Әдептілік – тәрбие бастауы (тәрбие сағаты)

1
12089
Гомотетия және оның қасиеттері

Әдептілік – тәрбие бастауы
Начало воспитания – этика
Start of education — ethics

Жоспары
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Адам әдептілігімен кҿрікті
3.Әдептілік неден басталады?
4.Әдептілік пен әдепсіздік белгілері?
5.Әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылыққа байланысты мақал- мҽтелдер
6. Қорытынды

  1. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы
  2. Жаңа заманның талабына сай ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз
  3. Мейірімділік (сабақ жоспары)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: адам бойындағы ұнамды жҽне ұнамсыз қылықтарды ажырата білу, әдеп, әдептілік туралы түсініктерін кеңейту.

Түзетушілік: Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, сҿздік қорды молайту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, жаман әәдеттен аулақ болып, бір-бірімен жағымды қарым- қатынас жасауға тҽрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, «Күн шуағы» ойынына арналған сөздер, әдептілікке, адамгершілік, сыпайылыққа байланысты мақал- мҽтелдер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
1 Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен, ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық, бір жадырап қалайық.
2. Адам әдептілігімен көрікті

Балалар, бүгінгі заман адамы сегіз қырлы бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы – адамгершілік. Айталық, бір адам оқымысты, бір адам дәрігер, бір адам мұғалім, бір оқушы ылғи сабақты беске оқуы, біреу бай, біреу кедей, бір адам өте көрікті де сұлу болуы мүмкін. Бірақ бұл адамдардың қай қайсысы да қоғамда адамгершілік қасиетімен ардақталады, бағаланады. Дәлірек айтқанда, әр адам қоғамда өзінің мҽдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, әдептілігімен құрметті.

Осындай қасиеттерге ие адам тартымды, тәрбиелі. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік – тәрбие бастауы»

3.Әдептілік неден басталады?

Таңертең ұйқыдан тұрғаннан бастап кеште ұйқыға жатқанша адамның жүріс тұрысында, барлық ісінде әдептілік болу керек. Әдеп дегеніміз- адамдармен қарым қатынас барысында, әңгімелесу кезінде сыпайылық шегінен шықпау. Әдеп- тәртіп деген сөз. Сондықтан күнделікті отбасындағы әдепті, тамақтану жҽне сөйлеу мәдениетін, құрбыларыңмен ойнау кезінде, мектептегі тәртіп ережелерін сақтау – әр баланың міндеті.

1оқушы: Отбасындағы әдеп
Ең алдымен, әр бала ата-анасының алдында әдеп сақтай білу керек. Үлкенмен қабаттасып сөйлеуге болмайды, ата-ананың айтқанын тыңдап, кҿмекші болу керек. Ата-анасын сыйламаған бала басқа адамды да сыйлауды білмейді.

2 оқушы: Дастархан басындағы әдеп
Әрдайым асты уақытында жҽне тамақты асықпай аз аздан ішу, үстел үстінде сөйлемеу керек.

3 Сөйлеу мәдениеті
Әр уақытта ойланып, асықпай сөйлеу керек. Қоғамдық орында дауыс көтеріп сҿйлеу–
мәдениетсіздік. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласу – үшінші адамды сыйламағандық. Біреудің сөзін бөлу– әдепсіздік.

4.Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау.
Мектепке кіргенде бас киіміңді шеш, сабаққа мектеп формасымен кел, сыныпқа келгенде мұғалімге, жолдастарыңа амандас, үзіліс кезінде жүгірме.

4. Әдептілік пен әдепсіздік белгілері
— Әдептілік амандасудан басталады. Ер адамға «Ассалаумағалейкум» деу керек, әйел адамға, қыз балаға «Сәлеметсіз бе» деу керек, телефонмен сөйлескенде телефон соққан адам бірінші амандасады.

— Әрқашан үлкенді сыйлау, құрметтеу. Халқымыздың ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы жасы үлкенді сыйлап, алдынан өтпеу- ата дәстүріміз. Әдепті бала ата-анасын құрметтеп, автобуста қарт кісі немесе балалы әйел адам мінсе орын береді.
— Әдептіліктің белгісі – мейірімділік, қайырымдылық.
Әдепті бала ата-анасына қамқорлық жасайды, туысқандарына бауырмал болып, ауыр жүк көтеріп келе жатқан үлкен кісінің сөмкесін алып көмектеседі.

— Кешірім сұрау, кешіре білу де әдептілік белгісі. Ренішті ұмытып, татулыққа бірінші болып қадам жасауға тырыс, қателігіңді мойындай біл.

Әдепсіздік белгілері: мақтаншақтық, үлкенді сыйламау, өтірік айту, өркөкіректік. Бұндай жаман әдеттерден арылудың жолы – адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек. Олай болса, балалар, сіздердің айтқан ой пікірлеріңізді жинақтай отырып, адам бойындағы әдептілік және әдепсіздік белгілерін білдік. Демек, әр адам өз бойындағы жағымды және жағымсыз қылықтарды біліп, оған сыни көзбен қарай қалатын қабілетке ие болу қажет.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды әдептілігі туралы өлең жолдарымен жалғастырайық.

1 оқушы:
Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің, әуре-сарсаң әлегің.

2-оқушы:
Атам маған әменда, кішіпейіл бол деген,
Ата сөзі санамда, мақтанбауды жөн көрем.

3-оқушы:
Кім үлкенді тыңдаса, кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде, сыйлы болмақ өзі де.

4-оқушы:
Ата ананың тілегі, адам болып өскенің,
Адамдықтың белгісі, адал болып өскенің.

5. Әдептілікке, адамгершілік, сыпайылыққа байланысты мақал- мәтелдер айтып,
мағынасын ашу.

1.Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені

2.Әдептілік ар-ұят – адамдықтың белгісі
Тұрпайы мінез тағы жат- надандықтың белгісі

3.Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала

4. Әдепті бала – ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала – ата -анасын қақсатар

Қорытынды
Ойын «Күн шуағы»
Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңізді және әдептілік сөздерін күн сәулесіне жапсыру қажет.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ