Егер құлағыңыз ауырса…

0
1517
Иллюстрация: Freepik.com

Құлақ ауруына суық себеп болатындықтан, ол күз-қыс айларында асқынады. Тұмау болған жағдайда толық емделген жөн. Себебі тұмау кезінде мұрын бітеліп, су ағып, дене қызуы көтеріледі де есту қабілеті нашарлайды. Бұл құлақ ауруы қабынуының белгісі.

Құлақ үш бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Ортаңғы құлақты мұрын-жұтқыншақтың артқы бөлігімен байланыстырып тұратын евстахиев түтігі болады, яғни мұрын мен құлақтың арасын байланыстырып тұратын тесік. Адамға суық тигенде, тұмауратқанда, тамағы ауырғанда не аллергиясы ұстағанда, евстахиев түтігі бітеліп қалуы мүмкін. Осының салдарынан ортаңғы құлақта сұйықтық жиналуы ықтимал.

Құлақтың бұлай қабынуын ОТИТ құлақ ауруы дейді.

Отит ауруының бастапқы кезеңінде, яғни құлақтан ірің АҚҚАНҒА ДЕЙІН қыздыру, құрғақ жылу спиртті (борный спирт) тамшылар, компрес әдістері қолданылады. Алайда оларды АБАЙЛАП қолдану керек. Ірің аққан жағдайда спиртті тамшыларды құлаққа тамызуға және жылы басуға БОЛМАЙДЫ!

Құлақ ЖЕҢІЛ суықтанғанда, яғни біртүрлі ауыра бастағандай болған кезеңде мынадай ем қолдануға болады:

— қызылшаны қабығынан аршып тазалап суда қайнату керек.Оны ұсақтап турап балмен араластырып дәкеге (марлі) орап құлақтың ішіне жылыдай салып бір жарым сағаттай ұстаңыз.

— пиязды майдалап турап дәкеге орап құлаққа салыңыз. (терең емес, бергі жағына ғана саласыздар!)

— жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтауға болады.

Құлақ естуі төмендегенде күніне бір дана лимонды қабығымен қоса жеу керек. 10 күн ішінде оң өзгеріс байқалады.

Құлақ шуы кезінде бір ас қасық жаужапырақты яғни орысша атауы мелисса бір стакан қайнаған суда тұндырып, күніне жарты стаканнан екі рет ішкен дұрыс болады. Сол кезде құлақ шуы басылып, жаныныз тынышталады.

Бұл жазылған емнің барлығы ЕРЕСЕК адамға.

БАЛАНЫҢ құлағы ауырса бірден дәрігерге көрсетіңіз.

Бала кішкентай кезінде құлақты қатты тазаламаңыз. Ішінде сап-сары құлық жиналуы қалыпты. Егер көп болса дәрігерге апарыңыз. Арнайы сұйықтықты құйып 1-2 минутта бірден тазалап береді.

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ