Белоктар туралы тест тапсырмасы

1
2332
Иллюстрация: Freepik.com

1. Бейтарап амин қышқылы:
А) аргинин
Ə) лизин
Б) валин
В) гистидин
Г) серин

2. Изоэлектрлік нүктеде белок қандай болады?
А) ерігіштігі өте нашар зат
Ə) иондану дəрежесі өте жоғары зат
Б) катион болады
В) анион болады
Г) зарядсыз

3. Төменде көрсетілген қосылыстар ішінде циклді амин қыш қылына қайсысы жатады?
А) глицин
Ə) цистидин
Б) аргинин
В) пролин
Г) серин

4. Төменде келтірілген амин қышқылы:
H2N – C – (CH2)2 – CH – COOH
║                           │
NH                           NH2
қай топқа жатады?
А) гидрофобты молекула
Ə) оң зарядталған
Б) теріс зарядталған
В) полярсыз молекула
Г) полярлы, бірақ зарядталмаған молекула

5. Құрамында күкірт атомдары бар амин қышқылдары қалай аталады?
А) треонин
Ə) тирозин
Б) цистеин
В) триптофан
Г) метионин
6. H2N – CH – COOH – амин қышқылының атауы:
              │
              CH2
              │
               SH

А) треонин
Ə) тирозин
Б) серин
В) цистеин
Г) глицин

7. Белоктарды сипаттайтын қасиет:
А) 1000
С дейін қыздырғанда табиғи қасиеттері сақталады
Ə) амфотерлі қасиетті
Б) суда жақсы ериді
В) кристалдану қасиеті жоқ
Г) тұнбаға түспейді

8. Белоктардың α – спираліндегі сутектік байланыс:
А) спираль өсінде перпендикуляр болады
Ə) спираль өсіне параллель болады
Б) сутектік байланыс ұштары үш амин қышқыл қалдығынан кейін
қосылады
В) сутектік байланыс ұштары төрт амин қышқыл қалдығынан кейін
қосылады
Г) солға айналған спиральдер арасындағы байланыс

9. Пептидтік байланысы бар қосылыс:
А) Н3 С – С – NH2

О
Ə) H2N – С – О – СН2– СН3

О
Б) H2N – СН2– С – NH– СН2– СООН

О
В) H2N – С – NH2

О

Г) H2N –CH–COOH

CH2OH

10. Белоктардағы пептидтік байланыс:
А) бір байланыс
Ə) қос байланыс
Б) бір байланыс та, қос байланыс та болады
В) параллельді спиральдер
Г) антипараллельді спираль

11. Белоктың екінші реттік құрылымын ашқан кім?
А) Д. Уотсон жəне Ф. Крик
Ə) Э. Фишер
Б) Л. Полинг
В) Ф. Сэнгер
Г) Д. Эдман

12. α-спиральдің түзілуіне кедергі жасайтын амин қышқылының
қалдығы:
А) аланин
Ə) серин
Б) валин
В) пролин
Г) глутамин

13. Табиғи белоктардың екінші реттік құрылымы қандай?
А) тек α -спиральді
Ə) тек β-құрылымды
Б) аморфты аймақтар, α-спиральді, β-құрылымды
В) α-спиральді, β-құрылымды аймақтар
Г) антипараллельді спираль

14. β-құрылым дегеніміз не?
А) қатты ширатылған спираль
Ə) зигзагты құрылым
б) α -спираль соңында кездеседі, 1 — 2 айналым жасайды
В) спираль соңында 4-5 айналым жасайды
Г) бос ширатылған спираль

15. Белоктардың кеңістік құрылымын зерттеуде қазіргі кезде кең таралған əдіс:
А) инфрақызыл спектроскопия
Ə) ядролық магнитті резонанс
Б) рентген құрылымдық анализ
В) электронды парамагнитті резонанс
Г) таңбаланған атомдар əдісі

16. Белоктардың бірінші реттік құрылымы:
А) амин қышқылдарының өзара пептидтік байланыс арқылы қосылу
тəсілі
Ə) коваленттік байланыстар көмегімен пайда болады
Б) полипептид тізбегінің спиралдену тəсілі
В) белок жəне белок емес бөліктерінің байланысу тəсілдері
Г) иондық байланыстар көмегімен пайда болады

17. Белоктардың үшінші реттік құрылымын түзуге қатыспайтын байланыс түрі:
А) сутекті
Ə) пептидті
Б) дисульфидті
В) гидрофобты əсер
Г) электростатикалық тартылу күштер

18. Белоктардың төртінші реттік құрылымының түзілуі:
А) генетикалық кодталған процесс
Ə) протомерлердің əсерлесуі барлық бөліктерінде өздігінен жүретін
процесс
Б) протомерлердің əсерлесуі белгілі бір бөлшектерінде ғана жүреді
В) дисульфидті байланыс көмегімен жүреді
Г) иондық байланыстар көмегімен пайда болады

19. Пептидті байланысты қандай реакция арқылы дəлелдеуге болады?
А) Адамкевич
Ə) Биурет реакциясы
Б) Фоль реакциясы
В) Ксантопротеин реакциясы
Г) Миллон реакциясы

20. Белоктарды бір-бірінен бөлуге мүмкіндік беретін əдіс:
А) нейтралдау
Ə) диализ
Б) суалту
В) электрофорез
Г) тұз ерітіндісімен тұндыру

21. Тирозинді төменде көрсетілген қандай түсті реакцияның көмегімен ашуға болады?
А) Фоль реакциясы
Ə) Миллон реакциясы
Б) Адамкевич реакциясы
В) Биурет реакциясы
Г) Ксантопротеин реакциясы

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы жалпы түсінік
  2. Ағзалардың химиялық құрылымы
  3. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  4. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  5. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  6. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  7. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  8. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  9. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  10. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
  11. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
  12. Биологиялық мембраналар

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ