Қазақстан баспа саласының демократияландыру кезеңі. Заманауи Қазақстан баспа саласын жүйелеу.

0
1363
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақстанның жаңа кезеңі басталғаннан бергі уақытта біз қазақстандық кітап басылымдарының, біріншіден, еліміздің рухани байлығы, екіншіден, ұлттық саясатымызды жүзеге асырушы әрі еліміздің экономикалық деңгейін көтеретін табыс көзі ретінде дамып келеді.

Кітап репертуарына түбегейлі өзрерістер енгізуге байланысты еліміз егемендікке қол жеткізген соң ұлттық кітап ісінің дамуында жаңа кезең басталды. Қазақ кітабы жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Қоғамда жариялылық, демократиялық принциптер ірге орныққаннан кейін республиканың экономика, ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салаларындағыдай баспа органдары мен кәсіпорындарында да бұрын болмаған мүлдем жаңа қызмет қалыптасты.

Жоғары мемлекеттік органдардың баспа қызметін демократияландыру туралы, баспалардың, баспаханалардың құқын кеңейту, өздігімен жұмыс істеу, өзін-өзі қаржыландыруға өту туралы шешімдері жүзеге асырылды. Заманауи қазақстандық кітап репертуарын қалыптастыру саясатының жаңа кезеңі басталды.

Қазақстандағы саяси- әлеуметтік және өмірдің басқа жақтарындағы өзгерістер баспадан шығатын кітап өнімдерінің тақырыбына, мазмұнына, көлеміне және сапасына әсер еткенін атап өткен жөн.

Ал мемлекет тарапынан кітап репертуарын қалыптастыруда қандай шаралар қалыптасты десек, бұл ретте үлкен бағдарламаларды қабылдап,тендер жариялау арқылы бар баспалардың жұмысын жандандару жағына жіті көңіл бөлінді. Осы бағдарламалар бойынша баспа иесінің меншік түріне қарамастан, өз мүмкіндіктеріне қарай барлығы да тендерге қатыса отырып, кітап шығару саласына белсене араласуға мүмкіндіктері артты.

Қазақстанның барлық баспалары осындай мемлекеттік бағдарламаларға қатыса отырып,өз репертуарларын қалыптастырса, басқа да басылымдарды шығаруда мазмұны мен тақырып таңдау жағынан толық еркіндік берілген. Ол нарық сұранысына байланысты қандай тақырыпта шығарам десе де өзінің қаржы жағдайына сәйкес жұмыс атқара алады.

Бүгінгі күнде қазақстандық баспагерлер өз баспа репертуарларын қалыптастыруды нарық әлемімен сәйкестендіру, оқырман сұранысын қанағаттандыра отырып, бәсекеге қабылетті болу саясатын ұстанады.

Бүгінде Қазақстан баспаларын осы ретпен 10 топқа жүйелеуге болады. Заманауи баспалардың жұмыс технологиясы да, безендіру немесе редакциялық жұмыстары да бір-бірінен алшақ. Алайда оларды бөліп жіктеу, жүйелеу қиынның-қиыны. Себебі дүние жүзінде күн өткен сайын дамып отырған баспа, баспахана салаларының мүмкіндіктері шексіз.

Компьютер мен жаңа технологияны пайдалану арқылы түрлі кітаптар басып, оқырманды таң қалдыра алады. Сондықтан белгілі бір қатаң жүйелеу жасалмаған деуге де болады. Біз ұсынып отырған 10 түр уақыт желісіндегі дүние ғана.

  1. Дәстүрлі баспалар
  2. Аймақтық баспалар
  3. Жоғары оқу орындарының және орта кәсіптік білім мекемелерінің баспалары
  4. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің баспалары
  5. Мемлекеттік мекемелердің баспалары
  6. Қоғамдық ұйымдардың баспалары 
  7. Діни ұйымдардың баспалары

Мамандандырылған ұйымдардың баспалары Жеке кәсіпкерлер баспасы. Газет және журнал редакциялары. Баспаханалар мен полиграфялық кәсіпорындар шығаратын кітаптар.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ