Қазақ ханы Мамаш туралы мәлімет

0
3577
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Мамаш хан (Момыш, т.ж.б- 1523 ж) — атақты Қасым ханның ұлдарының  бірі. Әкесі хан болып тұрғанда ол көптеген басқа сұлтандар сияқты ұлыс басқаруға араласады. 

Әскерлер жорыққа аттанғанда қол басқарады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына (1518-1523) Мамаш отырады. Бірақ басқа сұлтандар Мамаш ханның билікке келуіне наразы болып, қарсылық көрсетеді.

Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Мамаштың сұлтандар арасындағы билік үшін күресті тоқтатуға күші жетпейді.  Алайда ол хан тағында бірнеше жылдай ғана отырады. Шайқастардың бірінде оқ тиіп, қатты жарақаттанған Мамаш аттан құлап түседі. Жанындағы адамдар оның құлағанын байқамай қалады. Аз ғана уақыт билік құрған Мамаш осылай қайтыс болады.

Қазақ хандығында Мамаш ханнан кейін де билік үшін күрес тоқтамайды. Талас-тартыс 20 жылдай уақытқа созылады. Мемлекеттің, халықтың жағдайы нашарлап кетеді. Тарихшылар бұл дәуірді «Қазақ хандығының уақытша әлсіреген дәуірі» деп атайды.

Дереккөз:  «Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ