Ботай мәдениеті туралы

0
9916

Ботай – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Ескерткіш 15 гектар алаңды алып жатыр. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.з.б. V–IV ғасырларда өтті.

Зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Тастан, ағаштан және балшықтан жасалған ботайлықтардың қонысы дөңгелек пішінде болған. Жоғары жағынан түтін
шығатын қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас.

Археологиялық Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды. Мұнда 60 000 сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найза
ұштары, сүйектен жасалған инелер, қыштан жасалған ыдыстар және т.б. табылды.

Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таңғалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтер шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді.

Нәтижесінде анықталғаны – Ботай аттары бұрын белгілі жылқылар түріне жатпайтын болып шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан «Ботай аттары қолға үйретілген» деген пікірді ұстанды.

Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін «жылқылар қолға кеш үйретілген» деген
пікір айтылған еді. Ботай қонысынан табылған материалдарға әлемнің барлық ғалымы қызыға бастады.

Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан об­лысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Олар Ботай қонысы Еуразия даласындағы малшаруа­­шылығының орталығы болған деген ортақ пікірге келді.

Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Алайда Ботай жері сақтаған жұмбақтар әлі де толық ашылған жоқ.

Дереккөз:  

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
    Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева
  2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 2-том

Тарих пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Қаңлылардың өмірі туралы ақпарат
  2. Үйсіндер. Олардың мәдениеті мен шаруашылығы 
  3. Шырақ патшаның өмірі туралы деректер
  4. Істімі (Есмеми) туралы мәліметтер
  5. Зарина (Сара) деген кім?
  6. Бумын қағанның өмірі мен қызметі
  7. Аттила (Еділ) патшаның өмірі туралы деректер
  8. Анақарыс немесе Анахарсис туралы мәлімет
  9. «Ежелгі Қазақстан» тақырыбы бойынша тест сұрақтары жауабымен
  10. Тас ғасырының тарихи хроникасы
  11. Сақтар. Олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті
  12. Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ