ҰБТ-дан қалайша жоғары балл алуға болады?

0
985
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ – жыл сайын бүкіл Қазақстандағы ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің мазаларын алып, бастарын ауыртып, жүйкелерін тоздырады.

Біреулер үшін бұл қорқынышты түс сияқты болса, ал енді біреулер үшін – өз білімдерінің арқасында жоғары балл жинап, білім беру грантын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік!

Сонымен, Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға аз ғана уақыт қалды. Біз
ҰБТ-ны сәтті тапсырған студенттердің сөзінен кейін тұжырымдама жасадық. Сонымен, тестке психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек екені туралы ТОП 5 кеңестер:

Өз-өзіңізге сенімді болыңыз! Бостан-босқа қобалжып, уайымдаудың керегі жоқ. Тест қаншалықты қиын болғанымен, ол мектеп бағдарламасынан еш ауытқымайды. Сондықтан да сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап бере алатыныңызға сенімді болыңыз. Атақты Шерлок Холмс сияқты миыңызды аздап қимылдататын болсаңыз, қандай қиындықты та жеңіп шығасыз!

Арандатушылыққа берілмеңіз! Аудиторияда сізден көмек сұрайтын адам өте көп болады, бірақ та ҰБТ – алдымен сіздің өміріңізге қажет басты емтихан екенін ешқашан ұмытпаңыз. Сондықтан да басқаның алдауына берілмей, ұялмай, ешнәрседен жүрексінбей, көмек беруден бас тартыңыз.

Ағынмен бірге болыңыз! Тест тапсыруға кем дегенде бір ай қалғанда көпшіліктің ағынына еніңіз. Өзіңізге ыңғайлы күн тәртібін құрып алыңыз, уақытында тамақ ішіп, уақытында ұйқтаңыз. Мүмкіндігінше спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеуді де ұмытпаңыз. Сонда ғана міздің миыңыз дұрыс жұмыс істейтін болады.

Көрнекі болыңыз! Көрнекі болу,қиялдану – ойдағы жетістіктерге жетудің бірден-бір тамаша әдісі екені құпия емес. Өзіңіздің тест тапсыратын күніңіз бен емтихан үстіндегі жағдайыңызды күнделікті көз алдыңызға елестетіп, қиялданып жүріңіз. Сондай-ақ балл нәтижесін хабарлайтын сәтті де көз алдыңызға елестетіп, өзіңіз жоғары балл алғандай қуанышты сәтті сезініңіз.

Егер де ҰБТ-дан төмен балл алып қалған болсаңыз – мұнымен өмір бітпейтінін ешқашан естен шығармаңыз!

ҰБТ-ны қайтадан тапсыру мүмкіндігі бар, немесе оны келесі жылға да қалдыруға болады. Немесе өмірде тіпті басқа жолды таңдауға да болады ғой. Тарихта ҰБТ-сыз да талай-талай жетістіктерге жеткен немесе тамаша бизнес иесі атанған адамдар қаншама!

Ең бастысы – өз күшіңізге, біліміңізге сенімді болыңыз. Арандатушылыққа салынбаңыз! Ештеңеден де жүрексінбей, тек алға қарай, арман-мақсатыңызға қарай жүре беріңіз. Сонда ғана сіз жетістіктерге жетесіз!

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ