Әңгіме және дөңгелек үстел туралы

0
6070
Freepik.com

Пікірталас түрлері көп. Бір мүддені көздеген жандар әңгімелесіп, пікір алмасады, белгілі бір тақырыпты талдап, талқылайтын ақпараттық-насихаттық сипатындағы кездесу-сұхбаттар өткізіледі.

Пікірталасқа бастайтын пікірлесудің қарапайым түрі – әңгіме, ал жоспарлы түрде өткізілетін жүйелі түрі – дөңгелек үстел.

Әңгіме. Мақсаты:  Белгілі бір тақырып төңірегінде­ жиналған көпшіліктің
сұрақ қойып не өз пікірін айтуына мүмкіндік беру. Мұнда қатысушыға өз пікірін білдіруіне еркіндік беріледі.

Ерекшелігі:  Жоспарлы түрде болмағандықтан, күтпеген сұрақтар қойылып, жеке бастың мүддесін көздейтін пікірлер айтылуы орын алады. Жүргізуші пікірталас мәдениеті талаптарын сақтай отырып,мәселені ушықтырмай шешуі тиіс.

Дөңгелек үстел. Мақсаты.  Белгіленген тақырып, талқыланатын жоба құжат бойынша арнайы маман шақырылып, алдын ала ойластырылған жоспар бойынша жүргізіледі. Сұрақтар да алдын ала берілуі мүмкін.

Ерекшелігі.  Дөңгелене отырған топтың осы мәселеге қызығушылығын, өзін толғандыратын нәрсе туралы толық мәлімет  алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Арнайы маман мен тыңдарманның қарым-қатынасы пікірталас мәдениетіне сай орын алуы керек.

Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материал:

  1. Ойкөкпар дегеніміз не?
  2. Сөзталас дегеніміз не?
  3. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  4. Рес­ми іс­қа­ғаз­дар сти­лінің түрлері
  5. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  6. Шешендік өнер тарихы
  7. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  8. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ