ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)

0
3100
домбыра

Сабақтың мақсаты
– ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау.

Зерттеу сұрағы
Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген
дәуірі деп саналады?

Оқулық
ХІХ ғасырдағы музыка өнері. 173–175 беттер.

Тірек сөздер: музыка, күй, композитор.

Ресурстар
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011–2014.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Көрнекілік
Фотослайд, ХІХ ғасыр әнші композиторларының суреттері

Мақсатты айқындау
ХІХ ғасыр қазақ музыка өнерінің де гүлденген дәуірі болғанын, бұл кезеңде өмір сүрген қазақтың композитор, әншілері мен күйшілерінің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін қалағанын, халық композиторларының барлығы дерлік хат танитын, кейбірі орыс, араб тілдерін меңгерген, өз шығармаларын жаза алатын өз заманының білімді адамдары екенін жеткізу.

Осы заманғы композиторлардың шығармаларында өмір қайшылығы, тұрмыс-тіршіліктің боямасыз көрінісі, қоғам өмірінің маңызды әлеуметтік мәселелері, адамдардың күнделікті тұрмысындағы оқиғалар,махаббат, қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны айқын бейнеленгенін жеткізу.

Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Сарымалайдың күйлері мен әндерінің желісінде өздері өмір сүрген қоғамның тыныс-тіршілігінің көрініс тапқандығын жеткізу.

Дамытушылық маңызы. ХІХ ғасырдың, күйшілерінің шығармаларымен таныстыру арқылы қазақ халқының мәдениетін, рухани мұрасын құрмет тұтуға, шығармашылық ой-саналарын арттырып, қабілеттерін шыңдауға,өнер мен білімге деген құштарлықтарын, осы тақырыпты ғылыми зерттеу жұмысына алу мақсатын дамыту.

Тәрбиелік маңызы. ХІХ ғасырдың әнші композиторлары, күйшілерінің шығармаларымен танысу оқушыларды мәдени мұрамызды, рухани байлығымызды, халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді, эстетикалық талғамын “тұлғатанулық” танымын қалыптастырады.

Сабақтың деректік материалдары

Сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс. Танымдылық, ғылымилық.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. ХІХ ғасыр музыкасының көрнекті өкілдері.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасының ерекшелігі.
3. Құрманғазы күйлерінің негізгі желісі.

Сабақты “Ән күй”, “Қазақ әдебиеті” пәндерімен “пәнаралық байланысты” сабақ ретінде ұйымдастырып, ХІХ ғасыр күйлері мультимедиялық қондырғылар арқылы тыңдату керек. Сабақты сұрақ жауап түрінде өткізіп, оқушылардың тақырыпқа толығымен енуін қамтамасыз ету керек.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын кесте:

Қосымша тапсырма
ХІХ ғасыр күйшілерінің күйлері тыңдап, алған әсеріңмен бөліс.

Күйшілер, аты-жөні, өмір сүрген кезеңі Шығармалары Күй аспабы
     

 

Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін көрсетіңіз:

А) «Желмая»; Е) «Қосалқа»;
В) «Кішкентай»; F) «Желдірме»;
С) «Сарыарқа»; G) «Кісен ашқан»;
Д) «Соғыс»; H) «Аттан халқым, аттан».
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!

2. Ықылас Дүкенұлының күйлері:

А) «Жез киік»; Е) «Қосалқа»;
В) «Кішкентай»; F) «Желдірме»;
С) «Сарыарқа»; G) «Кісен ашқан»;
Д) «Жарым патша»; H) «Бес төре».

Тесттен 2 дұрыс жауабын тап!
3. Сыбызғышы Сармалайдың күйлері:

А) «Жез киік»; Е) «Қосалқа»;
В) «Қоңырқаз»; F) «Желдірме»;
С) «Сарыарқа»; G) «Нар идірген»;
Д) «Жарым патша»; H) «Бес төре».

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  5. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  6. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  7. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  8. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  9. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  10. Қазақ халқының ұлттық ойындары (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ