«Ахмет Риза» және «Бағбұстан ханым» қыздар медресесі

0
1497
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Ахмет Риза медресесі — ХІХ ғасырда Семей қаласында болған оқу орны. Оны философия мен ескі шығыс әдебиетіне жетік ғұлама Ахмет Риза ұйымдастырған.

Медреседе шәкірттер діни сабақтармен қатар, шығыстың классик ақындарының шығармаларымен, араб, парсы тілдерімен танысып, арифметика, география, тарих пәндерінен дәріс алған.

Ахмет Риза медресесі шығыс әдебиетін насихаттап, сол кездегі басқа діни оқу орындарынан әжептеуір озық саналған. Бұл медреседе ұлы ақынымыз Абай 3 жыл оқыған.  Ақын осында түрік, араб, парсы тілдерін үйреніп, бүкіл шығыс классиктерінің өлеңдерімен, философиялық ой-тұжырымдарымен танысты.

Оның алғашқы өлеңдерінің айқын шығыс ақындары ізімен жазылғандығы сондықтан.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің шешімі және Мәдениет министрлігінің арнайы хаты бойынша Ахмет Риза медресесі қалалық Абай мұражайы кешеніне енгізілді.

«Бағбұстан ханым» қыздар медресесі (Орынбор) — Бағбұстан Момынованың ұйымдастыруымен 1910 жылы ашылған медресе.

«Бағбұстан ханым» қыздар медресесінде татар, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек қыздары білім алған. Медреседе он жылда 1212 шәкірт оқып, оның ішінде 347 мұғалім даярланды.

«Бағбұстан ханым» қыздар медресесін ұйымдастыруға, оның ғылыми жұмыстарына физика мен табиғаттану пәндерінен оқулық жазған Ғұбайдолла Рдуди және «Ғалия» медресесін ашқан Зия Камали көмектескен.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:

  1. «Айғаным» және «Ғалия» медресесі туралы
  2. Пиньчен шайқасы туралы
  3. Қазақ даласындағы ірі шайқастар. Кир патша мен Дарийдің сақтарға жорығы
  4. Томирис (Тұмар) ханша өмірі туралы
  5. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  6. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  7. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  8. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  9. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  10. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  11. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  12. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ