Қазақстанның ең үздік 3 педагогикалық жоғары оқу орны

0
2177
Иллюстрация: Freepik.com
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің деректері бойынша  (IQAA-Ranking )Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жасалды. Сол рейтинг бойынша, ең үздік педагогикалық университеттер тізімін ұсынамыз:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Картинки по запросу "абай атындағы педагогикалық университет"

Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар  жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді ұйымдастыру, жастарды оқу орнына дайындау мақсатында биыл Дайындық факультеті ашылды.

Бұл оқу орны 2014 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың тікелей қолдауымен және қатысуымен құрылған оқу ордасы, білім беру саласындағы екі елдің бірлескен жобасының жемісі. Париж қаласының Сорбонна университетінің әлемдегі филиалдарының екіншісі болып, ал енді Орталық Азияда бірінші филиалы болып біздің елімізде шаңырақ көтерді (PRES SorbonneParisCité). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқыту бакалавриат пен магистратураның екі дипломдық бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 2015/2016 оқу жылында «Сорбонна-Қазақстан» институты ең алғашқы түлектерін ұшырды. «Менеджмент» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 42 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен Париж қаласының Сорбоннасы университетінің дипломдарын қатар алып шықты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аталған халықаралық жобаны жүзеге асыруы Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері жастарының да Еуропалық үлгідегі білім алуына жол ашқаны сөзсіз.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Картинки по запросу "женпи"

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.

Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті. Университеттің студенттері жақсы оқумен қатар, әндері және билерімен үлкен сахналарды әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.

Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Картинки по запросу "Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті"

ҚМПИ бүгін – бұл Қостанай облысындағы білім беру жүйесіне қажетті мамандарды мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқытатын, осы саладағы бірден-бір жоғарғы оқу орны.

Мамандықтары мен бағыттары:
Институт факультеттері мен кафедраларында еңбек ететін ғалымдар, білікті маман дайындауды әрдайым басты назарда ұстауда. Ол үшін, студенттер мен магистранттарды оқыту процесін жетілдіруге басты көңіл бөлінуде. Институттың негізгі факультеттерінде білім берудің екі сатылы (бакалавр — магистр) білім беру құрылымы енгізілген.

Олардың оқу жоспарларында студенттердің өз беттерімен дайындықтарымен қатар практикалық жұмыстары болашақ ұстаздық мамандықтарымен ұштастырылып жүргізілуде. Оқу мерзімінде әр студентке білім алу жолын өз бетінше таңдауға мүмкіндігі туғызылған. Институтта студенттердің денсаулықтарын сақтауға ерекше жағдай жасалған. Сондықтан да бірінші және екінші курстардың оқу бағдарламаларына спорт және дене шынықтыру сабақтары енгізілсе, жоғары курстарда бұл сабақтарды студенттер түрлі спорт секцияларында жалғастыра алады.

Қазіргі таңда институтта: · Жаратылыстану — математика; · Қазақ және орыс филологиясы факультеті · Шетел тілдері факультеті · Дене тәрбиесі, спорт және туризм; · Психология және педагогика; · Тарих және өнер; · Сондай — ақ сырттай оқыту факультеттерінде болашақ ұстаздар оқып, білім алуда. Қостанай губерниясы мен өңірінде педагогикалық кадрларды дамыту, қалыптастыру және даярлауда білім беру жүйесінің келешегі зор болды. Себебі облыста мектептердің ұдайы өсуі байқалды. Бұл мектептерді жаңа мұғалімдермен жүйелі түрде толықтыруды талап етті.

Дереккөз: Тізім egov.kz сайтынан алынды

Ұқсас материал:

  1. Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет
  2. Қазақстандағы ең үздік 8 техникалық жоғары оқу орны
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық ең үздік 7 университеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ