Белоктар туралы жалпы түсінік

0
8241
Иллюстрация: Freepik.com

Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок. Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген.

Демек белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі — өмір
болып табылады. Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер
(protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық
қосылыстардың 50-85% құрайды.

1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады. Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі.Белоктардың элементтік құрамы (К. Сағатов бойынша):

Көміртегі – 50-55%
Оттегі – 21-24%
Азот – 15-18%
Сутегі – 6-7%
Күкірт – 0,3-2,5%

Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, аз мөлшерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жəне т.б. элементтер де кездесуі мүмкін.
Белоктардың басқа полимерлерден өзгешелігі – олар құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мүлдем басқа мономерлерден құралған.

Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы амин қыш қылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин белогінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733,
ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қалдығы бар, молекулалық салмағы 64500.

Əртүрлі белоктардың құра мындағы амин қышқылдары қалдықтарының саны əртүрліжүзден бірнеше мыңға дейін. Белоктың молекулалық массасын əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен анықтауға болады, солардың ішінде кең тарағаны: электрофорез, молекулалық тор əдісі, ультрацентрифугалау т.б.

Нақтылы нəтиже алу үшін бір ғана əдісті емес, əртүрлі əдістерді пайдаланады. Осы əдістерді қолдана отырып, белоктың молекулалық массасы өте кең аралықта ауытқитыны анықталған:

6 мыңнан бірнеше миллион Дальтон аралығында. Адам ағзасында белоктар үлесіне дене салмағының ¼ бөлігі келеді. Қазіргі кезде адам ағзасында 100000 астам белоктар болатыны белгілі, олардың атқаратын биологиялық қызметтері алуан
түрлі:

1. Катализаторлық, ферментативтік қызмет атқарады. Ферменттер химиялық құрамы жағынан – белоктар. Олар ағзадағы əртүрлі химиялық реакциялардың, процестердің жүру қарқынын реттейді.

2. Тасымалдаушы қызмет атқарады. Айталық қан құрамындағы гемоглобин деген белок оттегін өзіне байланыстырып, əртүрлі мүшелердегі ұлпалар мен жасушаларға тасымалдаса, екінші бір қандағы альбумин деген белок май қышқылдарын тасымалдайды.

3. Ағзаның қозғалуын қамтамасыз ететін белоктар, оларға бұлшық еттегі актин мен миозин белоктарын жəне жасуша мембранасындағы тасымалдаушы белоктарды т.б. жатқызуға болады

4. Қорғаныштық қызметі, ондай белоктар ағзаның иммундық қасиеттерін жүзеге асырады, қанның ұюы қан сары суының құрамындағы фибриноген белогінің фибринге айналуына байланысты. Бұл да белоктың қорғаныштық қасиетін көрсетеді.

5. Көптеген белоктар биологиялық активті заттар. Солардың ішінде гормондар, токсиндер т.б.

6. Белоктар құрылымдық қызмет атқарады. Олар кез келген жасуша мембранасының құрамында, цитоплазмасының негізі бола отырып, құрылымдық элементтерін түзеді. Жоғарғы сатыдағы жануарлардағы талшықты коллаген, ретикулин деген белоктар жасушааралық матриксте болады, ал α — кератин белогі шаш, тырнақ, жүн, қауырсындардың негізін құрайды. Белоктар жасушадағы липидтермен байланыса отырып, жасушалардың, жасуша ішіндегі органеллалардың мембранасын құрайды.

7. Қор ретінде жиналатын белоктар: сүт құрамында — казеин, жұмыртқа белогі – альбумин, өсімдік дəніндегі көптеген əртүрлі қор белоктары т.б.

8. Белоктардың рецепторлық қызметі. Көптеген белоктар, əсіресе, гликопротеидтер, таңдамалы түрде белгілі бір заттармен байланысады. Жүйке импульсін жасушаларға жеткізу қызметін атқарады.

Белоктардың қызметі жоғарыда көрсетілген функцияларымен шектеліп қоймайды. Айталық реттеуші белоктарға ферменттер мен гормондардан басқа да белоктарды жатқызуға болады. Мысалы, ферменттердің белсенділігін реттейтін белоктар.
Белоктардың халық шаруашылығында да маңызы зор екендігін айту керек.

Адам тамағының жəне жануарлардың азығының негізін белоктар құрайды. Жем-шөп құрамындағы белоктың сапасы мен мөлшері ауыл-шаруашылық жануарларының өнімін анықтайды.

Көптеген өнеркəсіптердің технологиясы белоктардың қасиеттерін өзгертуге негізделген, атап айтқанда, теріні, табиғи жібектерді өндеу. Нан пісіретін өндірістерде ұнның құрамындағы белоктың қасиеті мен сапасы өте маңызды рөл атқарады.

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Ағзалардың химиялық құрылымы
  2. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  3. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  4. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  5. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  6. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  7. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  8. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  9. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
  10. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
  11. Биологиялық мембраналар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ