1) 1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны
Жауап: Шевченко
2) Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Жауап: А.Құнанбайұлы
3) “Қыпшақтар даласы”атанған аймақ:
Жауап: Алтайдан Еділге дейін
4) Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны
Жауап: 35
5) 2 ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім
Жауап: Қарулы казактар бөлінді
6) Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған Рим тарихшысы
Жауап: Помпей Трог
7) IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:
Жауап: Алаш
8) Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған:
Жауап: Әмір Темір
9) Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі
Жауап: Ел билеу ісіне тарту үшін.
10) ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны:
Жауап: тоғыз
11) ХХ ғасырдың басында музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қазақтың әнші бұлбұлы
Жауап: М.Шамсутдинова
12) Ықыластың патша шенеуніктерін сынап шығарған күйі
Жауап: «Жарым патша»
13) ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық
Жауап: Түркістан
14) 1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі
Жауап: 53,4 %
15) С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші
Жауап: шаруалар
16) Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы
Жауап: Есік обасы
17) Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтары
Жауап: Қыстау
18) 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:
Жауап: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
19) 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны
Жауап: 5000
20) Әскери-демократияның пайда бола бастаған кезі
Жауап: Темір дәуірі
21) Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең таралуы кезеңінде Әли ақынның жарық көрген поэмасы
Жауап: “Жүсіп-Зылиқа”
22) Неолит дәуірінің Орталық Қазақстан жеріндегі тұрағы
Жауап: Зеленая Балка
23) Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі:
Жауап: «Жазу тілі»
24) Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген
Жауап: Александр Македонский
25) 1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны
Жауап: Халық соттары
26) Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл
Жауап: 1462 ж.
27) Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл
Жауап: 1789 жыл
28) Абайдың аса дарынды шәкірті:
Жауап: Ш.Құдайбердіұлы
29) Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған
Жауап: Сұлу
30) Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен:
Жауап: Құнанбаймен
31) Ноғай Ордасының құрылуына себеп болды:
Жауап: Алтын Орданың әлсіреуі
32) XX ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны
Жауап: 8 мыңнан астам
33) Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтары
Жауап: Қыстау
34) XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі
Жауап: Есет Орынборда патша билігін мойындады
35) Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел
Жауап: Ұршық бастары
36) 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:
Жауап: Иран
37) 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны:
Жауап: 41
38) Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім
Жауап: XIX ғасырдың ортасы
39) VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ
Жауап: Монғолияның солтүстік батысы
40) 1991 жыл 21 желтоқсан-
Жауап: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды
41) 1879 жылы Ыбырай мектеп инспекторлығына тағайындалған облыс
Жауап: Торғай
42) Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты:
Жауап: Атақты, сыйлы шонжарлары
43) Тоқырау жылдарында Қазақстанда жазылған ғылыми еңбектердің басым көпшілігі жазылды:
Жауап: Орыс тілінде
44) ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы
Жауап: 12-14 сағат
45) Сақ жауынгерлерінің киім түсі
Жауап: Қызыл және сары-қызыл
46) «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы
Жауап: В.Верещагин
47) Ноғай Ордасының орталығы
Жауап: Сарайшық
48) Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы
Жауап: 1865 жыл
49) Аңдық стиль пайда болған ғасыр
Жауап: б.з.б. VІІ ғ.
50) 16 желтоқсан —
Жауап: Тәуелсіздік күні
51) XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп , салық төлеуге мәжбүр еткен қала
Жауап: Ташкент
52) «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:
Жауап: Маңғыстау көтерілісі
53) Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті:
Жауап: 1998 жылғы маусымда
54) Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жағасындағы шешуші шайқас уақыты:
Жауап: 1395 ж
55) Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:
Жауап: 1627
56) «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:
Жауап: XIV ғасыр
57) XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған:
Жауап: Айыр қалпақтар киген
58) Х-XII ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар
Жауап: Испиджаб, Отырар
59) Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі:
Жауап: жұт
60) Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған
Жауап: И.Миллер
61) 1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі
Жауап: 53,4 %
62) Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы:
Жауап: 1718жылы
63) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда симфониялық кемел туындыларын дүниеге әкелген композиторлар:
Жауап: Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова
64) Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы:
Жауап: «Өркениеттің адасуы»
65) Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған сазгер, әнші
Жауап: Жаяу Мұса
66) Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы:
Жауап: «Дарабоз»
67) «Тотемизм» дегеніміз
Жауап: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.
68) «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл
Жауап: 1911 жыл
69) 1970 жылдар ішінде жүздеген метептер жабыла бастады:
Жауап: «Болашағы жоқ» елді мекендерде
70) «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар
Жауап: Тек сұлтандар
71) Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір.
Жауап: Жамбыл обылысы
72) Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі
Жауап: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
73) Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл
Жауап: 1868 жыл
74) 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:
Жауап: Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
75) Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті
Жауап: 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында
76) Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы
Жауап: Дәулеткерей
77) 1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы:
Жауап: КСРО-ның ыдырауы
78) Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:
Жауап: Рузбихан
79) Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар
Жауап: Бұйрықтар мен тархандар
80) О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы:
Жауап: «Аз и Я»
81) Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
Жауап: 1000 сом
82) «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
Жауап: Ж. Баласағұни
83) Сақ қоғамындағы малшылар мен егіншілердің киім түсі
Жауап: Сары, көк
84) Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:
Жауап: XV ғасырдың ІІ жартысы
85) 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет
Жауап: Қытай
86) Ноғай Ордасының негізін қалаған тұлға
Жауап: Едіге
87) XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:
Жауап: Дәуітбек кесенесі
88) Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері
Жауап: Тасмола мәдениеті
89) 1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы
Жауап: «Невада-Семей»
90) 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі
Жауап: Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
91) 1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі
Жауап: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады
92) Шоқанның санс-сезімінің ерте оянуына әсер еткен адам
Жауап: Әжесі Айғаным
93) Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны
Жауап: Шірік Рабат
94) Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы
Жауап: Томирис
95) 1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала
Жауап: Омбы
96) Ақ Орданың астанасы
Жауап: Сығанақ
97) Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған:
Жауап: Жетісу
98) 1998 жылғы Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттің өкілдік мерзімі :
Жауап: 5 жылдан 7 жылға ұзартылды
99) ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы
Жауап: «Қырғыз» поэмасы
100) Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы:
Жауап: Ш.Уәлиханов
Ұқсас материалдар:
- Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
- Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
- Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
- Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
- Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
- Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
- “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
-
ҰБТ-да Қазақстан тарихынан кездесуі мүмкін сұрақтардың жауабы(І нұсқа)