Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары (Ғ әріпі бойынша)

0
1350
Иллюстрация: Freepik.com

Ғарыштық кеңістік – әр түрлі пішінде қалыптасып, жер  атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары,астероидтары, кометаларымен шаң-тозаңды газдары бар ғаламшар, жұлдыз, галактикалық бос кеңістік.

Ғарыш – Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.

Ғарыш алаңы, космодром — ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер.

Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро… және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде — Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам…

Ғаламшар (планета) — (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер менқұжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады.

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ