ҰБТ-да Дүние жүзі тарихынан кездесуі мүмкін 100 сұрақтың жауабы

0
1265
Иллюстрация: Freepik.com

1. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет:
Чех мемлекеті

2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі:
үш топқа

3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі:
X ғасыр

4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы:
988 жыл

5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз:
Ярослав Мудрый

6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:
«Ұзақ парламенттің» шақырылуы

7. Секуляризация дегеніміз…………….
Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы

8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны:
Англия

9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды

10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай:
Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер

11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай:
Ұлы Географиялық ашулар

12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:
Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды

13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:
Пуритандар

14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы:
Парламенттік монархия

15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі:
Шотландиямен соғыстың басталуы

16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар:
Жердің қоғамдастырылуын

17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні:
Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды

18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:
B) Парламентті монархия

19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні:
Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану

20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы:
Франсуа Мари Аруэ

21. Атеистер – …………..
E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар

22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы:
C) Жан Мелье

23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:
Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады

24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:
Ағартушылар

25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:
Виргиния

26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.

27. Отары бар мемлекет:
Метрополия

28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:
«Тәуелсіздік декларациясы»

29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:
Бенжамин Франклин

30. АҚШ-тың тұңғыш президенті:
Д.Вашингтон

31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды

32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:
Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы

33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
1787 ж.

34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар

35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
E) Бастилияның алынуы

36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы

37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:
Франция

38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін

39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы

40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер

41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды

42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды

43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.

44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі

45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр

46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера

47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу

48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция

49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
«Сарайлар төңкерісі дәуірі»

50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев

51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина

52. 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс

53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы

54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр

55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф

56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция

57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы

58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы

59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил

60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді

61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты

62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн

63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды

64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.

65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр қонтайшы

66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар

67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:
Жапония

68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы

69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет:
Сефевидтер әулеті

70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер:
Дивани

71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі:
Алжир

72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет:
Франция

73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ……
Нәдір

74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі

75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы:
Тегеран

76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары:
Вилаеттер

77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер:
Хассэ

78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер:
Шығыс елдері

79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:
Факториялар

80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет:
Голландия

81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым:
Ост-Үнді компаниясы

82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты:
«Жабық есік»

83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет:
Англия

84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі:
Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты

85. Метрополия дегеніміз…..
Отар иемденген мемлекет

86. Экспансия саясатының мәні:
Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты

87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:
Сауда компаниялары

88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар:
Луддашылдар

89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы:
9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды

90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
Дж. Харгривс

91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан:
Джеймс Уатт

92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні:
Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі

93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:
Англия

94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы:
Чартизм

95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия:
Консерваторлар

96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы

97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:
І Наполен

98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
Консулдық жүйе орнады

99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы:
Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды

100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы:
Құрлықты қоршауды жариялады

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ-да дүние жүзі тарихынан жоғары балл алу үшін қалай дайындалу керек?
  2. Дүние жүзі тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа идеялар
  3. Дүние тарихы: ХVII-ХVIII ғасырлардағы дүниежүзі
  4. Жер-күн жүйесінің ғаламшары
  5. Дүние жүзі тарихынан тест сұрақтары
  6. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  7. Дүниежүзі тарихынан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ