ҰБТ-ға дайындыққа пайдалы топ-5 ресурс

0
650
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ тілі және қазақ әдебиетін таңдаған түлектің осы 5 сайт жайлы білуі аса маңызды:

1. https://kitap.kz/ Бұл жобаның басқа жобалардан негізгі ерекшелігі – аудиокітаптар қорының көп болуы. Егер телефондарыңа арнайы бағдарламаларын жүктеп алсаңдар, аудионы да офлайн режимде тыңдап, кітапты да офлайн режимде оқи аласыңдар. 6000-нан астам кітапты қамтитын бұл кітапханадан ҰБТ-ға дайындық үшін оқу керек көптеген кітаптарды таба аласыңдар. Әрі егер кітапты оқыған емес, тыңдағанды ұнататын болсаң, дикторлардың жағымды даусы әдеби шығармадан екі есе рахат алуыңа әсер етеді. Бір айта кететін жайт – кітаптарды онлайн режимде браузер арқылы ашып, тыңдау немесе оқу тиімдірек.

2. http://www.adebiportal.kz/kz Бұл сайттан кітап оқу ғана ыңғайлы емес, тест тапсырмаларында кездесетін кейіпкерлер жайлы толық ақпарат та алуға да қолайлы. Өзіңе керек ақпаратты жанр, автор, кітап атауы немесе кейіпкер есімі арқылы да таба аласың. Аудиокітаптардың да саны жеткілікті. Тіл ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулердің де көбін осы жерден таба аласың.

3. https://qamba.info/site/authors/ Бұл сайттың өзі сәл қолайсыздау, бірақ телеграм-боты (@qamba_bot) өміріңді бірнеше есеге жеңілдетеді. Бар болғаны кітап атауын немесе автор есімін жазсаң болды, бот кітапты бірнеше секундта тауып береді. Солайша ғаламтордан кітап іздеуге кететін уақытыңды бірнеше есе қысқартсаң болады. Әрі кітаптарды жүктеуге болатындығы қуантады. Epub форматында телефоныңа жүктеп алған кітабыңды ал да, қалаған кезіңде, қалаған жеріңде офлайн түрде оқи бер!

4. https://bilimland.kz/kk Бұл сайтқа тіркелгеніңнен кейін қазақ әдебиетінің дәл мектеп бағдарламасындағы тақырыптарына арналған видео-сабақтарын қарап, олардың тапсырмаларды орындау арқылы біліміңді бекітсең болады. Әрине, біршама ақпарат немесе видеоларды аптасына һәм айына белгілі бір көлемде (аз ғана) ақша төлеп қара қарауға болады.

5. http://bilim-all.kz/olen Бағаларыңды қоятын сайттан бағалы материал табамыз деп ойламасаңдар, ойларыңды өзгертетін кез келді. “Білім алдың” “Әдебиет” бөлімінде әр түрлі жанрдағы шығармалар авторларымен қоса реттеліп тұр. Бір артықшылығы — өлеңдер кітап түрінде емес, жеке-жеке атауларымен тұрғандықтан керек жағдайда оңай тауып алсаң болады.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ