ҰБТ-да «О» әріпі бойынша Қазақстан тарихынан кездесуі мүмкін сұрақтардың жауабы

0
1488
Иллюстрация: Freepik.com

Орта ғасырда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазбасында көрсеткен: Марко Поло

Орта ғасырда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазбасында көрсеткен: В.Рубрук

Орта ғасырда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазған саяхатшы: П.Карпини.

Орта ғасырда Қазақстанның солтүстік шығыс орталық аймағын алып жатқан қағанат: қимақ

Орта ғасырда Қазақстанның: Қарахан мемлекеті

Орта ғасырда қазақтардың қазақ болып қалыптасу барысын кешеуілдетті: Монғол шапқыншылығы.

Орта ғасырда Монғол мемлекеті құрылған кезде олардың жазу ісімен айналысқан хатшылары: Керейіттер.

Орта ғасырда орыс жеріне қоныстанған, «половшылар» аталған тайпа: Қыпшақ

Орта ғасырдағы діни сәулет құрылысы: мешіттер

Орта ғасырдағы көлемі 10 гектарға жетпейтін қала: Алмалық

Орта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған кезең:
Х – ХІІІ ғасыр

Орта ғасырдағы лиро-эпостық жыр: «Қыз Жібек»

Орта ғасырдағы лиро-эпостық жырлар: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Айман – Шолпан, Күлшеқыз, Мақпалқыз»

Орта ғасырдың соңғы кезеңіне дейін өмір сүріп, өркендеген атақты қалалар: Тараз, Сайрам, Йассы

Орта ғасырларда әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық: тағар

Орта ғасырларда дүниеге келген өз балапандарын қорғаған құстың тағдырын суреттеген күй: «Бозторғай»

Орта ғасырларда Жібек өндіруді дамытып,Қытаймен бәсекеге түскен ел:Соғды.

Орта ғасырларда қазақ жерінде түрлі діндердің біршама таралып, тоғысқан өлкесі: Жетісу

Орта ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазбасында көрсеткен: Марко Поло.

Орта ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы: Мұхаммед Хайдар Дулати.

Орта ғасырларда қамыстан, кейде ағаштан жасалған музыкалық аспап: сыбызғы

Орта ғасырларда мемлекетті басқарған қағанның үрім-бұтақтарын атады: тегіндер

Орта ғасырларда оңтүстік өңірде қалалық тіршіліктің жандана бастағанын жазған армян патшасы: І Гетум

Орта ғасырларда халық арасына кең тараған ертегілердің бірі: «Аламан мен Жоламан».

Орта ғасырларда халық арасында кең тараған ертегілердің бірі: «Аламан мен Жоламан», Ертөстік, Құламерген, Қарамерген, Алтын сақа, Асан қайғы»

Орта ғасырлардағы вакфтық деп аталған жерлер: Дін иелеріне берілген жерлер.

Орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп бастауларына осы тайпа дәуірінде пайда болған қоныстарын жатқызуға болады: Исседон Тасмолоға ұқсас ескерткіш табылды: Ұлыбай атырабынан

Орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына осы тайпаның дәуірінде пайда болған қоныстарды жатқызуға болады: Қаңлы.

Орта ғасырлардағы нақфтық деп аталған жерлер: дін иелерінікі

Орта ғасырлардағы эпостық жыр. «Ер Қосай».

Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгінекидің түрік тілінде жазған кітабы: «Ақиқат сыйы»

Орта ғасырлық ақын, исламның сопылық бағытының негізін салушы, насихаттаушы: А.Яссауи

Орта ғасырлық билеуші қағандардың үрім-бұтақтарын атады: тегіндер

Орта ғасырлық Қазақстанда буддизм таралған аймақ: Оңтүстік Қазақстан

Орта ғасырлық отқа табыну қасиетін байланыстырады: Ұмаймен

Орта ғасырлық Сығанақ, Иасы, Отырар, Сауран, Өзгент, Сайран қалалары орналасқан өзен бойы: Сырдария.

Орта ғасырлық шығыс моншаларының орындары табылған қалалар: Отырар, Тараз

Орта ғасырлық эпостық жыр: «Қамбар»

Орта ғасырлық эпостық жырлар:  «Ер Тарғын, Ер Сайын, Алпамыс, Төрехан, Телағыс, Құбағұл»

Орта ғсырларда Қазақстанда қалалардың өркендеп, көркеюіне әсер еткен фактор: Ұлы Жібек жолының жандануы.

Орта жүз биі, «Жеті жарғыны жасауға қатысқан»: Қазыбек би.

Орта жүз биі, қызыл тіл өнерінің көрнекті өкілі: Қазыбек би.

Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағына мал жаюға рұқсат берілді: 1799 ж қараша.

Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі: Пресногорьковск

Орта жүз рулары ХVІІІ ғасырдың І жартысында Самарқан төңірегіне ойысуының себебі: Жоңғар шапқыншылығы

Орта жүз ханы Әлмембет қайтыс болғаннан кейін хан тағына мұрагерлік жолмен отыруға тиіс еді:  Әбілпайыз.

Орта жүзге жататын рулар: Қоңырат, найман, керей, қыпшақ.

Орта жүзде хандық  билік  жойылған жыл: 1822 жыл

Орта жүздің  соңғы ханы: Уәли

Орта жүздің сұлтаны, Уәлидің баласы Әбілмансұр дүниеге келген жыл: 1711ж

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет өлген соң, хандық билік берілді: Абылайға

Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740ж

Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің  Ресейдің қол астына өтіп ант берген уақыт:  1740ж

Орта тас ғасыры (Мезолит):б.з.б 12-5 мың жыл

Орта тас ғасырында балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы: бағыштау (инициация)

Орта тас дәуіріне тән оқиға: алып мұздықтардың ери бастауы

Ортағасырға жататын сүйектен жасалған шахмат тастары табылды: Талғар

Ортағасырлық ғалым Махмұд Қашғаридың өмір сүрген жылдары: 1030-1090

Ортағасырлық қалаларда жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әртүрлі металлдан жасалған теңгелердің табылу: Айырбас саудамен қатар тауар ақша қарым қатынасы болды

Ортағасырлық мемлекеті: Қарахан мемлекеті.

Орталық  Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесі бой көтерген кезең:XIV-XV ғ.

Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі: Үйсіндер

Орталық Комитет Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі: 1932 жылдың көктеміне қарай

Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ:Семіз бұғы

Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі Палеолитке жататын 300-ге таяу тас құрал шыққан ең көрнекті көне мекен: Батпақ

Орталық Қазақстан жеріндегі қол дәуірінің ең соңғы кезең мәдениет: Беғазы-Дәндібай

Орталық Қазақстанда б.з.б. VII-X ғасырларда «аң стилімен» қатар дамыды: Полихром стилі.

Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесінің салынған мерзімі:  XIV-XV ғғ. аралығында.

Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері:  «Мұртты қорғандар».

Орталық Қазақстанның менерал шикі зат байлықтарын зерттеген академик: Н.Курнаков

Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі: Н.С.Курнаков

Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігуі нәтижесінде құрылған халық: қазақ

Орхон – Енисей тас жазулары орналасқан мемлекет: Монғолия

Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 1906 жылы

Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті:  Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды.

Орынбор ведомствасының қырғыз даласы» еңбегінде Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Л.Мейер.

Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар. Торғай мен Орынбор.

Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатай Тайманұлы сотқа тартылды: 1817-1823 жж.

Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу» жөніндегі шаралары жарияланған жыл: 1867 жыл

Орынбор губерниясының әкімшіліге көтеріліс басшысы Есет батырды ұстауды тапсырды: Арыстан Жантөринге

Орынбор және Батыс – Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл: 1868 жылы 21 қазан

Орынбор комиссиясының төрағасы князь В.Урусовтың мақсаты. Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау.

Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы шықты. 1824 ж.

Орынбор қазақтарының жарғысы  шықты:1824ж.

Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-нің астанасы болды: 1920 -1924 жылдары

Орынбор қаласының салынуы: 1743 жылы

Орынбор өлкесі қазақтардың өмірін сипаттайтын В.И.Дальдың шығармасы:  «Бөкей мен Мәулен»

Орынбор өлкесінің топографиясы» зерттеу еңбегінің авторы. П.И.Рычков.

Орынбор тарихы» атты зертеу еңбегінде Қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы. П.Рычков.

Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан қазақтарға орысша білім беретін мектеп ашылған жыл: 1850 жылы

Орынборда Жалпы қазақ съезі өтті. 1917 ж. желтоқсанда.

Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық I съезі Қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады. 1918 жыл наурыз, сәуір.

Орынборда тұңғыш тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды: 1902 жылы

Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді.  1906 жылы.

Орыс әскерлеріне қарсы Бұқар хандығымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл

Орыс әскерін басқарған, 1864 жылы Түркістанды басып алған полковниу: М. Черняев

Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болы сайланған ақын: Ш.Құдайбердіұлы

Орыс деректерінде Алтын орда атуының пайда болған уақыты: XVІ Аяғы

Орыс деректерінде Қасым ханның 1521 жылы қаза тапқаны туралы айтылған қала: Сарайшық

Орыс драма театрын қазіргі кезеңге бет бұрғызған: Штэйн

Орыс жазушысы Ф.Достаевскийдің досы, атақты ғылым, этнограф: Ш.Уәлиханов

Орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түскен оқиға: Ноғай Ордасының ыдырауы

Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнатқан хан: Ибақ

Орыс экспедициясында болған тұтқындағы швед И.Г.Ренаттың жасаған картасы: «Жоңғария картасы»

Орыс-қытай  сауда байланыстарының ыдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдары

Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкин Орынбор жерінде зерттеу жүргізді: Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жайында.

Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкинның қазақ халқының өмірі туралы мәлімет беретін еңбегі: «Капитан қызы»

Орыс-француз соғысында 1812 жылы қазақтар қатысып, ерекше ерлік көрсеткен шайқас болған жер: Бородино шайқасы Москва түбі

Осакаров ауданында 25 қоныс обсервация құрылған жыл. 1931 жыл.

Осыдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген адам: синантроп

Отан соғысы жылдары Елтон тұз өндіру орнынан майданға жіберілген тұз мөлшері: 1 млн. пұт

Отан соғысында Ресей мемлекетін қорғау үшін 40 атты әскер полкін жіберген өлке. Орынбор.

Отан соғысында хорунжий шенін алған ержүрек жауынгерлер. Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.

Отарлау саясатының нәтижесінде Қазақстан аумағы патшалық үкімет құрамына толығымен қосылды: XVIIIғ 90-жылдары

Отарлық езгіге қарсы Орал және Торғай облыстарында көтерілістер болды: 1868-1869жж.

Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл: 1905 жылы

Отаршылдыққа қарсы бағытталған Маңғыстаудағы көтеріліс болған жыл:1870

Отбасына шапағатын тигізеді деп Түріктер табынды. Ұмай анаға.

Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» — деген жолдар кездеседі. «Талас» жазуында.

Отырар апаты болған жыл: 1218 жыл

Отырар әміршісі. Қайыр хан.

Отырар билеушісі Қайырдың моңғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: өз жақтастарының сатқындығы

Отырар қаласы моңғолдардан қанш ай қорғанды: 6 ай

Отырар қаласын Шыңғыс хан әскері қоршауға алған жыл. 1219ж.

Отырар қаласынан табылған шығыс моншалары жатады. ХІ-ХII ғасырларға.

Отырар қаласында ХІІІ – ХІV ғасырларда жасалған керсендерде салынған суреттер: құстар мен хайуанаттар

«Отырар опаты» болған жыл: 1218ж.

«Отырар опаты»-деген 1218ж. Шыңғысхан жіберген саудагерлердің өлтіруі

Отырар, Тараз қалаларында әйнек жасау ісі басталған мерзімі: Х – ХІ ғасырлар

Отырар, Тараз, Түркістаннан табылған шыны ыдыстар жатады: Х ғасырға

Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы. 1218 жыл.

Отырардан табылған көмбедегі сұрау белгісі бар сырғалар зерттеушілер пікірінше: қыпшақтардыкі

Отырықшы егіншілерден жиналатын салық: харадж, баж.

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  9. ҰБТ-да Қазақстан тарихынан кездесуі мүмкін сұрақтардың жауабы(І нұсқа)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ