Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық ең үздік 7 университеті

0
887
Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша  (IQAA-Ranking ) Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық университеттерінің ұлттық рейтингісі жасалды. Сол рейтинг бойынша, ең үздік университеттер тізімін ұсынамыз:

KIMEP Университетi

Картинки по запросу "KIMEP Университетi"

KIMEP Университетi — 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Сол жылдың тамызында сабақ басталды. 1994 жылы маусымда Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды. КИМЭП Университетi – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі. КИМЭП Университетi Қазақстанда, Орталық Азияның қаржылық астанасы — Алматының орталығында, қазіргі заманғы үлгідегі студенттер қалашығында орналасқан. КИМЭП Университетi материалдық-техникалық базасы – аталмыш аймақтағы университеттердің арасындағы бірден-бір таңдаулы оқу базасы.

Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті

Картинки по запросу "Қарағанды ​​экономикалық университеті"

Материалдық-техникалық базасы: Ғимараттардың саны 1 Ғимараттардың жалпы ауданы (шаршы метр) 45400 Оқу-зертханалық ғимараттар жалпы аудан (шаршы метр) 35200 Жатақханалар саны 3 Жатақханалар жалпы аудан (шаршы метр) 10200 Жатын орындар (шаршы метр) 770 Бар болған жағдайда құрылымдық бөлімшелер атауы (колледж, біліктілікті көтеру институты және т.б.).

Алматы Менеджмент Университеті

Картинки по запросу "Алматы Менеджмент Университеті"

Алматы Менеджмент Университет (АлмаУ) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды.  АлмаУ Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды.

Қазақстан-Американдық еркін университеті

Картинки по запросу "Қазақстан-Американдық еркін университеті"

Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ) – Өскемен қаласында орналасқан Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны. Қазақстан-Американдық еркін университет — бакалавларды халықаралық стандарт бойынша (мемлекеттік лицензия 23 қараша 2010 жылы берілген № 0137478) дайындай бастаған бірінші жоғары оқу орны. Университетте оқыту екі факультетте — «Бизнес, құқық және педагогика» және «Қашықтықтан оқыту» факультеттерінде бакалавриат мамандықтары бойынша, магистратура, PhD докторантурасы бойынша екі бағдарламамен (қазақстандық және американдық) жүргізіледі.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Картинки по запросу "Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті"

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ)–Қазақстан елордасының мамандандырылған экономикалық жоғары оқу орны.

ҚазЭҚХСУ келесі позициялар бойынша үздік ондыққа кіреді:
-ҚР жоғары оқу орындары арасында «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде);
– ҚР жоғары оқу орындары арасында «Қызмет көрсету» бағыты бойынша (Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі мәліметтері негізінде).
Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясының ұжымдық мүшесі.

«Болашақ» академиясы (Қарағанды)

Картинки по запросу "«Болашақ» академиясы (Қарағанды)"

«Болашақ» академиясының оқу орны 1995 жылдың қыркүйегінде «Білім туралы» бұйрыққа сәйкес құрылды және 03.02.2010 жылғы № 0137370 мерзімсіз лицензия алды. Білім беруді дамыту бағдарламасы халықаралық сапа стандарттарына кезең-кезеңмен көшуді көздейді, сондықтан біздің оқытушылар сапалы және қолжетімді заманауи білім беруге тырысады. 2004 жылы кредиттік оқыту жүйесі енгізілді. Қазір Академия Болон үдерісіне қосылу шеңберінде Қазақстан Республикасы университеттерінің меморандумына қол қойған алғашқы 15 жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Университеттің өзіне жеті кафедра кіреді: заң, қаржы, жалпы білім беру, педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілдері мен мәдениетаралық коммуникация, фармацевтикалық пәндер. Мекеменің оқу процесінің өзі жаңа типтік бағдарламаларды, қашықтықтан оқыту және емтихандар мен тестілерді тапсыру жүйелерін қамтитын инновациялық технологияларға негізделген. Кабинеттер тек компьютерлермен ғана емес, сондай-ақ нетбук, ноутбук сияқты үш операциялық жүйенің басқаруымен тасымалданатын құрылғылармен жабдықталған.

«Тұран-Астана» университеті
Картинки по запросу "«Тұран-Астана» университеті"

Turan-Astana University — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 0000355 мемлекеттік лицензиясы бойынша жоғары кәсіптік білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны болып табылады. Turan-Astana University икемділік пен академиялық еркіндікке мүмкіндік беретін білім берудің кредиттік технологиясын алғаш енгізген. Факультеттерде оқыту күндізгі және сырттай оқыту түрінде жүзеге асырылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқудың бірінші жылынан бастап студенттерге элективті пәндерді тыңдау мүмкіндігі беріледі. Барлық студенттер Интернет желісіне тегін қол жеткізе алады.

Дереккөз: Тізім egov.kz сайтынан алынды

Ұқсас материал:

  1. Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет
  2. Қазақстандағы ең үздік 8 техникалық жоғары оқу орны
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ