Балабақша ауласына саяхат (балабақша жоспары)

0
4353
Freepik.com

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Мақсаты: Балабақша мекемесіне(бөлмелеріне) саяхат ұйымдастыру, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлермен таныстыру. Балабақша ауласына бақылау жасап, өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын атап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Аула-двор

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері: 

Армысын,асыл күн!

Армысын,көк аспан!

Армысын,жан досым!

Жылуына жылу қос.

Балалар айтады
Ұйымдастырушылық -ізденістік Балаларды балабақшаның (мектептің) мекен-жайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатып,әр бөлменің аттарымен таныстыру. Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің әңгімелері бойынша олардың мамандықтарымен танысады. 

Н.Жанаевтың «Балабақша» өлеңін оқып беру.

Осындай шат үй,міне,

Үйретеді еңбекке,

Үйретеді білімге,

Үйретеді әдепке,

Таза болып жүруге,

Бір-бірімен сыйласты,

Татумыз біз баршамыз,

Бал достықтың ұясы,

Біздің балабақшамыз.

Балабақшада не істейміз?

Балабақшада неге үйренеміз?

Әліппе дәптермен жұмыс.

Ғ.Өкеевтің «Балабақша үйіміз», М.Мақатаевтың «Мектеп» атты өлеңдерімен оқып таныстырамын.

Балабақша үйіміз,

Ағалардан сыйымыз,

Серуендеп шығамыз,

Таза ауаға жиі біз,

Ауласында ойнаймыз,

Ойнап қана қоймаймыз,

Жаңа қоныс жаңа үйді,

Әнге бөлеп,тойлаймыз.

Мектеп.

Мектебім айтар әнім,

Сан рет қайталадым,

Өзіңнен алғанымды,

Өзіңе қайтарамын.

Тапсырма бойынша жұмыс жасау.

Балабақша мен мектептерде кімдер жұмыс істейді?

Ажыратып айтып бер?

Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Егіндей жайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп – билеп аламыз.

Дидактикалық ойын.

«Бұтақтағы балалар».

Осыдан соң балаларды балабақша ауласына алып шығып ,ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен таныстыру

 

 

 

Балалар балабақшаның (мектептің) мекен-жайымен танысып, ондағы бөлмелерді аралап,әр бөлменің аттарымен танысады. Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің мамандықтарымен танысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту жаттығуын орындайды (қолдарын жоғары көтереді, шайқалады т.б.).

 

 

 

 

Рефлексиялық – түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. -Өсімдіктер өсуі үшін не қажет? 

-Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «Балабақша», «Мектеп» мағынасын.

түсінеді: Балабақша, мектеп мекемесі қызметкерлерінің жұмысын

қолданады: Балабақшада ойнайды, ойлайды.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ