Генетикалық терминдер мен белгілер

0
4157
Иллюстрация: Freepik.com

Тұқымқуалаушылық — ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті.

Өзгергіштік — ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілеті.

Ген — ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.

Фенотип — ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы. Мысалы: тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының ұзындығы т.б.

Генотип — ағзаның гендерінің толық жиынтығы. Генотип фенотипті анықтайды.

Моногибридтік будандастыру — бір-бірінен тек 1 ген аллельдері ғана жауап беретін альтернативті белгілер жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.

Дигибридті будандастыру — екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмасы бар түрлерді будандастыру.

Полигибридті будандастыру — бір-бірінен бірнеше белгі бойынша өзгешеленетін түрлерді будандастыру.

Доминатты (басым) белгі — гибридтерде бірінші ұрпақта бірден фенотипке көрінетін белгі. Оларды үлкен әріппен белгілейді.

Рецессивті (басылыңқы) белгі — гетерозиготаларда фенотипке көрінбей қалған белгі. Оларды кіші әріппен белгілейді. Фенотипте рецессивті гендер гомозиготты күйінде (аа) болса ғана көрінеді.

Гомозигота — генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында гендердің бірдей түрлері (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза) немесе ағза.

Гетерозигота генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында гендердің түрлі формалары (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза) немесе организм.

Модификациялық өзгергіштік — генотиппен байланысы жоқ, ағзаның сыртқы ортаға бейімделуінде фенотипте орын алатын өзгерістер.

Мутация ағзаның генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың гендерінің өзгеруі. Бұл кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгеріс.

Полиплоидия — хромосома санының гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюі.

Дупликация — хромосоманың бір бөлігінің екі еселенуі.Генетикада қолданылатын белгілер.

Генетикада қолданылатын белгілер:

P — ата-ана (лат. parental — ата-ана)

F — ұрпақ (лат. filia — ұрпақ)

F1 — бірінші ұрпақ, яғни олар P-ның ұрпағы

F2 — реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар F1-дің ұрпақтары

— аналық жыныс

— аталық жыныс

X — шағылыстыру белгісі — ұрпақтардың фенот

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  2. Мидың жұмысын жақсартатын қарапайым амалдар
  3. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  4. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. Жетістікке жетелейтін 19 әдет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ