Ел ішінде «Айран ішкен құталар, аяқ жалаған тұтылар» деген нұсқасы да айтылады. Бұл сөз тіркесі «айып-кінәсіз, нақақтан жазаға душар болды» , — деген мағынада қолданылады.
Өткен заманда екі ұры болыпты. Екеуі бір үйге ұрлыққа түссе, әлгі үйдің айраны бабымен ұйытылған екен. Әлділеуі айранды ішіп қойыпты да, екіншісіне тек шелектегі жұғыны тиіпті.
Шелекті жалап отырғанда, үй иелері келіп қалып, ұстап алыпты. Арғысы ұсталып қалыпты. Ұсталып қалғаны:
— Мен тек шелегін ғана жалап едім, — деп ақталыпты. Үй иелері ұрының бозарған сиқына қарап:
— Айран ішкен құтылар, шелек жалаған тұтылар, — деген екен.
Алма піс, аузыма түс
Бұл сөз ойлаған ойым, тілегім өзінен өзі іске асып, орындалып жатса екен деп, еңбек, әрекеттен қашқан адамдарды сынағанда айтылады.
Баяғыда екі жалқау болыпты. Жалқаулықтары сонша, тіпті, еріндерін қимылдатуға ерінеді екен.
Күндерде бір күні, екеуі алма ағашы түбінде жатқанда, бірінің көзі алмаған түседі.
— Алма піс, аузыма түс! — дейді. Екіншісі оған:
— Ерінбей, жалықпай соны қалай айттың ? — деп ренжиді.
«Алмас піс, аузыма түс» — деген сөз содан қалыпты.
Дереккөз: Қанатты сөз — қазына,
Кеңес Оразбекұлы
Басқа материал:
- Тұрмыс-салт жыры бойынша ҰБТ-да кездесетін 66 сұрақ
- Батырлық пен қорқақтық туралы мақал-мәтелдер
- Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (Бастауыш сынып арасындағы сайыс)
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?
- Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
- Web-дизайнер деген кім?
- Таргетологтың қызметі қандай?
- Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
- Мақал-мәтел, жұмбақ тарауы бойынша ҰБТ-да жиі кездесетін 45 сұрақтың жауабы