерлеп оқу 8а сыныбы оқушысы, еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушісі Асмамбетова Арина

Арина: «Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», — деп белгілі жазушы, мемлекет, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында, Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.

«Балалық және үлкендік» өлеңін орындайтын 9 а сынып оқушысы, еркін күрес бөлімінің тәрбиеленушісі Есқалиев Алихан.

Азамат«О, далам, менің байтағым!», 9 «а» сынып оқушысы, дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі Уналов Ерлан

Азамат: Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды, өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұтына оқыды. Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды.

Халқымыздың ән ұранына айналып кеткен сүйікті әніміз Атамекенді бәріміз бірге айтайық.

Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.

Бірге: Бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға рахмет.

Қош сау болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. Қадыр Мырза Әлінің «Кәрі қыран» шығармасы (сабақ жоспары)
  2. Қадыр Мырза Әли шығармаларының тақырыбы қандай?
  3. Ерболат Әбікенұлының өмірі мен шығармашылығы
  4. «Өмірзая» романының сюжеті туралы
  5. Жарасқан Әбдірашев қаламынан қандай шығармалар туындады?
  6. «Атау-кере» ро­ма­ны («Қау­іп­ті бу­дан») туралы
  7. Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  8. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет
  9. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
  10. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ