Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері (Дипломдық жұмыс)

0
3652
Иллюстрация: Freepik.com

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты.

Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі.

Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған болатын.

Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес. Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай тудыру — ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми негіздерін зерттеу  осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді.

Оқу лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі, зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты. Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

     Зерттеудің негізгі нысаны – оқу лексикографиясындағы қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігін жасаудың ғылыми-теориялық негіздері, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері.

     Зерттеудің пәні. Тіл білімінде лексикографияның жеке саласы ретінде қарастырылатын оқу лексикографиясы.

     Зерттеу жұмысының дереккөздері.  Дереккөздер ретінде шағын оқу сөздіктерінің отандық және шетелдік үлгілері, оқу лексикографиясының жалпытеориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектер, қазақ лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелер, шағын көлемді оқу сөздігін түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу еңбектері пайдаланылды.

     Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық базасы мен әдіснамалық негізі ретінде осы тақырыпқа қатысты әлемдік лексикография мен қазақ лексикографиясы салаларындағы Л.В. Щерба, В.П. Берков, Ж. Дюбуа, К. Дюбуа, А. Рей, Л. Згуста, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Ю.Н. Караулов, Ш.Ш. Сарыбаев, Б.Қ. Қалиев, М. Малбақов, Р. Түсіпқалиева, т.б. ғалымдар тарапынан жазылған ғылыми еңбектердегі тұжырымды ой-пікірлер алынды.

     Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – жалпылама қолданымға арналып түзілетін, ортақ лексика-грамматикалық минимумға негізделген, құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік лексиканы қамтитын шағын көлемді сөздік түзудің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін анықтау. Аталған мақсатқа жету мүддесі төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

  1. 1. Оқу лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып, оның жалпытеориялық мәселелерін бағамдау;
  2. 2. Отандық оқу лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;
  3. 3. Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты ғылыми-теориялық әдебиетті зерделеу;
  4. 4. Шағын сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты алғанда тілдік сананың лексикалық базасын құрайтын бірліктердің, құрылымдық сөздердің, жалпығылыми базистік сөздіктің құрамын анықтау;
  5. 5. Сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет ету ерекшеліктерін көрсету;
  6. 6. Зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын айқындау.

     Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде ең алдымен қазақ тіл біліміндегі теориялық лексикография мәселелерінің қазақ лексикографиясы тәжірибесіне қатысты алғаш рет жүйелі түрде зерттелуін, екіншіден, біртілді лексикография саласындағы шағын көлемді оқу сөздігінің ғылыми-теориялық, құрылымдық мәселелерінің қазақ тілінде тұңғыш қарастырылуын, үшіншіден, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексика құрамын сөзтізбеде қамту мәселесінің қазақ тіл білімінде тұңғыш рет зерттеліп отырғандығын айту қажет. Осы зерттеме арқылы шағын оқу сөздігіне алынатын базалық лексика құрамын анықтауға мүмкіндік туып отыр.

     Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

— қазақ лексикографиясындағы «оқу лексикографиясы», «оқу сөздігі» атауларының орнына терминдік мәнде «тілүйренім лексикографиясы», «тілүйренім сөздігі»  атауларын  қолданған жөн;

     — 4000 бірліктен тұратын шағын оқу сөздігінде қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексика толық қамтылуы қажет;

— қазақ тілінің лексикалық негізі — инвариант қызметін атқарады;

— базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктер құрамы үш бөліктен құралады (құрылымдық сөздер, ең жиі қолданымдағы лексикалық бірліктер,  ең басты тақырыптық сөздер);

— құрылымдық сөздер — тілдегі лексикалық негіздің өзекті бөлігі;

— біртілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесіне тақырыптық топтар құрамындағы негізгі атаулардың мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет;

— сөздіктің барлық түрінде де дидактикалық интенция басым болады.

     Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеудің теориялық тұрғыдан маңыздылығына қатысты қазақ лексикографиясында шағын көлемді біртілді сөздік түзудің ғылыми-теориялық негіздерінің айқындалып отырғандығын атауға болады. Ұсынылып отырған еңбекте сөз болатын теориялық мәселелер таяу болашақта елімізде түзілетін шағын сөздіктердің ғылыми негізде құрастырылуына мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге, қазақ лексикографиясында шағын жанрларда жасалатын біртілді сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен құрылымының теориялық мәселелерін анықтауға, жалпы оқу лексикографиясы теориясы мәселесінің қазақ тіл білімі негізінде зерделенуіне өзіндік үлесін қосады.

     Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеуде қазақ тіл білімінде тұңғыш рет қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері анықталып отыр. Мұның өзі зерттеудің болашақта жасалатын шағын сөздіктерді құрастыру ісінде басшылыққа алынатын көмекші құрал қызметін де атқара алатындығын білдіреді.

Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілін еліміздегі өзге тілді азаматтарға, шетелдіктерге үйретуде, жалпытілдік және салалық лексикалық минимум сөздіктерін құрастыруда, қазақ тілінің өзге тілді азаматтарға арналған оқулықтары мен оқу құралдарындағы сөздіктерді, салалық минимум сөздіктерін жасауда қолдануға болады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін қазақ лексикографиясы бойынша, лексикографияның тарихына, теориясы мен практикасына байланысты арнаулы курстарда пайдалану мүмкіндігі болады.

     Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер, салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.

     Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, атап айтқанда: “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2005), “Мемлекеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 15 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2008) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып

Талқыланды, сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы лингвистикалық семинарларда баяндалып, түрлі ғылыми басылымдарда 12 мақала жарыққа шықты.

     Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған әдебиеттер тізбесі берілген.

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлігінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің нысаны, пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, жұмыстың талқылануы мен жариялануы туралы баяндалады.

    «Теоретикалық лексикографияның ғылыми негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде теоретикалық лексикографияның құрылымдық негіздері зерттеледі. Лексикографияның теориясы мен тарихы құрамындағы негізгі категориялардың мазмұнына талдау жасалады.

Адам баласының тілі — негізінен сөздерден тұратын тіл. Осыны білгендіктен Ф.Соссюр «сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын» жазған болатын. Осыған ұқсас «Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік» деген тұжырымды орыс ғалымы А.И.Смирницкий де айтқан еді [1].

Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал болып табылады (В.В.Морковкин). Оның үстіне, тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығы белгілі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғайтын тілдесім қызметі деуге болады.

Адамзат қоғамында практикалық лексикографияның пайда болып, сөздіктердің түзіле бастағанына төрт мың жылдан астам уақыт өткен. Ал содан бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі.   Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын айтады.

Расында да, лексикография атты ғылым саласының  XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіндегі академик Л.В.Щербаның еңбегіне дейін [2] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді.

     1.1 Лексикография теориясы мәселелері. Бұл тақырыпшада лексикография теориясында қаралатын «лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны, біртілді оқу сөздігін түзудегі лексикологиялық заңдылықтар («сөздік лексикологиясы»), сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім, сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім, біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім, бастапқы материалдар туралы ілім, сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім жөнінде сөз болады.

     «Лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны. Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект – «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнеріне» балаған болатын.  Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте:  «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада:

1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы;

2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді [3]. О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде:

1) сөздік түзу туралы ғылым;

2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі;

3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы  — деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша, лексикография:

1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы;

2) сөздік түзу ісі;

3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы;

4) елдегі сөздіктердің жиынтығы [4, 4].  Келтірілген анықтамалар бойынша дау айту қиын. Алайда, бұл жерде бір мәселені естен шығармаған жөн. Ол сөздің бастапқы этимологиясына қатысты мәселе. Ол туралы бұдан арғы зерттеу барысында, «оқу лексикографиясы» терминінің мәнін ашу кезінде кеңірек сөз болады.

      Біртілді оқу сөздігін түзу ісіндегі ішкі лексикологиялық заңдылықтар. Ұғымдарға сөздікте түсінік беру мәселесі, В.В.Морковкиннің сөзімен айтқанда, сөздік лексикологиясы («словарная лексикология») — лексикография теориясындағы маңызды аспектілердің бірі. Сөздік түзу ісінен хабары аз адамдар оны жасауды оңай шаруа деп ойлайды. Олардың ойынша, барлық зат, құбылыс, ұғым атауларының жалпыға ортақ, түсінікті анықтамалары бар болғандықтан, мәселе соларды түрлі дереккөздерден теріп алып, сөздікте тізіп беруде ғана болмақшы. Алайда, өкінішке орай, лингвистикалық еңбектердегі тілдік бірліктерге берілетін ғылыми сипаттамаларға ден қойып, сараптама жасайтын болсақ, ортақ мәнді бірөңгей қағидалардың өте сирек ұшырасатынын байқау қиын емес.

Ғылыми еңбектерде бір-біріне мүлде қарама-қарсы келетін сипаттамалардың да болу жағдайлары  кездеседі. Ғалымдардың ғылыми көзқарастары, пікірлері бір-бірінен ерекшеленеді. Ғылыми зерттемелерге назар аударар болсақ, бір-біріне баламалы қатынастағы, бірін бірі толықтыратын, кей жерде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардан туындайтын ғылыми тұжырымдардың  куәсі боламыз. Бір қарағанда қарапайым көрінетін  «сөз» ұғымына берілетін анықтамадан бастап, сөздердің лексика-грамматикалық таптарына берілетін түсініктемелерге дейін әрқилы болуы мүмкін. Бұлар — әр ғалымның, әрбір ғылыми ортаның, әр ғылыми мектептің көзқарастарындағы өзгешеліктерден туындайтын ерекшеліктер.

Осындай жағдай лексикографиялаудың мақсаттарына сай келетін, сөздікке қатысты ерекше лексикологиямен айналысуға алып келеді. Сөздік лексикологиясында сөздіктің түріне, типіне, жанрына, жасалу мақсатына, адресатына, көлеміне байланысты тілдік бірліктерге жасалатын алуан түрлі сипатттаманың әдіс-тәсілдері, лексикографиялаудың заңдылықтары екшеліп, айқындалады. Тілдік және метатілдік құбылыстарды лексикографиялаудың қажеттеріне бағдарлай түсіндіру қамтамасыз етіледі. Осыған қажетті әдістемелік шешімдердің типтік үлгілері ұсынылады. М.Малбақовтың пікірі бойынша, сөз болып отырған ұғым лексикалық бірліктердің сөздіктерде лексикографиялану заңдылықтарын қамтиды.

Лексикалық бірліктер санатына жеке-дара бірліктер де, тұтас бір топты, категорияны, жүйені қамтитын күрделі бірліктер де кіреді. Ғалым лексикографиялану заңдылықтары бойынша келтіруге болатын көп мысалдардың бірі ретінде сөздіктердегі негізгі сөздік тұлғаның берілу ерекшеліктерін, лексикалық бірлікке берілетін сипаттаманың ерекшеліктерін атайды. Мысал ретінде сөздіктегі негізгі сөздік тұлғаның сипаты мен сипаттамасына қатысты «етістіктердің негізгі сөздік тұлғасы қандай», «сөз таптарының конверсиясы қалайша көрсетіледі», «лексикалық бірліктің тілдік жүйедегі, сөздік құрамдағы орны қалай бейнеленеді» деген тәрізді сұраулардың лексикографиялық шығармалардағы шешімі әр түрлі болып шығатыны белгілі.

Сөздіктегі сөз мағынасын ашу (сөздіктегі семасиология), лексикалық бірлікке анықтама беру мәселесі – лексикографиялаудың күретамыры іспеттес мәселе. Оның шешімі нақты сөздіктердің сыртқы типологиялық, ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне тәуелді. Мәселен, сөздіктердегі тілдердің саны мәселесін алайық.  Сөздіктің біртілді, екітілді және көптілді түрлері болады. Біртілді сөздікте сөзге берілетін анықтама мектепке дейінгі балаларға арналып жасалатын шағын сөздікшеде — бір түрлі, мектеп оқушыларына арналған сөздікте — екінші түрлі, ал жалпылама қолданымға арналып түзілетін үлкен сөздікте — үшінші түрлі болуы мүмкін.

Салалық ғылым түрі бойынша арнаулы ғылыми тілде, кәсіби маманға арналып жасалатын терминологиялық сөздіктегі анықтама яғни ғылыми дефиниция бұлардан да өзгеше болмақ. Екітілді сөздіктің өз ерекшеліктері бар. Аударылатын сөздің мағынасын толық ашу ісі екінші тілде балама сөздің болу/болмауына байланысты болмақ. Кей жағдайда сөз мағыналары біріктіріліп жіберіледі немесе негізгі мағына ғана беріледі. Осы мәселеге қатысты В.П.Берков «Кіріс тіл – аргумент, шығыс тіл – функция» — деген еді [4 , 13]. Демек, екінші тілдің жүйесі мен құрылымы толық көрінбейді, олар тек бірінші тілге толық сипаттама беру үшін қажетті мөлшерде ғана ашылады. Және бұл мәселе де, жоғарыда сөз болғандай, сөздіктің көлемі мен адресатының ерекшеліктеріне (оқырманның ана тілі, тілдік даярлығы, мамандығы, т.б.) байланысты әр түрлі шешілуі мүмкін.

     Сөздіктердің жанрлары мен типтері туралы ілім. Испан лексикографиясын зерттеген Я.Малкил 1959 жылы сөздіктер типологиясын жасау үшін қажетті үш айырым белгіні атайды: 1) сөздіктің диапозоны, яғни материалды қамту аясы; 2) сөздіктің перспективасы; 3) сөздіктің презентациясы [5]. Бірінші және үшінші айырым белгілер түсініктеме беруді қажет етпейтін болғандықтан, екінші белгіге тоқталалық. Ғалым перспективаның да үш түрін қарастырады. Бірінші: тарихи (динамикалық) және синхронды (статикалық) сөздік. Екінші перспектива материалды орналастыру ұстанымына байланысты: а) әліпбилік (дәстүрлі) орналасу; ә) семантикалық (сөз таптары немесе тақырыптық топтар бойынша орналастыру); б) еркін орналастыру. Соңғы үшінші перспектива, автордың өз сөзімен айтқанда, сөздіктің негізгі тоны [бұл жерде сөздік метатілінің ерекшеліктері сөз болып отыр – Ж.Б.] мен нормативтілікке қатысына байланысты. Сөздіктің тоны: а) объективті, ә) нұсқаушы (preceptive) немесе б) ойнақы болуы мүмкін. Нұсқаушы тонға байланысты автор оқырманды тәрбиелеудің яғни оның сөз мәдениетін көтеру мақсатының байсалды лексикографиялық еңбекке келісімсіздігін, лайықсыздығын ескертеді.

Сөздіктер типологиясы бойынша 1962 жылы арнаулы еңбек шығарған Т.А. Себеок өзінің жіктемесін эмпирикалық негіздерге сүйене отырып жасайды. Ол он жеті белгіні атайды: 1) сөздіктің автордың ана тілінде жасалуы; 2) сөздіктің мәтіндерге байлаулы болмауы; 3) сөздіктің материалды қамту шектері; 4) сөздіктегі материалдың алуан түрлілігі; 5) атау сөздің жекеше немесе көпше тұлғада берілуі; 6) сөздіктің сөз формасына негізделуі; 7) сөздіктің сөз мағынасына негізделуі (синонимдер сөздігі); 8) сөздік мақалалардың әліпбилік ретте сыртқы тұлғалары бойынша берілуі; 9) сөздік мақалалардың мағына, мән бойынша реттеліп берілуі; 10) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды формалық жағынан қосалқы безендірудің болуы; 11) қарама-қарсы сілтемелер қолдану жолымен материалды мағыналық жағынан қосалқы безендірудің болуы; 12) сөздің паспортталуы: а) қандай диалектіге жатады, ә) қандай мәтіндерде тіркелген; 13) экземпликация (қолданым мысалдары); 14) глосса (сөзге жасалатын түсініктемелер мен ескертпелердің болуы); 15) сөздік бірліктің қолданым жиілігінің көрсетілуі; 16) сөздік бірліктің этимологиясының берілуі; 17) сөздік мақалада энциклопедиялық түсініктеменің болуы  [5].  Ғалымның пікірі бойынша, сөздік лексикографтың өз ана тілінде жасалатын болса, мұндай сөздікте нұсқаушы, академиялық типті сөздікке айналу тенденциясы сақталады. Сөздік нақты мәтіндер негізінде жасалса, мәтіндерді басты назарда ұстаса, ол анықтамалық сөздік типіне жақындайды. Бұл жіктемеде сөздіктің тілі, ішкі құрылымы, сөздік бірлік пен сөздік мақаланың орналасу реті, құрамы мен құрылымы ескерілген. Автордың практикалық бағдарды басты назарда ұстануына байланысты құнды жіктемелердің бірінен саналады.

Француз лексикографы Ж. Рей-Дебов Я. Малкилдің, Т. Себеоктың, т.б. біраз ғалымдардың жіктемелерін қорыта келіп өз жіктемесінде төмендегі айырым белгілерді нұсқайды: 1) дидактикалық шығарма (автордың жеке пікірі байқалмайды); 2) анықтамалық ретінде пайдалану үшін жасалған (сөздік кірістер белгілі жүйе бойынша кодталған, ақпарат берудің арнайы бағдарламасы бар); 3) екі құрылымды: макроқұрылымы (номенклатурасы, яғни сөзтізбесі) және микроқұрылымы (сөздік мақалалардағы ақпараттар жиынтығы) бар; 4) материалдың ерекше орналасымы (тұлғасы немесе мазмұны бойынша); 5) сөздік бірлігі (кіріс сөз) құрылымы жағынан әріп пен фразадан жоғары бірліктер аралығында; 6) ақпараттардың реттеліп, бірақ бір-бірінен бөлектеліп орналастырылуы; 7) сөздіктің номенклатурасы – реттелген, иерархиялық тұрғыдан құрылымданған көпшілік; 8) сөздіктегі айтылым (сипаттама) екі мағынаны біріктіреді: таңбалар туралы айтылым және заттар туралы айтылым [5]. Ғалым аталған мәселелерді терең зерттеп, талдаумен айналысатын ерекше лингвистикалық пәннің – теоретикалық лексикографияның жасалуы қажеттігін жазады.

Француз ғалымдары К. Дюбуа мен Ж. Дюбуа лексикография теориясының қарастыратын мәселелері ретінде сөздіктер типологиясы мен сөздіктің құрылымдық элементтері туралы ілімді атайды. Яғни ғалымдар бұрыннан белгілі типология мәселесіне сөздіктің ішкі құрылымдық элементтері мәселесін қосады. Орыс ғалымы П.Н. Денисов лексикография теориясының негіздерін зерттеген еңбегінде осы тұжырымды жөн санайды [6, 5]. Оның пікірі бойынша, сөздіктердің жіктемесі дегеніміз – белгілі бір мәдени ареалда немесе белгілі бір ұлттық лексикографиялық дәстүрде тарихи тұрғыдан қалыптасқан сөздіктер мен олардың жанрларының практикалық жүйеленген түрдегі сипаттамасын жасау [6, 6].

     Сөздіктің элементтері мен параметрлері туралы ілім. Сөздіктің элементтері деп оның ішкі, сыртқы құрылымдық бөліктерін айтады. Лексикография теориясында сөздіктер типологиясынан кейін сөз болатын осы сөздік элементтері. П.Н. Денисов бұл туралы: «Лексикография теориясында құрылым туралы ілім, сөздіктің құрамдас бөліктері (элементтері) деп аталатын бөлік, автор мен оқырман арасындағы басты байланыс каналы ретіндегі сөзтізбенің құралуы, сөздік мақаланың құрылымы проблемаларымен айналысады» деген тұжырым жасайды [6, 216].

Әлемдік тілдердегі түрлі типті сөздіктерді талдау нәтижесінде Ю.Н. Караулов тарапынан анықталған лексикографиялық параметрлердің жалпы саны – 65. Солардың ішіндегі қазақ тіліндегі сөздіктері үшін маңызыдары төмендегідей: «Тілдер саны. Сөздік кірісі (әліпбилік,- тура және кері; мағыналық; сөздің ұзындығына байланысты; әліпбилік-хронологиялық; транскрипциялық, т.б.). Хронологиялық параметр (сөздің бірінші жазбаша тіркелу уақыты, сөздіктің хронологиялық рамкілері). Сандық параметр (сөздіктегі сөздердің саны). Орфографиялық (әрбір әріп бойынша, әліпбилік). Сөздің ұзындығы (әріптер саны). Екпін. Айтылым. Буынға бөліну. Сөз табы. Жекеше/көпше. Сын есімдердің шырайлары. Сабақты/салт етістік. Етістер. Райлар. Тұйық етістік. Көптік, жіктік, септік, тәуелдік жалғаулар. Көмекші етістіктер. Есімше. Етістіктің шақтары. Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөзжасамдық параметр. Аббревиатуралар. Көпмағыналылық/бірмағыналылық. Семантема (семантикалық эквивалент, дефиниция). Мағынаның транспозициясы. Ареалдық параметр. Синтагматикалық тіркес (еркін тіркесім).Фразеологиялық тіркес (тұрақты тіркесім). Лексикалық тіркесімділік. Иллюстративтік параметр. Стилистикалық параметр. Эмоционалды-бағамдық параметр. Нормативтілік пен вариациялық. Статистикалық (сөздің қолданым жиілігі). Лингвотарихи параметр (сөз тарихы). Лингвоелтанымдық (этномәдени-тарихи) параметр. Ономастикалық параметр. Терминологиялық параметр. Тектестік (этимологиялық, генетикалық біртектілік) параметрі. Кірмелілік параметрі. Синонимдік параметр. Антонимдік параметр. Омонимдік параметр. Паронимдік параметр. Ассоциативтік параметр. Семантикалық өріс.  Тақырыптық топ. Библиогрфиялық (сөз туралы зерттеулерді көрсету) параметр. Лексикографиялық параметр (сөз туралы қажетті дерек алуға болатын сөздіктерге сілтеме)» [7].

Жоғарыда санамаланған лексикографиялық параметрлерді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысы қарастыратын болсақ, олардың көпшілігінің оқу лексикографиясында жасалатын сөздіктерге тікелей қатыстылығын байқаймыз. Оқу лексикографиясындағы ғылымға белгілі тоғыз аспектіні бейнелейтін тоғыз оқу сөздігінің түрлерінде (түсіндірме, идеографиялық, фразеологиялық, лингвоелтанымдық, грамматикалық сөздіктер, синонимдердің, антонимдердің, омонимдердің, паронимдердің оқу сөздіктері) көрсетілген параметрлердің басым көпшілігі қолданылады. Диссертациялық еңбектегі бұдан арғы зерттеме барысында аталған параметрлер оқу лексикографиясы тұрғысынан жан- жақты талданады.

     Біртілді оқу сөздігіндегі лексикографиялық құрастырма негіздері туралы ілім. Лексикографиялық құрастырма негіздері туралы Р.Түсіпқалиева былайша жазады: «Үлкенді-кішілі сөздіктерді жасауда атқарылатын қызметтің, істелетін істің біртекті болмайтындығына әліге дейін жеткілікті назар аударылмай келеді. Мысалы, сөздікті түзудегі атқарылатын қызметтің бірі  — таза филологиялық қызмет. Мұнда әртүрлі атаулық бірліктерге анықтама беріліп, талдау жасалады. Екінші қызмет — осы филологиялық деректердің түрлі қасиеттерін мақсатты түрде тұтас жүйеге айналдырып, ашып көрсету арқылы жаңа сапада қайта ұсынуды қамтиды. Бұл жерде сөздікшінің тек қана тілші емес, оған қосымша құрастырма жұмыстарының маманы, сөздікші-инженер болуына тура келеді. Сөздікті құрастыруға байланысты жұмыстар лексикографиялық құрастырма деп аталады. Лексикографиялық құрастырма – үлкенді-кішілі сөздіктерді, сөздіктің жүйелері мен серияларын ойлап шығарумен, олардың мақсатқа сай ең тиімді түрін, компоненттік құрамын белгілеумен, сондай-ақ, құрылымдық жаңартулар көмегімен сөздікке максималды ақпараттық құндылық беретін, пайдалануға ыңғайлы етіп жасайтын инженерлік-филологиялық қызметтің түрі» [8]. Бұл жерде құрастырманың кем дегенде үш түрі туралы сөз болып отырғандығын баса айту қажет. Оның бірінші түрі – кез келген сөздікті құрастыру ісі және оны құрастыруға қатысты құрылымдық мәселелердің жиынтығы. Яғни бұл ұғым бір сөздік көлеміндегі, сөзтізбе мен сөздік мақаланың құрылымына қатысты, сөздіктің ішкі құрылымына қатысты құрастырма мәселелер көлемін ғана қамтиды. Екінші түрі – лексикалық құрамы тілді үйренудің деңгейіне байланысты бірте-бірте күрделеніп жасалатын, бірнеше кітаптан тұратын сөздіктер сериясын құрастыруға қатысты. Мұндай сөздіктер оқытудағы сатылылық (градуалдылық) ұстанымына негізделіп түзіледі. Үшінші түрі – белгілі бір тілдің құрамы мен құрылымын толық ашып көрсету мақсатында немесе тілді жан-жақты меңгерту мақсатында әртүрлі сөздіктерден құралатын сөздіктер жүйесін жасауға қатысты.

      Бастапқы материалдар (картотека қоры) туралы ілім. Сөздіктердің дереккөздері жөніндегі, сөздікке негіз болатын бастапқы материалдарды жинақтау мен сақтаудың формалары мен әдіс-тәсілдері  жөніндегі мәселе – сөздік түзу жұмысындағы келелі мәселелердің бірі. Қандай лексикографиялық шығарма болса да, оның түзілуі картотека мәселесінің оңды шешілуімен тікелей байланысты екендігі анық. Жобаланып отырған сөздікке алынатын дереккөздер корпусын анықтау, басқа сөздіктерді дереккөз ретінде пайдаланудың сипаты мен ерекшеліктерін белгілеу, жалпы ғылыми, жалпы әдеби, жалпы тілдік шығармалардан, сонымен бірге, арнаулы салалық бағдарлы шығармалардан материал жинақтаудың әдіс-тәсілдерін сипаттау, ауызекі сөйлеу тілі негізінде даярланған жазбаларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері мен қолданым шектерін анықтау, тиісті тілдік бірлікті ұсынатын мәтін бөлшегінің сипаты мен ұзындығын белгілеу,  тілдік бірліктің қолданымын дәйектейтін мәтін бөліктерінің жалпы санын айқындау – материалды дайындауға қатысты іс-шаралардың қысқаша тізбесі осындай. Оның үстіне сөздік материалдарды жинақтайтын картотекалардың түрлері, оларды толтырудың әдістемесі, сонымен бірге, материалды сұрыптап алудың инструкциясы, картотека жасау ісін механикаландырудың, автоматттандырудың жолдары, т.б. – лексикография теориясында қарастырылуы тиісті мәселелер.

     Сөздік түзу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру туралы ілім. Әрбір лексикографиялық туындының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оны жоспарлаудың, инструкциясы мен проспектісін жасаудың, сөздікті түзу ісін ұйымдастырудың өзгешеліктері болатыны белгілі.

В.В. Морковкиннің жазуы бойынша, сөздік проспектісі мынадай негізгі бөліктерден тұрады: 1) сөздіктің мақсаттары мен міндеттерін баяндау; 2) нақты адресатты көрсету; 3) сөздіктің композициясын сипаттау; 4) сөздіктің сөзтізбесін сипаттау (сандық және сапалық); 5) сөздік мақаланың құрылымын сипаттау; 6) сөздік мақаланың жекелеген элементтерін жүйелі түрде, бірте-бірте, ретімен және детально сипаттау; 7) белгілерді, қабылданған қысқартпаларды, шартты таңбаларды сипаттау; 8) дереккөздерді (соның ішінде лексикографиялық та) көрсету; 9) қосымшаларды сипаттау [9, 55-56].

      1.2 Лексикография тарихының мәселелері. Сөздіктер тарихын зерттеу. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы. Лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген В.В.Морковкин лексикография тарихы ұғымының өзінің біртекті еместігін,  оның өзі іштей екі тармаққа бөлінетінін жазады. Оның біріншісі ретінде – сөздіктер мен лексикографиялық тұжырымдамалар тарихын атайды. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі – М.Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты зерттеуі. Аталған жұмыста XVIII ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында жазылған лексикографиялық туындылар қарастырылады. Зерттеуде, сонымен бірге, аталған кезеңдегі сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы, атаулардың лексика-семантикалық құрамы баяндалады.  Сөздіктер мен олардың авторларының қазақ лексикографиясы тарихындағы орны айқындалады. Қазақ лексикографиясының өткен дәуірдегі тарихын зерттеуге арналған тағы бір еңбек – Б.Атабайдың Л.Будагов сөздігіндегі қазақ сөздерінің құрамы мен құрылымын қарастыратын жұмысы. Зерттеуде жалпытүркілік сөздікке алынған қазақ лексикасының тақырыптық, семантикалық құрамы, фонетикалық құрылымы баяндалады, аталмыш сөздіктің типологиялық сипаттамасы, оның қазақ лексикографиясы тарихындағы алатын өзіндік орны туралы сөз болады. М.Малбақов ортағасырлық түркі лексикографиясында, ортағасырлық араб жазулы сөздіктерде‚ сондай-ақ‚  кейінгі түркі тілдерінің лексикографиясында‚ соның ішінде қазақ лексикографиясында да бұрынғы дәстүрдің жалғасып келгендігін, алайда XVІІІ ғасырдан бастап Ресейге тәуелді болып‚ оның құрамына кіре бастаған қазақ елінде араб жазулы қазақ лексикографиясындағы орта ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының бұзылғандығы туралы жазады. «Аталған кезеңдегі қазақ тіліне қатысты сөздіктердің басым көпшілігі орысша-қазақша тіл үйрену‚ аударма жасау қажеттілігін өтеуге арналып‚ сол дәуірдегі патшалы Ресей әкімшілігі мен Кеңес үкіметінің ұстанған тіл саясатына сәйкес келетін прагматикалық мақсат-мүдделерге сай жасалды» деген тұжырым жасайды [10]

      Типтес лексикографиялық мәселелерді шешу тарихы. Лексикография тарихының екінші тармағы ретінде типтік сипатты лексикографиялық мәселелердің шешілу тарихы, атап айтқанда, сөзтізбенің құрамы, атау сөздердің сипаты тәрізді  сөздіктің құрылымына қатысты жағдайлардың тарихи кезеңдегі жекелеген сөздіктер мен ғылыми-теориялық еңбектердегі қарастырылуын атайды. Аталған мәселелге байланысты жазылған ғылыми-теориялық еңбектер қатарына Ш.Ш. Сарыбаевтың «Проблемы казахской региональной лексикографии» [11], К.Ш. Хұсайынның «Радлов и казахский язык»[12], М. Малбақовтың «Қазақ лексикографиясының тарихы» атты еңбегін [13] жатқызуға болады. Ш.Ш. Сарыбаев зерттеуінде диалектологиялық сөздіктердегі лексикографиялау ұстанымдары, сөзтізбе мен сөздік мақала құрылымы мәселелері талданады. К.Ш. Хұсайын еңбегінде Сөздіктердегі типология мәселесі, В.В.Радлов сөздігінің қазақ лексикографиясындағы орны сөз болады. М. Малбақов зерттеуінде қазан төңкерісіне дейінгі қазақ сөздіктерінің құрылымдық элементтері, атап айтқанда, сөзтізбе құрамы мен сөздік мақала құрылымы, атау сөз тұлғасы, негізгі сөздік тұлға мәселесі, фонетикалық және грамматикалық сипаттама, параметрлік құрылымдар талданады. Қазан төңкерісіне дейінгі сөздіктерде қамтылған лексика-семантикалық топтар құрамы баяндалады.

     «Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымдық негіздері» деп аталатын екінші бөлімде «оқу лексикографиясы» терминінің мәні, оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары, оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері, біртілді шағын оқу сөздігінің лексикалық негізі мәселесі, шағын оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер құрамы, оқу сөздігіндегі лексикалық минимум мәселесі, оқу сөздігінің «ортақ минимумы», біртілді шағын оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары туралы  зерттеу жүргізіледі.

2.1 Оқу лексикографиясы терминінің мәні. «Оқу лексикографиясы» тіркесіндегі жетекші мүше – лексикография. Ал осы сөздің ішкі формасы, мәні қандай деген сауалға жауап іздер болсақ, оны сөздің этимологиясынан табамыз. В.В. Морковкиннің пікірі бойынша, «лексикография» терминіне берілетін этимологиялық түсініктемелерді екі түрге бөліп қарастыруға болады. Бірінші түсінікті жақтаушылар бұл грек тіліндегі Λεξικόν — ‘сөздік’  және γράφω — ‘жазамын’ сөздерінің қосындысынан келіп шыққан деген көзқарасты ұстанады. Алайда, аталған екі сөздің ішкі формасына бұлайша талдау жасауда терминнің мағынасын оның қазіргі кезде білдіретін ұғымына етене жақындастырушылық байқалады. Нәтижесінде сан қырлы лексикографиялық қызметті оның бір-ақ қырынан түсіндірушілік орын алған. Екінші көзқарас бойынша, термин Λεξικός — ‘сөзге қатысты’  және γράφω — ‘жазамын’ сөздерінің бірігуінен пайда болған. Қазіргі кезде осы көзқарастың дұрыстығы дәлелденіп отыр. Демек, терминнің қазіргі мәнін («сөздік түзудің теориясы мен практикасы») назарға алмай, сөздің бастапқы этимологиясына үңіліп, оның ішкі формасын ашуға талпынған кезде «оқу лексикографиясы» деген сөз тіркесінің «сөздерге тілүйретім мақсатында сипаттама жасау» деген мәнде қолданылуы тиіс екендігі мәлім болады. Талданып отырған терминді осы мәнде түсіну негізінде аталмыш саланың қарастыратын нысандары құрамына оқу құралдарындағы, тілүйретімдік-әдістемелік басылымдардағы сөздердің семантикалық, синтаксистік, стилистикалық, морфологиялық, статистикалық қасиеттеріне сипаттама жасау ісі кіреді. Оқу лексикографиясын осындай жаңа ұғымда түсінушілік оның екі бірдей ғылым саласының, атап айтқанда, лексикография мен лингводидактиканың ара-жігінде пайда болған ғылыми пән екендігіне көз жеткізеді. В.В. Морковкин «оқу лексикографиясы» ұғымын анықтау мақсатында жаңа саланың бес түрлі қолданым аясы болатындығын сөз етеді.

Ғалым «оқу лексикографиясы» терминінің мағынасын ашуда, бір жағынан, өз табиғаты бойынша бір-бірімен тығыз байланысты қызмет түрлерін бір пән аясында біріктірудің қажеттігін, екінші жақтан, бұл пәннің бірнеше ғылым саласының жігінде пайда болған аралық пән екендігін көрсете отырып, үшінші жақтан, қазақ тілі лексикасына тілүйретімдік мақсатта түсініктеме жасаудың жаңа мүмкіндіктері ашылатынын ескерте келіп, оған төмендегідей анықтама береді: «Оқу лексикографиясы – басты мазмұны лексикаға тілүйретімдік мақсатта сипаттама жасаудың теоретикалық және практикалық аспектілері болып табылатын арнаулы мақсатта қолданылатын лексикографиялық, лингвоәдістемелік пән. Ғалым оқу лексикографиясының басты бөліктері ретінде: а) оқу сөздіктерін жасаудың теориясы мен практикасын, ә) лексикалық минимумдарды түзудің теориясы мен практикасын, б) оқу лексикостатистикасының теориясы мен практикасын, в) лексикографиялық типтегі лексика оқулықтарын жасаудың теориясы мен практикасын, г) оқулықтардағы сөздікшелерде берілетін лексиканы лексикографиялау мен семантикалаудың теориясы мен практикасын атайды.

      «Оқу лексикографиясы» және «оқу сөздігі» атаулары туралы. Орыс тіліндегі «Учебная лексикография», «учебный словарь» терминдеріне балама ретінде қазақ тілшілері тарапынан осы атаулар қолданылып келеді. Біз де өз жұмысымызда бұрыннан келе жатқан дәстүрлі қолданысты бұзбай қолданып отырдық. Бұдан әрі де қолдана береміз. Алайда, жоғарыда келтірілген талдаудан кейін оқу лексикографиясы мен оның басты өнімі ретіндегі оқу сөздігінің басты мақсаты оқу немесе оқыту емес екендігіне, басты мақсат — тілді үйрету болып табылатынына көз жеткізу қиын емес. Және бұл жерде басын ашып, анықтап айтатын бір жайт бар. Мақсат — тілді ұстаздардың көмегімен үйрету емес, керісінше, осы сөздіктің көмегімен оқырманның өзінің үйренуі, оқырманның тілді өз бетінше үйренуіне жағдай жасау. Оқырман осы сөздікті оқи отырып тілді өз бетінше, өз күшімен үйренеді. Сөздіктің құрылымы сол мақсатқа лайықталып жасалады. Бұл жерде мәселе аталмыш сөздіктің актив типті сөздік екендігінде ғана емес. Себебі, ол қаншалықты сапалы, жақсы жасалған актив типті сөздік болса да, оқырманның ниеті, талабы, құлқы болмаса, тілді үйрене алмайтындығы белгілі. Бұл жерде басты назар оқырманның белсенділігіне аударылғаны жөн. Оның үстіне, оқу лексикографиясының бағдары — адамның тілді үйренуіне бағытталған антропоөзекті бағдар болып табылады. Осындай алғышарттарды ескере келіп баламалы қолданым ретінде тілүйренім лексикографиясы, тілүйренім сөздігі атауларын жөн санап отырмыз.

     2.2 Оқу сөздігінің дидактикалық құндылығы мен антропоөзекті бағдары. М. Малбақов сөздікте үш түрлі интенцияның болатынын жазған еді. Олар: дидактикалық, анықтамалық және ғылыми интенциялар. Түсіндірме сөздіктің құрылымын зерттеуге арналған еңбегінде ғалым: «Жалпылама қолданымға арналып жасалатын түсіндірме сөздіктердің жұртшылық тарапынан үнемі қолданымда болуы және неғұрлым ұзақ уақыт ішінде (ондаған‚ жүздеген жылдар бойы) қолданымда болуы ондағы интенциялардың арасалмағына байланысты. Егер сөздіктегі ғылыми интенция басқаларынан басым болса‚ ол сөздік негізінен ғылыми жұртшылықтың пайдаланатын кітабы болмақ. Анықтамалық интенция басым болса‚ энциклопедияға айналып кету қаупі бар. Дидактикалық интенцияның басымдығы оны негізінен тілүйренім‚ оқу құралына айналдырады. Сондықтан‚ сөздіктің шын мәніндегі «халық кітабына» айналып, ұзақ қолданылуы үшін ондағы үш интенция теңгермелі қалыпта болу керек» деген тұжырым жасаған болатын [10]. Демек, оқу лексикографиясының туындыларында дидактикалық интенцияның басым болатындығы белгілі.

Осы тұрғыдан, сөздіктің барлық түрлерінде де дидактикалық интенцияның басым болатындығы туралы ойдың сонылығы анық. Мұндай тұжырымды лексикографияның теориялық мәселелерін зерттеген француз лексикографтары К. Дюбуа мен Ж. Дюбуа жасайды. Ғалымдардың пікірі бойынша, жалпы сөздік атаулының бәрі дидактикалық жанрдағы туындыларға жатады. Сол себепті осы жанр ауқымындағы лексикографиялық айтылым педагогикалық тілге тән ең маңызды сипаттамаларға ие болады:  «педагогикалық тілдің кез келген түрі тәрізді, сөздік те оқырманды коммуникацияның нақты бір айқын типіне бағыттайды. Әрі сөздіктің авторы, әрі коммуникация субъектісі болып табылатын лексикограф өзімен сырттай пікірлесуші оқырмандар тарапынан өзіне қойылатын сауалдарға бағдар ұстайды. Олар лексикографқа оның өзіне тиесілі емес мәтіндер туралы сауал қояды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф коммуникациядағы айқын субъект рөлінде көрінбейді, коммуникацияның ұжымдық субъектісі яғни қоғам атынан сөйлейтін байланыстырушы, дәнекер бейне рөлінде көрінеді. Демек, лексикограф қоғам тарапынан жүзеге асырылатын ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады. Оқырмандар өздерін идеалды түрдегі сөйлеуші субъект ретіндегі лексикографпен бірбүтін санайды. Ал сөздікте берілетін жауаптар — нақты мәдени қауымдастық атынан айтылатын соңғы ақиқат болып табылады. Сөздіктен алынатын білік пен білім оқырмандардың білімі мен білігіндегі кемістіктердің орнын толтыруға көмектеседі. Лексикографтың білігі мен жекелеген оқырмандардың толымсыз білігі арасындағы алшақтықты жояды. Осылайша, сөздіктегі лексикографиялық хабарламаның табиғаты да оқытушы ұстаздың педагогикалық хабарламасының табиғатымен бірдей. Лексикограф істен мүлде сырт қала алмайды. Оның тілге деген, тілге жасаған өз сипаттамасының негізінде жатқан лингвистикалық теорияларға деген өзіндік ғылыми көзқарастары бар. Ол ғылыми хабарламаның авторы болып шығады. Және оның іс-қимыл мәнері педагогикалық тіл (айтылым) авторынікіне қарағанда басқарақ. Лексикографтың позициясы белгілі бір теориядан, басқа теорияларға қарсы қойылған, өзі жөн санаған, лайықты деп тапқан теориядан келіп шығады. Осылайша, бір жағынан, ғылыми полемикалық әдіс-тәсіл, екінші жағынан, педагогикалық нормативті әдіс-тәсіл арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі байқалады… Ғалымдар сөздік тілінің ең алдымен педагогикалық тіл болып табылатынын бұлтартпастай дәлелдейді. Оқу лексикографиясының негізгі туындысы ретіндегі оқу сөздіктерінде дәл осындай педагогикалық қызмет орын алады. Лексикограф оқырманның тілді өз бетінше меңгеруіне жағдай туғызады. Сөздіктің тілі, авторлардың тұжырымы бойынша: «ғылыми талдаудан өткізілген, зерделенген тіл. Аристотельдің үлгісі бойынша бөлшектерге бөлінген мәтін. Табиғи тілдегі біртұтас айтылым тіл білімінің қағида, ережелері бойынша жеке-жеке сөздерге мүшеленіп, ол сөздердің өзі белгілі бір қалыптарға түсіріліп, белгілі бір сөз таптарына телінеді. Табиғи тілдегі сөздер ғылыми сараптамадан өткізіліп, жасанды тілдегі (ғылым тілі) лексикалық бірліктер ретінде белгіленеді, таңбаланады, жік-жікке бөлінеді. Осындай бірліктерді жинақтаушы сөздік, шын мәнінде,  екінші қатарлы туынды болып табылады. Оның нысаны тіл мен әлем емес. Оның нысаны – тіл туралы, әлем туралы жұрт не айтады, не дейді, — міне, сол» [14]. Бұл жерде, әрине, сөздіктің метатілі туралы әңгіме болып отырғандығы белгілі. Сипаттамалы-жүйелеуші лингвистикада тілдің жиынтық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасуы мен қызмет етуі сөз болса, антропоөзекті лингвистикада, В. Гумбольдттың сөзімен айтқанда, энергея тіл — адамның тұла бойында өркен жайып, өсіп шығатын организм бейнесіндегі тіл қарастырылады. Оқу сөздігінің басты қасиеті – оның антропоөзекті сипаты.

      2.3 Оқу сөздіктерін түзудегі градуалдылық ұстанымының қолданым ерекшеліктері. М.Малбақов ағылшын лексикографиясындағы тілүйренімдік мақсаттағы түсіндірме сөздіктердің  «мектепке дейінгі балаларға арналған‚ бастауыш мектептегі балаларға арналған‚ орта мектеп оқушыларына арналған‚ студенттерге  арналған‚ от басында қолдануға арналған‚ жұмыс орнында қолдануға арналған‚ кітапханада қолдануға арналған‚ жол-жөнекей қолдануға арналған («жол ашар»‚ «қалта сөздіктері») дегендей, түрлі дәреже-деңгейлерде жасалып отырғандығын» жазады. Ғалым сөздіктердің осындай алуан түрлерін жасауға негіз болатын басты ұстанымның  — градуалдылық екендігіне тоқтала отырып, аталмыш ұғымның мәнін ашады: «Латын тіліндегі «адым‚ қадам» мағынасындағы gradus сөзі мен ортағасырлық латындағы gradarіus «ақырын адыммен жүруші‚ асықпайтын»‚ gradatіm «қадам сайын‚ бірте-бірте‚ ақырын-ақырын»‚ gradatіo «бірте-бірте биіктеу‚ ақырын көтерілу»‚ gradualіs «басқыш сайын‚ бірте-бірте» сөздерімен төркіндес градуалдылық ұстанымының  негізінде тілдің жүйелілік қасиеттерін кеңейте көрсету‚ «тілді үйрену процесін сатылы түрде‚ үздіксіз жүргізу‚ оны бірте-бірте күрделендіру» ұғымы жатыр.  Градуалды сипаттама біріне бірі кірігетін сөздіктер сериясы түрінде жүзеге асады» [10]. Ғалым өз ойын «осы тәрізді сатылы тілүйренім сөздіктерін жасау — қазақ лексикографиясы үшін де қажетті іс екендігі даусыз» деген түйінмен аяқтайды. Біз де осы пікірді қостаймыз. Оқу сөздігінің көп түрін жасауға болады. Қазақ тілін үйренушілерге арналып жасалатын осындай градуалды сөздіктер қажет-ақ. Алайда, олардың ғылыми негізде жасалуы, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексиканы қамтуы шарт. Қазақ тілінің лексикалық негізі инвариант қызметін атқарады.

     2.4 Лексикалық негіз. Біртілді оқу сөздігіндегі құрылымдық сөздер. Ең алдымен қазіргі қазақ тіліндегі негізгі құрылымдық бірліктердің тізбесін жасаудың қажеттігі аян.  М.Малбақов оны тілдегі лексикалық негіздің өзегі санайды. Құрылымдық сөздер тізбесі қазақ тілі бойынша тілүйретім сөздіктерін жасаушы авторлар үшін, қазақ тілі бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен оқылым кітаптарын құрастырушылар үшін, қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытушы ұстаздар үшін, қазақ тілін үйренуші шетелдік студенттер үшін, сондай-ақ, қазіргі қазақ тілі лексикалық өзегінің  статистикалық және әдіснамалық құрылымын қарастырушылар үшін қажет. Бұл тізбеге семантикалық, синтаксистік және қатысымдық тұрғылардан маңызды құрылымдық бірліктер енеді. М.Малбақовтың пікірі бойынша, олардың қатарына қазақ тіліндегі ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жатыр, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, көр, қал, қой, қыл, отыр, өт, сал, таста, тұр, түс, шық тәрізді көмекші етістіктерді, асты, үсті, арты, жаны, қасы, маңы, тұсы, іші, сырты, тысы, арасы, басы, түбі, қарсысы, бойы, төңірегі, айналасы, жан-жағы, беті, шеті, ортасы, соңы, төбесі, ортасы тәрізді көмекші есімдерді, сияқты, сыңайлы, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, сыңайы, әлпеті, жобасы, қисыны, тәрізді, сиқы, бәлки, бәлкім, кәдік, болар, шығар, білем, керек, ұқсайды, тиіс, лазым, көрінеді, екен, деседі, дейді, рас, расында, шынында, анығында, әрине, әлбетте, асылы, асылында, зады, түрі, кім біледі,  шындығында тәрізді модаль сөздерді, есептік, реттік және жинақтық сан есімдерді, есімдіктерді, негізгі үстеулерді, кейбір қыстырма сөздер мен қаратпа сөздерді, негізгі жалғаулық, демеулік және септеулік шылауларды, негізгі көңіл-күй, императивтік және тұрмыс-салт одағайларды, кейбір негізгі еліктеуіш сөздерді, сөз әдебіне кіретін бірліктерді, т.б. сөздердің топтары мен түрлерін кіргізуге болады [15]. Сөз әдебіне кіретін бірліктер сәлемдесу, танысу, шақыру, назар аудару, өтіну, ризашылықты білдіру, кешірім сұрау, келісу, жоққа шығару, қошамет жасау, құттықтау, қоштасу салт-дәстүріне қатысты тақырыптық аяда өрбітіледі. Мәселен, сәлемдесуге кіретін: Саламатсыз ба! Халіңіз (хал-жағдайыңыз) қалай? Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Жол болсын! Сау болыңыз! Қош келдіңіз! Сәлем! Көріскенше! — тәрізді айтылымдар мен оларға қайтарылатын жауап, танысуға байланысты сұрақ жауаптардың минимумы, шақыруға қатысты: Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Шай ішіңіз! Дәм татыңыз! Қонақ болыңыз! — тәрізді қолданымдар, адамға қарата айтылатын: Әріптес! Жерлес! Бауырым! Достар! Қарындас(ым)! Ата! Әже! Ағай! Апай! – тәрізді айтылымдар, ризалықты білдіретін: Рахмет! Көп рахмет! Көп жаса(ңыз)! Тамаша! Кешірім сұрау ишарасын білдіретін: Кешіріңіз! Ғапу етіңіз! Айыпқа бұйырмаңыз! – тәрізді қолданымдар адамаралық қатынаста маңызды болғандықтан, тілүйренімдік мақсатта жасалатын оқу сөздігіне алынуы керек. Бұл тұрғыдан лексикалық негізге құрылған шағын сөздіктің құрылымында тілдескіштердің де элементтері болатындығын айту қажет.

Тілдегі нөлдік тізбені құрайтын құрылымдық сөздерді меңгеру ісі бастапқы элементарлық деңгеймен, бастауыш кезеңмен шектеліп қала алмайтындығы түсінікті жайт. Себебі қазақ тіліндегі құрылымдық элементтердің 1000-1500 сөзден тұратын шағын лексикалық минимумға симайтындығы белгілі.

     Оқу сөздігіндегі минимум мәселесі. Біртілді оқу сөздігінің «ортақ минимум» негізі туралы. Тілдегі лексикаға тілүйретім мақсатында сипаттама жасаудың бір аспектісі – лексикалық минимумдар түзу. Сөздік құрамды тілді үйрету мақсатында ықшамдаудың бұрыннан қалыптасқан теоретикалық негізінде қате болжам орын алған еді. Лексиканы аталған мақсатқа сай ықшамдаудың басты тәсілі ретінде сөздік құрамдағы көнерген архаикалық және тарихи лексиканы, жергілікті қолданымдағы диалектілік, говорлық лексиканы, салалық терминологиялық лексиканы, қарапайым қолданымдағы лексиканы, ауызекі сөйлеу тілі бірліктерін, дәстүрлі жазба тілге тән арнаулы лексиканы, басқа да көптеген сөз топтарын алып тастау, қысқарту орын алған болатын. Жалпылама қолданымға арналып жасалған алғашқы лексикалық минимумдардың сөзтізбелерін құрастыруда қолданылған қысқартудың, ықшамдаудың негізгі тәсілі осындай болған еді. Сондықтан лексикалық минимум мәселесіне жаңаша көзқарастың қажеттігі, лексикалық минимумдардың нысаны мен қолданым аясына, құрылымына байланысты, минимумдарды сұрыптап алу мен лексикографиялау жолдарына қатысты қалыптасып қалған ескіше ғылыми түсініктерді өзгертудің қажеттілігі айқын болатын. Осы тұрғыдан, жаңаша ғылыми көзқарас негізінде жазылған еңбек ретінде тілді меңгерудің бастапқы сатысына арналып жасалатын екітілді оқу сөздіктерінің құрылымын зерттеуге арналған Р.Түсіпқалиеваның жұмысын атауға болады [8]. Ғалым «Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл және ұлтаралық қатынас тілі ретінде толыққанды қызмет жасауына жеткізетін жолдардың бірі — түрлі ұлт мектептерінің оқушыларына қазақ тілін бір,  ортақ лексикалық материал негізінде үйрету. Тек осындай жағдайда ғана олардың бәрінде баршаға ортақ сөздік база жасалуы мүмкін. Осы міндетті шешуге қазақ тілінің ұлттық орта мектептерге арналған ортақ лексикалық минимумы мүмкіндік жасайды. Мұндай сөздіктің көлеміне келер болсақ, әдістемешілердің көпшілігі тілді белсенді түрде меңгеру үшін 3-4 мың лексикалық бірлікті жеткілікті санайды. Он жыл бойы қазақ тілі оқылатын мектепте – 4 мың болса, жеткілікті» деген ой айтады.

Кеңес дәуіріндегі оқу лексикографиясында үстем болған әмбебап минимум сөздік идеясы бойынша, ең жиі қолданымдағы сөздер тізбесі әмбебап минимумның бірінші бөлегін, ал тақырыптық тізім оның екінші бөлегін құрайды. Минимумның тұрақты элементі ретіндегі жиілік тізбедегі сөздердің меңгерілуі міндетті саналса, субъективтік негізде сұрыпталған тақырыптық тізбе құрамындағы, яғни минимумның өзгермелі элементін құрайтын тізбедегі сөздердің қайсыларын пайдаланудың шешімі осы минимумды пайдаланушы оқырмандардың еркіне қалдырылатын еді. Біз бұл көзқарасқа ұстанымдық тұрғыдан қосыла алмаймыз. Тілдің лексикалық негізін бейнелейтін минимумдағы екінші бөлік те тұрақты болу керек. Және ол тілдегі тақырыптық жүйені құрайтын негізгі атауларды мүмкіндігінше толық қамтуы тиіс. Онсыз тілдегі базалық лексиканы меңгеру ісі қиындап кетеді.

     2.5 Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары.

Р. Түсіпқалиеваның еңбегінде басты сұрыптау ұстанымдары туралы төмендегідей тұжырымдар келтіріледі:

«1. Сұрыптаудың басты ұстанымы – статистикалық ұстаным (Ең алдымен тілдік бірліктің қолданым жиілігі ескеріледі).

  1. 2. Сөздің тіркесімдік қабілеті (тіркесімге көп түсетін сөз – тілүйренім тұрғысынан маңызды сөз. Сондықтан ортақ минимумға синтаксистік және лексикалық тіркесімдік әлеуеті мол сөз алынады).
  2. 3. Тілдік бірліктің сөзжасамдық мүмкіндіктері, яғни сөз түбірінің тарамдану қабілеті мол сөз. Бір сөзді білсең, біртекті сөздерді тану қиын емес.
  3. 4. Сөздің семантикалық құндылығы. Бұл ұстаным бойынша, минимумға көпмағыналы сөздер алынуы керек. Барлық мағыналары бірдей актив меңгерілуге жатпайтындықтан, минимумға ол сөздің негізгі, басты мағынасы алынады. Бұл ұстаным тілдік қатардан синонимдерді таңдап алуға, антонимдерді тауып алуға, т.т. жағдай жасайды. Осы ұстаным арқылы интернационалдық лексиканың минимум сөздігіне сұрыптау жасалады.
  4. 5. Сөздің стилдік бейтараптығы. Бұл ұстаным бойынша, ұлттық мектепке (жоғарғы, орта) арналған минимум-сөздікке стильдік тұрғыдан бейтарап әдеби тіл сөздерін алуға жағдай жасайды.
  5. 6. Жағдаяттық-тақырыптық ұстаным. Бұл ұстаным қолданым жиілігі төмен болса да, тілде сөйлеушінің әрқайсысына да қажетті нақты сөздермен минимумды толықтыруға мүмкіндік береді. Лексиканы сұрыптаудың жағдаяттық-тақырыптық ұстанымның қолданылуы минимум сөздікке алынуға тиісті тақырыптар мен жағдаяттың нақты көлемі белгіленген жағдайда  ғана мүмкін болмақ.
  6. 7. Сөздің методикалық тұрғыдан оқыту мақсатына сәйкестігі. Бұл ұстаным лексикалық минимумды үйренілетін тілдің грамматикасымен, сөзжасамымен, фонетикасымен, орфографиясымен, әдебиетімен, жалпы тілүйренім процесін ұйымдастырумен үйлестіруге мүмкіндік береді» [8].

Біз ғалым тарапынан келтірілген ұстанымдардың саны мен мазмұны туралы тұжырымдарды қолдаймыз. Біртілді оқу сөздігінің сөзтізбесін түзуде осы аталған ұстанымдарды басшылыққа алған жөн болмақ. Дегенмен, базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігінің құрылымына арналып отырған зерттеуімізде өте-мөте маңызды екі мәселеге кеңірек тоқталған дұрыс болады деп ойлаймыз. Олар: сөздікке алынатын лексикалық бірліктердің қолданым жиілігі мен тақырыптық таралымы туралы мәселелер.

     Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің қолданым жиілігі. Мамандардың пікірі бойынша, бір мыңнан бастап төрт мың сөздік көлемге дейінгі минимум сөздіктер тіл негіздерін белсенді, пәрменді түрде меңгеруге бағдарланған актив сөздіктер болып саналады. Олардың ішіндегі 1500 бірлікке дейін қамтитын аса шағын көлемді туындылар тілді меңгерудің бастапқы сатысына арналған элементар сөздіктер қатарын құрайды. Демек, қазақ тілін үйренудің, меңгерудің бастапқы, элементарлық курсына лайықталып жасалатын шағын минимум сөздіктің сөзтізбесі әдетте 1500 сөзге дейінгі көлемді қамтиды. Р.Түсіпқалиева сұрыптаудың жеті ұстанымын қолдану негізінде сараланып, сарапталып алынған 1300 бірлікті қамтитын ортақ лексикалық минимум құрамын ұсынады. Бұл – жоғарыда сөз болғандай, тілді үйренудің бастапқы сатысы үшін арнайы жасалған тізбе. Ал біздің еңбегімізде сөз болатын 1500 бірліктен 4000 бірлікке дейінгі көлемдегі, тілдегі базистік лексиканы қамтитын сөздіктер келесі сатыға, тілді базистік деңгейде меңгеруге бағдарланады.

Диссертациялық еңбекте қазақ лингвостатистикасында түзілген жиілік сөздіктердің деректері өзара салыстырыла, салғастырыла зерттеледі. Жиілік тізбелерді талдау барысында жалпы қазақ ұлты өкілдерінің сөзқолданым жиілігіне тән бірқатар заңдылықтар байқалды. Мәселен,  ең жиі қолданылатын сөздер қатарында адамның сөйлеу процесін суреттейтін де- етістігінің, жалпы тіршілікті бейнелейтін е- етістігінің, жалпы болмысты білдіретін бол- етістігінің және күллі жанды-жансыз дүние атауларының синонимі ретінде қолданыла беретін ол есімдігінің келтірілуі тілдегі бұлжымас заңдылықтардан хабар береді. Де- етістігінің қазақ мәтіндеріндегі ең жиі қолданылатын сөз болуы тілді үйрену, оны меңгеру ісіндегі белсенді сөйленім процесінің, антропоөзекті бағдардың қаншалықты мәнді, маңызды екендігін байқатады.

Қазақ мәтіндерінде ең жиі қолданылатын 500 сөз құрамына жасалған талдау барысында төмендегі жағдайлар анықталып отыр. Біріншіден, базалық лексиканы қамтитын оқу сөздігіне алынуы тиісті құрылымдық сөздердің басым көпшілігінің осы ең көп қолданылатын сөздер тізбесіне еніп отырғандығын айту қажет. Бұл аталмыш сөздердің екі жақтан да  (қолданымдық және маңыздылық) мәнділігін байқатады. Мысал үшін айтар болсақ, тізбелерде тілүйренім үшін аса маңызды  үлкен, қатты, жақсы, қара, ұзақ, соңғы, осындай, ақ, жақын, кең, анық, мол, басқа, сондай, ауыр, көк, жаңа, алыс, бүгінгі, суық, ұзын, қызыл, ыстық, шын, артық, жаман, бөлек, салқын, биік, қоңыр, қарсы, кішкене, алғашқы, соңғы, мәлім, зор, ашық, сары, ар, қазіргі, аппақ, денелі, қараңғы, бай, қысқа, кіші, белгілі, қызық, түрлі, аз, қалың, жас, жалғыз, тең, күшті, орта, толық, айқын, мынадай, кешегі тәрізді сын есімдер, ол, бұл, осы, сол, сонда, мен, сен, біз, бір, барлық, өз, бәрі, мына, қандай, қалай, кім, сіз, бар, әр, не, мынау, бірнеше, қайда, әрбір, міне, біреу, кейбір, анау, бұ, ана, қай, ешкім тәрізді есімдіктер, енді, дәл, қазір, бүгін, ең, әлі, бұрын, қайта, тіпті, аса, әсіресе, талай, сонда, бірге, тез, жаңа, біраз, әуелі, әдейі, сәл, соншалық, алғаш, өзгеше, ақырын, кейін, түгел, ертең, қарсы, осылай, шапшаң, кейде, атаулы, солай, үнемі, төмен, былай, өте, алыс, онда, тек, жоғары, кеше, ерте, мұнда, әбден, алдымен, мүлде тәрізді үстеулер, бір, екі, үш, жалғыз, он, бес, төрт, алты, жеті, жүз, мың тәрізді сан есімдер, да, де, туралы, мен, және, ғана, ал, тағы, бірақ, соң, ғой, қарай, сияқты, пен, кейін, тек, ма, бойынша, та, ме, әрі, ба, үшін, бе, сондықтан, дейін, егер, пе, те, бері, қатар, сайын, сонымен, тәрізді, сонда, қана, қой, бойы, жөнде, өйткені, бен, шейін, па, кейде, ендеше, немесе, қой тәрізді шылаулар, бар, жоқ, көп, керек, әсіресе, қажет, мүмкін, аз тәрізді модаль сөздер құрамы қайталанып кездесіп отырады.

Жиілік тізбелерді өзара салыстыру барысында  қазақ мәтіндерінде ең жиі қолданылатын 500 сөз құрамына патша, болыс, өт зат есімдері мен сүйгін етістігі тәрізді бірқатар сөздердің негізсіз, кездейсоқ еніп отырғандығы байқалды. Жалпы алғанда, келтірілген тізбедегі сөздердің лексикалық негіз құрамында берілуі міндетті деп ойлаймыз. Жоғарыда аталған жиілік сөздіктер негізінде қалған мың сөз құрамын да сұрыпталып алынады.

Біртілді оқу сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің тақырыптық таралымы. Қазақ тілінің базалық лексикасындағы идеографиялық бөлікті тақырыптық сөздер құрайды. Бұл тізбеге  тақырыптық минимумға кіретін басты-басты бірліктер енеді.  Тақырыптық сөздер құрамынсыз мұндай сөздіктің толыққанды туынды болып шықпайтындығы белгілі. Ондай жағдайда лексикалық жүйедегі бір-бірімен байланысты сөздер тобы, сөйленім процесі үшін, айтылым мен жазылым үшін аса маңызды болып табылатын сөздер беймәлім болып қалады.  Диссертациялық еңбекте базалық лексиканың тілүйренім сөздігінде мағыналық топтардың қамтылу үлгісін келтіру мақсатында тіршілік иесі ретіндегі адамның жай-күйін қарастыратын тақырыптық топтың құрамы келтіріледі.

 Қорытынды

Қазіргі таңда лексикография ғылым мен білім, техника, өнеркәсіп салаларының бәріне де қатысты, қолданым аясы өте кең пәндердің бірінен саналатыны белгілі. Сол себепті лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелерін зерттеуде таза лингвистикалық факторлар да, алуан түрлі ғылым салаларының ерекшеліктерінен туындайтын экстралингвистикалық факторлар да ескерілуі тиіс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Осымен байланысты бірнеше ғылым саласының ара-жігінде пайда болған ғылыми пәндердің бірі – лексикографияның жаңа саласы – оқу лексикографиясы. Сондықтан оқу лексикографиясының ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу осы салада түзілетін туындылардың авторлардың тілдік түйсігіне, субъективті жағдайларға тәуелді болмауы үшін, объективті ғылыми негізде жасалуы тиіс екендігі аталмыш зерттеудің тақырыбын белгіледі. Оқу лексикографиясында «көлемі шағын болғанмен, мәні зор» сөздіктер жасалады, солардың бірі – қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексиканы қамтитын оқу сөздігі. Бұл тәрізді шағын көлемді біртілді оқу сөздіктерін түзудің ғылыми негіздерін, олардың сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудің таза ғылыми тұрғыдан да, қазақ тілін үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысынан да маңыздылығы дау тудырмайтынын зерттеу барысы нақты дәлелдеді.

Соның нәтижесінде базалық лексиканың тілүйренім сөздігі тіл құрылысынағы маңыздылығы жағынан іріктеліп алынатын құрылымдық сөздерден, қолданым жиілігі бойынша сұрыпталып алынатын жиілік тізбеден және тілдік жүйені қамтитын негізгі атаулар бойынша жасалатын тақырыптық тізбеден  тұратын төрт мың лексикалық бірліктен құралатыны айқындалды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Соссюр Ф.де. Труды по языкознанию. М., 1977; Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») // Вопросы теории и истории языка в свете трудов И.В.Сталина по языкознанию. М., 1952.
  2. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ 1940. Вып.3. С. 89-117.
  3. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы:

Сөздік – Словарь, 2005. – 440 б.

  1. Берков В.П. Вопросы двуязычной лексикографии. Л.‚ 1973. 190 с.

Malkiel Jakob. Distinctive Features in Lexicography. A Typological

Approach to Dictionaries Exemplified with Spanish, part 1-2, 1959. Univ. of California Press, Berkeley and Los Angeles; Sebeok T.A. Materials for a Typology of Dictionaries. Lingua, Amsterdam, 1962, vol. XI. 20; Rey-Debove J. Etude linguistique et semiotique des dictionnaires français contemporains. The Hague – Paris, Mouton, 1971, 329 pp.

  1. 6. Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. докт. филол. наук. М., 1976.
  2. 7. Караулов Ю.Н. Об одной тенденции в современной лексикографической практике // Русский язык. Проблемы художественной речи. Лексикология и лексикография. — М.‚ 1981. С.135-153.
  3. 8. Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы. Фил. ғыл. канд. дис. автореф. Алматы, 2007. – 24 б.
  4. 9. Морковкин В.В. Основы теории учебной лексикографии (научный доклад диссертации доктора фил. наук). М., 1990.
  5. 10. Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. Алматы: Ғылым, 2003. -357 б.
  6. 11. Сарыбаев Ш.Ш. Проблемы казахской региональной лексикографии: автореферат дисс. Доктора. – Алма-Ата, 1973. 105 с.
  7. 12. Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык. – Алма-Ата: Наука, 1981. 172 с.
  8. 13. Малбақов М. Қазақ лексикографиясының тарихы. Фил. ғыл. кандидаты диссертациясы. Алматы, 1992.
  9. 14. Малбақов М. Сөздіктің тілі туралы // Профессор С.М.Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері. I том. Алматы, 2008. 148-154 бб.
  10. 15. Малбақов М. Шағын тілүйренім сөздігінің минимум құрамы туралы // Тілтаным, 2008. №1. 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздіктерінде терминдік атаулардың берілу жайы // “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Шымкент, 2005. 20-24 бб.

Қалта сөздіктің жанрлық-типологиялық сипаты // Тілтаным. –2006. №3. 97-102 бб.

Оқу лексикографиясының антропоценрлік бағдары туралы // “Мемлелеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты  ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 50-53 бб.

Шағын көлемді сөздіктерге лексикалық бірліктерді сұрыптаудың ғылыми негіздері  // “Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 12-16 бб.

Үйренім сөздіктерін жасаудың алғашқы тәжірибелері мен бағыттары // “Мемлелеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты  ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 45-50 бб.

Шағын сөздік құрастыру мәселесі // “Актуальные проблемы политико-правовых и общественно-гуманитарных наук в условиях модернизации казахстанского общества”. Шымкент, 2007. 17-19 бб.

Шағын көлемді түсіндірме үйренім сөздіктер жүйесінің құрылымдық мәселелері // Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы. Түркістан, 2007. №2. 83-86 бб.

Ортақ лексикалық минимум сөздігінің құрылымдық ерекшеліктері // “Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары”. Шымкент, 2008. 59-64 бб.

Шағын сөздікке алынатын лексикалық бірліктер тобы // “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері”. Шымкент, 2008. 217-221 бб.

Укув луғатларини яратишдаги илк тажрибалар ва унинг йуналишлари // әл-Хорезми атындағы Үргеніш университетінің ғылыми және ғылыми-методикалық журналы. Өзбекстан. Ургенч, 2008. 87-92 бб.

Статистикалық тәсілдің қазақ тіл біліміндегі қолданым тарихынан // Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері. Алматы, 2008. 370-374 бб.

Түсіндірмелі тілүйренім сөздігіндегі сөздік мақала құрылымы туралы //

ҚР ҰҒА  Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 2008. № 2. 76-79 бб.

 

Р Е З Ю М Е

                                       Байниязова  Жанар

 Казахская лексикография: научные основы

 составления  одноязычных учебных словарей 

           Специальность 10.02.02-казахский язык

Диссертационная работа посвящена  одной из новейших и актуальных направлений отечественной  лексикографии — учебной лексикографии, а, именно, исследованиям основ  составления  малых одноязычных словарей,   описанию особенностей состава и структуры  их словника.

      Актуальность исследования.   В  социокультурном  и языковом пространстве  современного Казахстана  в обучении  государственному  языку, в усвоении его лексических основ большое  дидактическое значение, безусловно,   принадлежат  словарям. В связи с этим  очень серьезно и остро  стоит  вопрос о разработке  научно обоснованных, грамотно составленных  и общедоступных словарей. Актуальность данного диссертационного исследования  определяется тем, что   впервые в казахском языкознании  рассматриваются  научно-теоретические основы  и  оптимальные пути разработки малых одноязычных учебных словарей активного типа. Такие  словари были бы весьма полезны и  эффективны  как для обучения родному  языку, так и для  соотечественников, иностранцев, желающих самостоятельно овладеть государственным языком  Республики Казахстан.  До настоящего момента исследования в области казахской лексикографии в основном  были ориентированы на разработку двуязычных переводных словарей  для иноязычной аудитории.

В условиях полиэтничного и поликонфессионального Казахстана государственный язык выступает консолидирующим фактором, следовательно, создание оптимальных условий для его овладения  является  одной из первостепенных задач и для  ученых, педагогов.  Недостаточная разработанность теоретических и практических основ учебной лексикографии прямым образом  отражается на качестве усвоения  языка  и негативно отражается на  процессе внедрения  госудаственного языка. В связи с этим   остро стоит необходимость разработки учебных  словарей активного типа, в которых бы учитывалось  пропорциональное  соотношение дидактических, научных и информативных интенций, что в конечном счете также предопределяет актуальность разрабатываемой темы.

      Объект исследования  —  научно-теоретические основы  создания  малого одноязычного учебного словаря, ориентированного на лексическую основу казахского языка в учебной лексикографии, а также  структурные особенности  составления их словника.

      Предмет исследования.  Учебная лексикография, представляющая собой  отдельное направление  лексикографии – раздела языкознания.

      Основные  источники и материалы В качестве исходного исследовательского материала, источниками  исследования послужили  отечественные и зарубежные образцы  малых учебных словарей, научные труды, посвященные  общетеоретическим и структурным проблемам учебной лексикографии. Были  привлечены  исследования по истории казахской лексикографии,  также исследования, обобщающие практические и научные данные по созданию  учебных словарей малого формата.

      Методологической основой исследования являются идеи ученых в области как мировой, так и отечественой лексикографии как Л.В. Щерба, В.П. Берков, Ж. Дюбуа, К. Дюбуа, А. Рей, Л. Згуста, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Ю.Н. Караулов, Ш.Ш. Сарыбаев, Б.К.Калиев, М. Малбаков, Р. Тусипкалиева и др.

      Цель исследования. Основной целью исследования  является  определение научно-теоретичесих и практических основ составления  учебных   словарей для общего употребления, ориентированных на общий лексико-грамматический минимум, охватывающих базисную лексику и структурные единицы словарного состава языка; определение количественно-качественного состава языковых единиц, привлекаемых   в состав словника.

Для решения указанных целей с в диссертации ставятся следующие задачи:

— провести анализ мировой практики в области  учебной лексикографии, подытожить их общетеоретические проблемы;

—  обобщить опыт  отечественных ученых в области учебной лексикографии;

— изучить научно-теоретическую литературу, освещающую  концепцию  создания  малых  учебных словарей;

— определить  состав языковых единиц, структурных слов, составляющих лексическую базу языкового сознания, общенаучного базисного словаря, связанных  с  лексикой   словника малого словаря;

— определить принципы отбора словарных единиц для словника, дать оценку  их функциональных особенностей.

Научная новизна исследования.  Научную новизну диссертацинного исследования, в первую очередь,  предопределяет то, что  впервые  в казахском языкознании проведен системный анализ проблем теоретической лексикографии; во-вторых, впервые объектом исследования  в казахском языке стали  научно-теоретические, структурные  проблемы создания  малых одноязычных  учебных словарей; в-третьих, проблема охвата и отбора  в словнике состава базовой лексики, представляющих собой лексическую основу казахского языка, впервые  стали предметом исследования  в казахском языкознании.

Основные положения, выносимые на защиту:

— вместо терминов “оқу лексикографиясы” и “оқу сөздігі”, ранее употребляемых в казахской  лексикографии уместно использование  терминосочетаний “тілүйренім лексикографиясы” и “тілүйренім сөздігі”, более адекватно отражающие их содержание.

— в малом учебном словаре, включающем  4000 слоаврных единиц, должна быть  полностью охвачена базовая лексика, представляющая  собой базисное ядро  лексики казахского языка;

— лексическая основа казахского языка  выполняет функцию инварианта;

— структурные слова входят в базисное ядро лексического фонда казахского языка;

— в словнике одноязычного  учебного словаря малого типа  должен быть  обеспечен максимальный охват тематически организованного лексического минимума, способствующего закладыванию в сознании обучаемого лексического ядра языка;

— во всех типах словаря  приоритетным  признается дидактическая интенция.

      Теоретическая значимость исследования. Систематизация знаний и научно-теоретических принципов составления одноязычных учебных словарей малого типа  в казахском языкознании  предопределяет теоретическую значимость диссертационного исследования и вносит определенный вклад в развитие теоретической базы казахской лексикографии.  Теоретические положения исследования   могут послужить научной основой   для создания в стране в недалеком будущем   малых одноязычных учебных словарей.  Полученные  теоретические результаты  в дальнейшем будут способствовать  разработке проблем, связанных с  составом и структурой  словника, при  создании одноязычных словарей малого жанра в казахской лексикографии.

     Практическая значимость исследования. В диссертационном исследовании впервые  обосновываются  структурные особенности создания одноязычного малого учебного словаря, ориентированного  на потенциальные возможности лексической базы казахского языка. Это, в свою очередь, будет способствовать  использованию результатов исследования в качестве  пособия и руководства  в  разработке  словарей малого жанра. Результаты исследования могут быть привлечены в процессе обучения  казахскому языку  иноязычных граждан, иностранцев, также при составлении общеязыковых и отраслевых  словарей, включающих лексический минимум, в качестве приложения учебников и учебных пособий, предназначенных  для обучения казахскому языку иноязычной   аудитории, разработке отраслевых словарей-минимумов.

     Методы исследования. В работе использованы  описательный,  сравнительный, сопоставительные методы и приемы, а также  приемы  сравнительно-исторического анализа, структурного и лингвостатистического анализа.

Апробация работы. Содержание и результаты работы отражены  в пяти докладах на международных и республиканских научных конферециях, в 12 статьях и научно-теоретических семинарах Института языкознания им. А. Байтурсынова и Шымкентском институте Международного казахско-турецкого университета им. А. Ясауи.

          S U M M A R Y

    BAINIYAZOVA ZHANAR TULEuBaikyzy

Kazakh lexicography:  scientific bases of

                        making up monolingual educational dictionaries

Speciality — 10.02.02-Kazakh language

The thesis is devoted to one of the newest and actual directions of native lexicography — educational lexicography, namely, research of the bases of making up small monolingual dictionaries, description of peculiarities and structure of their glossary.

Actuality of the research. In the social-cultural and linguistic space of modern Kazakhstan in teaching the state language, in mastering its lexical bases, great didactic significance, certainly, belongs to dictionaries. In this connection the problem of making up scientifically proved, competently composed and understandable to all dictionaries is very serious and actual. The actuality of this thesis research is determined by the fact, that for the first time in the Kazakh linguistics scientific — theoretical fundamentals and optimum paths of the development of small monolinguistic educational dictionaries of active type are considered.  Such dictionaries would be rather useful and effective both for teaching the native language, and for compatriots, foreigners, wishing  to learn  the state language of the Republic of Kazakhstan. Up to the present moment research in the field of the Kazakh lexicography mainly was oriented on making up bilingual transferable dictionaries for foreign audience.

In poly-ethnic and polyconfessional Kazakhstan the state language acts as the consolidating factor, therefore, the creation of optimum conditions for its mastering is one of the primary tasks for the scientists and teachers. Insufficient working up the  theoretical and practical bases of  educational lexicography influences the quality of mastering language and negatively influences the process of introduction of the state language. In this connection the necessity of development of educational dictionaries of active type, in which the proportional ratio of didactic, scientific and informative intentions was taken into account, is very actual. It finally predetermines the actuality of the elaborated theme.

Object of the research — scientific — theoretical bases of creation of small monolinqual educational dictionary, oriented on the lexical basis of the Kazakh language in  educational lexicography and on structural peculiarities of making up glossary.

       Subject of the research. An educational lexicography representing a separate direction of  lexicography — section of linguistics.

The main sources and materials As basic research material, domestic and foreign samples of  small educational dictionaries, scientific works, devoted to general-theoretical and structural problems of  educational lexicography have served as sources of the research. The research on the history of the Kazakh lexicography and the research generalizing practical and scientific data on creation of educational dictionaries of  small type were involved.

Methodological basis of the research are the ideas of such scientists as  L.V.Shcherba,V.P.Berkov, Zh.Dubua, K.Dubua, A.Rey,L.Zgusta, P.N.Denisov, V.V.Morkovkin, Yu.N.Karaulov, Sh.Sh.Sarybayev, B.K.Kaliyev, M.Malbakov, R.Tusipkalieva et others in global and native lexicography.

       The purpose of the research. The main purpose of the research is the determination of the  scientific — theoretical and practical bases of working up  educational dictionaries for the general use, oriented on  general lexical and grammatical minimum, including basic vocabulary and structural units of the  vocabulary of the language; determination of the  quantitative — qualitative language units included in glossary.

For solving these problems the following tasks are put in the thesis:

— To analyze the world practice in the field of educational lexicography, to sum up their general-theoretical problems;

— To generalize experience of the native scientists in the field of educational lexicography;

— To study scientific — theoretical literature covering the concept of creation of  small educational dictionaries;

— To determine the structure of language units, structural words making up the lexical basis of language consciousness, general scientific basic dictionary, connected with the vocabulary of the glossary of the small dictionary;

— To determine principles of the selection of the dictionary units for glossary, to give an evaluation of their functional peculiarities.

Scientific novelty of the research. The scientific novelty of the thesis   research, first of all, is predetermined by the fact, that for the first time in the Kazakh linguistics the systematic analysis of the problems of  theoretical lexicography is carried out;  secondly, for the first time scientific — theoretical, structural problems of the creation of small monolinguistic educational dictionaries have become the object of the research in the Kazakh language; thirdly, the problem of coverage and selection in  the glossary  basic vocabulary, representing the  lexical basis of the Kazakh language, for the first time has become the subject of the research in the Kazakh linguistics.

Main theses which are carried out for defence:

— Instead of the terms «оқу лексикографиясы” and  “оқу сөздігі”, used in the Kazakh lexicography before, the use of combinations of terms “тілүйренім лексикографиясы” and  “тілүйренім сөздігі”, is more appropriate, as they reflect their contents more adequately.

— In the small educational dictionary including 4000 lexical units, the base vocabulary, representing the basic nucleus of the vocabulary of the Kazakh language should be completely covered;

— The lexical basis of the Kazakh language executes the function of  invariant;

— The structural words enter into basic nucleus of the lexical fund of the Kazakh language;

— In the glossary of the monolingual educational dictionary of small type the maximum coverage of the thematically organized lexical minimum, promoting putting the lexical nucleus of language in the consciousness of the trainee should be ensured;

— In all types of the dictionary priority of didactic intension is recognized.

        Theoretical significance of the research.  

Systematization of the knowledge and scientific — theoretical principles of  making up monolingual educational dictionaries of  small type predetermines the theoretical significance of the thesis research in the Kazakh linguistics and makes an important contribution to the development of theoretical basis of the Kazakh lexicography. The theoretical positions of the research can serve as the scientific basis for creation small monolingual educational dictionaries in the country in the near future. The obtained theoretical results will promote working up the problems connected with the structure of glossary in a later time, in creation of monolingual dictionaries of  small type in the Kazakh lexicography.

       Practical significance of the research.

In the thesis research structural peculiarities of the creation of small monolingual educational dictionary oriented to the potential possibilities of the lexical basis of the Kazakh language are justified for the first time. This, in its turn, will promote the use of the results of the manual and guide in working up  dictionaries of  small type. The results of the research can be used for teaching Kazakh language for foreigners and for working up general language and branch dictionaries including  lexical minimum, as appendix to text-books and manuals for teaching Kazakh language for the foreign audience, working up of branch dictionaries-minimums.

Methods of the research. In the work descriptive,  comparative methods and  methods of comparative-historical analysis, structural and linguistic-statistical analysis are used.

Approbation of the work. The contents and the results of the work are shown in five reports of the international and republican scientific conferences, in 12 articles and on scientific — theoretical seminars of the Institute of Linguistics under A.Baitursinov and in Shimkent’s Institute of International Kazakh-Turkish university under H.A.Yasaui.

Басқа материалдар:

  1. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
  2. Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде) (Дипломдық жұмыс)
  3. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  9. Ата-аналар жиналысына арналған тренинг
  10. Сөйлеудің фонетикалық бірліктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ