Қазіргі заман мұғалімі қандай  болуы  керек?!

0
7850
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Қыркүйек айы. Заман талабына сай жас ұрпаққа үш тілде сабақ беру үшін курсқа жолдама алдым.  Бетпе-бет кезеңде теорияны тыңдай бастағанда, үш күн аң-таң болып тұманды күнде жүрген сияқты болдым. Уақыт өте келе, бұл ойымнан арылып, курсқа келгеніме қуана бастадым. Өйткені, курстан үйренерім көп екенін байқап, сол күннен бастап өзгеру керектігін білдім.

Тренерім өзгеруге ХХІ ғасырдың жаңашыл ұстазы болуға жол сілтеді. Әрбір мұғалім мектептегі тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін білу, сонымен қатар өзгерістердің себептерін анықтау қажет екенін түсіндірді.

Мұғалім «ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?» деген сұрақ мені толғандыра бастады. Әлемдегі жаһандану үрдісі еліміздегі күллі салаларына айтарлықтай әсер етуде. Әлем жылдам өзгеруде осы бағытта ұрпаққа білім беруші мұғалім де «ХХІ ғасырда нені оқу керектігін?» ұстазға артқан жүк екенін түсіндім.

Заман талабы мұғалімге үлкен жауапкершілік артып, жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті, өзіндік пікірін нақты жеткізе білетін, терең білімді үйреніп қана қоймай, үш тілді меңгерту, сол білімін өмірде қолдана білуге талпындыру. Тәуелсіз мемелекетімізде оқыту мен оқуда табысқа жету үшін мұғалім, оқушымен ағылшын тілінде еркін сөйлесуге қолайлы тәсілдерді ұтымды пайдалану қажет.

Жаһандану заманында үш тілді меңгерген  білікті ұстазы ғана түрлі  кедергілерді жойып, тығырықтан шыға алады. Қарқынды өзгеріп  жатқан  әлемде  білім  саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны:  “ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?”, “ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?” деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік  өркениетке  сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып тұр.

Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі  иннотехник дәрежесіне көтерілу  үшін  инновациялық  технологияларды  меңгеру керек.

Сабақ ұстаздың  көп  ізденуінен,  көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.  Сабақ  үстінде  небір  күрделі  қиындықтар, әр  түрлі жағдайлар кездеседі.  Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек.

Қазіргі  қоғамдағы  мұғалім  жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. ХХІ  ғасыр  –  қатаң  бәсеке  ғасыры.  Бұл  ғасыр  –  марғаулықты көтермейтін  ғасыр. Демек,  әлемдік  бәсекелестіктің  жылдам  дамуына ілесе алатындай  білімді  де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.

Қазіргі  білім  беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын  жаңашыл мұғалімдерді даярлау.

Жаңашыл  мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс алатын және тұлға болуы керек.

Ұлы  ағылшынның  ағартушысы  Уильям  Уорд:  Жай  мұғалім хабарлайды.  Жақсы  мұғалім  түсіндіреді.  Керемет  мұғалім  көрсетеді,  ұлы мұғалім  шабыттандырады, -дейді.

Білім  беру  жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті.

Бұл  жөнінде Елбасымыз  Н. Ә.Назарбаев : “Ғасырлар мақсаты- саяси-эканомикалық рухани дағдыларды  жеңіп шыға алатын, ізденген  ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру, — деген тұжырым жасады. Ол  үшін  бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет «Педагогтік шеберлік»- дарынды талант емес, үйрену,ізденудің нәтижесінен  көрінеді.

ХХІ ғасырдың білім шамшырағын сөндірмей еліміздің болашағы жас ұрпаққа саналы да сапалы тәрбие мен білім беру әр ұстаздың парызы.

Қорыта келе, Елбасымыз үш тілділікті алға тартып достық туын көтеріп отырғаны да тәрбие мен  сапалы білімді оқушыны тәрбиелеп шығару еліміздің ірге тасының берік болу, жаһандану заманында ХХІ ғасыр ұстазының қолында деп білемін.

 

Каримсакова Ақбілек Нұртанқызы

Алматы облысы, Текелі қаласы №4 «ОМ МДШО»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ