Химиялық реакция теңдеулерін құру

0
3215
Иллюстрация: Freepik.com

 

Пән/Сынып: Химия, 8
Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция теңдеулерін құру.
Оқу мақсаты: 8.2.3.3 – реакцияға қатысатын және түзілетін
заттардың формуласын жаза отырып, химиялық
реакциялар теңдеулерін құру
Сабақтың мақсаттары Барлығы: реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың
формуласын өрнектейді

Басым бөлігі: реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың
формуласын жаза отырып теңестіреді

Кейбірі: химиялық реакция теңдеулерін алгоритм
бойынша құрастырады.

Бағалау критерийі Білім алушы: реакцияға қатысатын және түзілетін
заттардың формуласын жазады; химиялық реакция
теңдеулерін құрады.
Ойлау дағдылары Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау
Тірек ұғымдар ü Реагент. Реакция өнімі. Коэффициент
Алдыңғы білім Зат массасының сақталу заңы
Құндылықтарды дарыту

 

ü Құрмет; Өмір бойы білім алу; Ынтымақтастық,
Сыни көзбен өз ойын талдай білу, Қарым-қатынас
жасау қабілеті;
АКТ қолдану Интерактивті тақта, ресурс парағы ,
бейнематериал, флипчарт,  интернет
материалдары.
Сабақтың  барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс — әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздерме!

Бүгінгі тақырып: Химиялық реакция теңдеулерін құру.

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құруды.

Сурет бойынша оқушылар өзара пікір алмасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды, сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, жетістік критерийлері хабарланады.

Топқа бөлу. ( 1,2,3 әдісі бойынша )

І-топ  «Реагент», ІІ-топ  «Өнім»

ІІІ-топ «Коэффициент»

«Сәттілік» әдісі арқылы (оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді)

Үй тапсырмасын сұрау.  «Ыстық орындық» әдісі бойынша \Топ рет санымен сұрақтарға жауап береді\

1. Зат массасының сақталу заңының теорилық және практикалық мәні қандай?

2.  Атом-молекулалық ілім тұрғысынан зат массасының сақталу заңын түсіндіріңіз.

3.  Химиялық реакциялар кезінде атом сандары өзгереді ме?

Бағалау: «Өзара бағалау»

 

Презента-ция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сәттілік»әдісі

«Ыстық орындық» әдісі

 

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

4 минут

«Джигсо» әдісі. Бір заттың басқа
заттарға айналу құбылысы – химиялық
құбылыс деп аталады. Мысалы,
ағаштың жануы. Ағаш жанғаннан кейін, күлге айналады. Бастапқы қасиеттері жойылып, мүлдем басқа затқа айналады. Химиялық құбылысты басқаша химиялық реакция деп атаймыз.

Реакциялар химиялық теңдеулермен жазылады. Химиялық реакцияларды  формулалармен немесе математикалық таңбалармен шартты түрде жазу – химиялық теңдеу деп аталады.

7-сыныпта сіздер реакция теңдеулерін мәтінмен жазып үйрендіңіздер. Мысалы, магний мен оттектің, темір мен күкірттің әрекеттесу теңдеулерін алайық. Келесі бейнематериалға назар аударайық (1-видео):

Бейнематериалдан көргендеріңіздей, магний мен оттек әрекеттескенде магний оксиді, темір мен күкірт әрекеттескенде темір (ІІ) сульфиді түзіледі екен. Енді осы мәтінмен жазылған реакция теңдеулерін жазуды үйренейік.

Реакция теңдеулерін жазу үшін берілген элементтердің таңбаларын жазамыз.   Екі жай зат әрекеттескенде түзілген өнім екі элементтің қосындысы болады. Яғни, магний мен оттекті қосып жазамыз. Екі элементтің де валенттілігі бірдей болғандықтан индекс қойылмайды. Енді реакция теңдеуін теңестіреміз. Ол үшін реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі әрбір элементті санап шығамыз. Оттек теңге дейін екеу, теңнен кейін біреу. Сондықтан теңнен кейінгі оттек бар қосылыстың алдына екі қоямыз. Ол жерге екі қойсақ, магний де екеу болады. Және теңге дейінгі магнийдің алдына да екі қоямыз. Реакция тең.

Темір мен күкірттің әрекеттесу теңдеуін жазамыз. Бұл реакция теңдеуі өзі тең. Химиялық реакция реагенттер мен өнімдерден тұрады. Реакцияға қатысатын бастапқы заттар – реагенттер, ал реакция нәтижесінде түзілетін заттар реакция өнімдері деп аталады. Мысалы, мына реакция теңдеуіндегі магний мен оттек реагент деп аталады, ал өнім магний оксиді.

Реакция өнімдерін жазуды толығырақ қарастырайық.

Химиялық реакция теңдеуін құрастырудың алгоритмі: Берілген элементтерді (қосылыстарды) таңбасымен жазу. Бастапқы заттарға сәйкес түзілетін өнімдердің формуласын құру. Реакция теңдеуін теңестіру

Көміртек пен оттектің, калий мен оттектің әрекеттескендегі реакция теңдеуін жазып көрейік.

1. Ол үшін алдымен берілген элементтердің таңбасын жазамыз:

С + О2

К + О2

2. Түзілетін өнімдердің формуласын құру үшін валенттілік немесе нольдік қосынды әдістерін пайдаланамыз. Валенттілік арқылы формула құру тиімді болғандықтан сол әдісті қайталайық.

Реакция өнімін дұрыс жазу үшін валенттілік арқылы формула құруды (немесе «нольдік қосынды» әдісін) білу қажет.

Валенттілік арқылы формула құруды қайта қарап көрейік. Ол үшін валенттілікті және сандардың ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) білу қажет

Көптеген реакциялар жүру үшін қыздыру қажет болады. Мұндай жағдайда теңдік белгісінің үстіне t0 белгісін қояды. Мысалы:                                   t0

2О = 2H2 + O2

Егер реакция нәтижесінде газ бөлінсе, формуланың қасына жоғары қараған бағдарша ↑, егер тұнба түзілсе төмен қараған бағдарша ↓ қойылады. Мысалы,

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu↓

             t0

2О = 2H2↑ + O2

1-тапсырма. Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазып, теңестіріп реакция теңдеуін құрыңыз.

1) Алюминий + хлор = алюминий хлориді

Жауабы: 3:3=1      3:1=3

                        3 III  I

1)    Al + Cl2 = AlCl3                   2Al + 3Cl2 = 2AlCl3 1Al = 1Al   2Cl  3Cl              2Al = 2Al   6Cl = 6Cl

Дескриптор: Білім алушы Реакцияға қаты-сатын және түзілетін заттардың фор-муласын жазады, реакция теңдеуін құрады.Бағалау: Топаралық. «Пікір айту» әдісі

«Химиялық мәтін » құрастыру ( жеке және топтық жұмыс орындау)

Тірек сөздер: Химиялық теңдеу, формула-лар, реакция, атом,  заттар, реакция өнімдері, зат массасының сақталу заңы, коэффициент, математикалық таңбалар, шартты, түрде жазу

Дескриптор: 1.Тірек сөздердің мағынасын түсінеді. 2.Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастырады.3.Құрастырған мәтін мазмұны бойынша талдайды.

Бағалау: «Бармақпен »

«Ой қозғау» әдісі бойынша «Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру» атты бейне-ролик көрсетіледі. «https://youtu.be/»  білім беру ресурсы.

Дескриптор:1.Реакцияға қатысқан заттар мен өнімді ажыратады. 2.ЕКОЕ-ні есептейді,  анықтайды.

Бағалау: «Өзін-өзі бағалау»

«Джигсо» әдісі

АКТ, суреттер

сөздіктер

Мәтіндер

 

Химия оқулығы
«Мектеп» баспасы

8-сынып

М.Қ.Оспанова

Қ.С.Аухадиева

Т.Г.Белоусова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Қорытынды

6 минут

Үйге тапсырма

Кері байланыс

Оқу тапсырмасы\ Қалыптастырушы бағалау. Мырыш пен  хлордың әрекеттесу теңдеуін жазып, теңестіріңіз.

Рефлексия: Еркін микрофон. Мен бүгін не білдім? §8. Химиялық реакция теңдеулерін құру /Оқу, талдау жасау

Бүгінгі сабақта: реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазуды, химиялық реакция теңдеулерін құруды үйрендім

 

Слайдпен жұмыс

Мұғалімге арналған ескертпелер
Оқушыларға екі сұрақтың бірін таңдауға мүмкіндік беруге болады.
Тілдік қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету мақсатында
сұрақтың үлгісін беріңіз.
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушы-ларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

 

Мәтінді қаншалықты меңгергендерін анықтау-да оқушылар сыни тұрғы-да  түйінді дәлелдер кел-тіруі тиіс. Берілген дескрипторлар бойынша топтар бір-бірін  бағалайды. Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасалынады.
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бос орынды өз
сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағы-ңызға қатысты
сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап
беріңіз.
Қорытынды бағалау.Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз
(оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Өзін-өзі бағалау,оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландырып,
бүкіл сынып бағаланды

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне
ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: «Химиялық мәтін» құрастыру  жеке және топтық жұмыстарды

орындау

Дереккөз: bilimainasy.kz

Басқа материалдар:

  1. Біліктілік тестілеу. Химия пәнінен тест тапсырмасы жауабымен
  2. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (Б, В, Г, Д әрпі бойынша)
  3. Химиядан ҰБТ сұрақтары жауабымен (А, Ә әрпі бойынша)
  4. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (І нұсқа)
  5. «Химияның алғашқы ұғымдары» тақырыбына тест сұрақтары жауабымен (ІІ нұсқа)
  6. Балықтың биологиялық классификациясы. Балықтың химиялық құрамы
  7. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  8. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ