«Блум таксономиясы» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары

Иллюстрация: Freepik.com

Теориясы:

«БІЛУ» мақсатына жету үшін  Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.

Бос орындарға қажет сөздерді қойып,мысал келтір.

  1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді.
  2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
  • Балам, қайданкелдің? –  Балам, (сен) қайдан келдің?
  • Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).

Ереже:Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.

  1. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?

Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:

  • Біріншісі:өзара желілес сөйлем тобында;
  • Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
  1. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

Теориясы:

«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

Бос орындарға қажетті сөздерді қой.

  1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
  2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?

Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның нетуралы екені белгілі болып тұруына байланысты.

  1. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?

Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.

Теориясы:

«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап.

Сөйлем түрі Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады? Басты ерекшелігін ата Жасалу жолын салыстыр
Толымды Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін. Қарапайым жай сөйлем
Толымсыз Ойға қатысты сөйлем мүшесініңбірі түсіп қалады Түсіп қалған немесе қажетболған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады. Екі түрлі жасалу жолы бар:

а) өзара желілес сөйлемдер тобында;

б)диалог жағдайында

Теориясы: 

«Жинақтау»Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек.

Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. Жауаптарын сәйкестендір.

Үлгі:

Не жазығым бар? Толымсыз сөйлем
Бұлаққа келе жатырмын. Толымсыз сөйлем
Кеш болды. Толымды сөйлем
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды. Толымды сөлем

Практикасы:

«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.

  1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
  2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, толымды сөйлем етіп шығар.

– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.
– Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.

Практикасы: 

«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма шартында болу керек.

Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар арқылы) күнделікті өмірде қолдану.

Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін қандай маңызы бар?

Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені, олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.

Кері байланыс — бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі

Теориясы:

«БІЛУ» мақсатына жету үшінКім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.

1-деңгей

  1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?

Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады, сондықтан ой толық жеткізіледі.

  1. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?

Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:

а) Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді.

э) Диалог жағдайында (екі не бірнеше адамның сөйлесуінде) жиі кездеседі.

Яғни, ойға қажетті мүшенің айтылмауы оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығында, жалпы, ойдың не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты. Мысалы,

-Айару! — деді Қамқа әжесі, — анау сөмке сенікі ме?

  • Менікі.
  • Ауыр ма?
  • Жеңіл.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»қарапайым үлгідегі  тапсырмалары орындалады.

Мына  сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдердіқұрылысына қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал.

Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.

Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш;

Абай – атау тұлғалы зат есім;

Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш;

Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш.

Теориясы:

«ТҮСІНУ»Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с.сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.

  1. Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді?

Себебі:

а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады. Мысалы:Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады.

ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. Мысалы: Шараны сайладьқ.

  1. Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз?

Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз.

Теориясы:

«ТАЛДАУ»1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр.

Үлгі: Үргеніш шешені:

  • Сөз анасыне?
  • Су анасы не?

-Жол анасы не? — деп сұрайды.

Сонда Сырым батыр:

  • Сөз анасы– құлақ,
  • Су анасы- бұлақ,
  • Жол анасы- тұяқ!- деп жауап береді.

Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп сұрайды.

Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап береді.

  1. Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт.

Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда,  шешендік сөздің көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді.

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ» Қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. Оқулықтағы жаттығуды орында (екі толымды, екі толымсыз сөйлемді теріп жаз. Толымды сөйлемде айтылмай қалған сөзді анықта)

Толымды сөйлемдер:

  1. Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын.
  2. «Осының бірі лайық қой» — деген қошеметші де бұл жиында жоқ емес.

Толымсыз сөйлемдер:

  • Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой.
  • Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес.

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш, т.б.сөздер тапсырма шартында болу керек. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.

Үлгі:

1) ж А л а ң
2) ж А қ с ы з
3) ж А қ т ы
4) т О л ы м с ы з
  • Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем қалай аталады?
  • Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі.
  • Құрамында бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем.
  • Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі.

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сұрақтары қатыстырылған тапсырмалар болуы керек.

  1. Төменде берілген сөйлемдердің құрылысы қалай жасалған?

Мен оны таныдым. Ағам! Атақты ағам! Аты осы атырапқа әйгілі ағам! Бейшара, бақытсыз ағам! Жүрегім аузыма тығылды. Көкірегіме өксік толды. Көзіме жас келді.

Бұл толымсыз сөйлемдер, оларды өзара желілес сөйлемдер тобына іріктеу арқылы жасалған.

  1. Сен қалай ойлайсың? а) бұл толымсыз сөйлемдерді толымды сөйлемдерге айналдырсақ, автордың ойын көркемдеп жеткізу тәсіліне нұқсан келе ме? ә) егер нұқсан келсе, себебін түсіндір; б) мұндай баяндау әдебиеттің қай түрінде кездеседі?

Шәкірт пікірі:

Менің ойымша:

а) жоғарыда берілген толымсыз сөйлемдерді толымдыға айналдырсақ, автордың айтқысы келген ойына ңұқсан келеді;

ә) себебі, ол сөйлемдердегі қажетті мүшелердің айтылмауы арқылы автордың жан тебіренісі байқалып тұр және кейінгі ойда алдыңғы ойдың желісі үзілмеген;

б) мұндай баяндау көркем әдеби шығармаларды жиі кездеседі.

«Блум түймедағы»

Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.

  1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы

әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық  диктанттарда, т.б. қолданылады.

  1. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің

түсінуімше, сіз …», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ,меніңше, сіз былай айтқан сияқты  болдыңыз…» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары  көңілмен берілуі керек.

  1. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен жапырақтар күз мезгілінде сарғаяды?» — деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».
  2. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.
  3. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға

алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» — деген сұрақтар бағалау  критерийлерін түсіндіруге бағытталған.

  1. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» — деген сипаттағы сұрақтар теория мен  практиканы ұштастырады.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Иллюстрация: Freepik.com

«Әуенді өрімдер»

Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру – тамаша көмек көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат.

Сонымен қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр үстіне нұр!

Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың  ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.

«Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме  ерекше әсер етті.

 «Байланысқан оқу»

Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулықшылаулар мен жалғауларды пайдаланады.

«Балалар философиясы»

Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру  үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау  анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету  үшін  топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.

 «Балық, құс, аң»

   Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» — деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:

— Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

«Барлық оқушылармен жұмыс»

                   Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

«Бас бармақ»

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

«Батискаф»

(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)

Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.

«Баяндама»

                   Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

«БББ»

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады

Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.

Белсенді оқылым тәсілдері

Бастапқы танысу

Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттерберілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.

Мысалы:Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, оларданассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына некелгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралыболады деп ойлайтынын талқыға салады.

Болжау

Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжауүшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.

Мысалы:

Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әріқарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өзболжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеулері тиіс.

Танысу үшін оқу және сканерлеу

Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтіндітез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшінпайдалануға болады.

Мысалы:Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпаратіздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мәтіндегі солақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып,мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпаратпа екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.

Мәнмәтінге қарап болжам жасау

Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін

мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.

Мысалы:Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған жолдың қалғанбөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің немағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адамбұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктіңбір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе«автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшіноқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.

Басқа сөздермен айту

Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.

Мысалы:Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады. Жаттығуды күрделіжәне қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзініңүйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.

  «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім  қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

«5-5-1»

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады.Соңында 5 сөзді 1 сөзгеқысқартады. Оқушылар өздерінің түйіндісөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

«Бинго»

3×3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек.  Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.

Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.

«Биографиялық поэма» (Биопоэма)

Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

  1. Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
  2. Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
  3. Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)
  4. Неден қорқамын, сескенемін?(Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)
  5. Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)
  6. Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?)
  7. Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
  8. Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?)
  9. Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
  10. Тегім

Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.

Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.

Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?»деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)атауды ұсынады.

Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.

«Блиц кездесу»

Екі әріптес  біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады.  Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін  негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

«Блок ортасында бағалау»

Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы  проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді.  Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.

Басқа материалдар:

  1. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  2. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  3. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  9. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Біз неге кітап оқуды тастап кеттік?

0
Қазіргі адамдар кітап оқуды бастаған сәтте  оқуға деген құштарлығы басылып қалады.  Екінші параққа келген кезде ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге алаңдап тұрады. Түрлі бейнелерді көруге немесе мемдер арқылы келген хаттарды парақтауға қызығушылық танытады. Таныс жағдай ма? Біз сізге қайтадан оқуды бастау үшін не істеу керектігін айтамыз. Ол үшін бізге заманауи трюктер, авторлық механика және әрине, олардың қосымшалары бар смартфондар қажет. Хабарламалар мен күлкілі суреттерге алаңдамай, осы мақаланы толығымен игеруге тырысыңыз.

Неге біз бұрынғыдай оқи алмаймыз?

Бұрын ойын-сауық түрлері аз болып, кітаптар сағатына бір шай қасықтан шығарылатын. Мысалы, Достоевскийдің «Қылмыс және жаза» романы 1866 жылы бір жыл бойы жалғасымен «Орыс хабаршысы» журналында жарияланып отыратын. Адамдар жаңа шығарылымды асыға күттіп, оны бастан-аяқ оқып, содан кейін қызығушылық танытқан клубтарда алған әсерлерімен бөлісетін. Енді кез-келген туындыны бір рет басу арқылы сатып алуға болатын заманда, біз тек Instagram парақшасында жылжып,біреуге пікір жазғымыз ғана келеді. Себебі неде?

Бір сөзбен айтқанда, барлығына домафин кінәлі. Мысалы, ВКонтакте желісін қайта-қайта жаңартқан кезде ми допаминнің жаңа бөлігін қалайды. Уақыт өткен сайын ол көбірек талап ете бастайды.

Бұрын бұл затты қателесіп, бақыт гормоны деп санайтынбыз. Домафин миға барған кезде адам қуанады, сол себепті тағы да оны қалап тұрады деп түсінгенбіз.  Алайда, уақыт өте келе ғалымдар домафиннің мәні осы бақыттан ләззат алуда емес, оны алуға деген ниетінде екенін түсіндірді. «Күту процессі нәтижеден гөрі жағымды» дегенді  сөзді естіппедіңіз? Бұл допаминнің жұмысын  дәл сипаттайды. Алайда, жаман әдеттен арылуға болады. Бұл біздің басты міндетіміз.


Екіншісі — заманауи кітаптардың тек көркем классикамен шектелмейтіндігін түсіну керекпіз. Әдебиет әртүрлі салалардан тұрады. Сіз өзіңізді қызықтыратын кез-келген жанрда тарихи, әдеби, публистикалық, ғылыми  кітапты оқи аласыз. Қазіргі кітап сөредерінде тек бұрынғы тарихи оқиғалар ғана емес, бүгінгі әлемге арналған көптеген керемет әдебиеттер бар. Егер сіз мүлдем кітап оқығанды ұнатпаймын деп ойласаңыз, алдымен өзіңізге ұнайтын кітапті іздестіріп көріңіз. Ол міндетті түрде табылады және сіздің оқуға деген құштарлығыңызды оятады.

Қайта оқуды қалай бастауға болады?

Хабарламалар мен мемдерге алаңдамай, мәтіннің басьан аяқ оқып шығу — тағы бір қиындық. Бақытымызға орай, адамдар бұл сұрақ туралы ойланып, бірнеше кеңестер құра алды. Біз оларды осында тізімдейміз.


Біріншіден, егер сіз гаджеттен оқып отырсаңыз, хабарландырулар мен интернетті өшіру керек. Бұл әдіспен баспагер Хью МакГуир бөлісті. Оның пікірінше, хабарламалар бізді кітаптан бас тартуға және жаңа ақпарат іздеуге итермелейді. Күлкілі суреттердің тағы бір бөлігіне қызығу мүмкіндігі жіңішке әріптер қатарын оқуға деген ықыласты бірден жояды. Сондықтан осы құмарлықты өзіңізден шектеңіз. Бізге сеніңіз, басында қиын болады, бірақ содан кейін үйреншікті дүниеге айналады.

Содан кейін не оқитыныңызды шешуіңіз керек. Классикалық нұсқа — қағаз басылым.  Бірақ сіз қарапайым кітапты түнде аша алмайсыз, ал кез-келген жерде гаджетті алып жүру ыңғайлы. Көпшілігі смартфонға адал болып қалатыны анық. Тек осы жерде олардың көру қабілетіне айтарлықтай зиян келтіретіні анық. Сіздің смартфоныңызда көзге зиян келтірмейтін, оқу режимі болады. Мысалы, HONOR модельдеріндегі бұл функция зиянды көгілдір жарықтандыруды өшіреді, осылайша экраннан оқудың жағымсыз әсерін азайтады.

Үшіншіден, егер сіз смартфонды қолдануды шешсеңіз, стандартты оқырманмен тіл табыспаңыз. Оқуға деген сүйіспеншілігіңізді қайтаруға көмектесетін кейбір мамандандырылған қосымшаларды жүктеңіз. Мысалы, Goodreads қосымшасы-кітап сүйетіндерге арналған нақты әлеуметтік желі. Онда сіз әдебиеттегі талғамы ұқсас достар таба аласыз, басқа қолданушылармен жылдам оқуда бәсекеге түсіп, әр түрлі кітаптардағы достардың пікірлерін оқи аласыз.

Тағы бір пайдалы нәрсе — Bookmate ұсыныс қызметі. Тіркеу кезеңінде сіз бірқатар сұрақтарға жауап бересіз, содан кейін бағдарлама сізге ең ұнауы керек кітаптардың тізімін көрсетеді. Сізге кездейсоқ кездесер деп үлкен цифрлық кітапхананы аралап шығудың қажеті жоқ.

Соңында, төртінші кеңес. Интернеттегі түнгі басқосуларыңызды кітаптың екі парағымен алмастырыңыз. Бұл әдіс сонымен қатар біраз ұстамдылықты қажет етеді, бірақ уақыт өте келе ол сіз үшін әдетке айналады. Біз төсекке барып, браузерді ақтаруды емес кітапты ақтаруды ұсынамыз. Бүл сіздің денсаулығыңызғада жақсы әсерін береді. Миыңыз тынығып, ұйқысыздықтың алдын алады.

Егер сізге кітапқа назар аудару қиын болса, біліңіз — сіз жалғыз емессіз. Барлығын хабарландырулар мен мемдермен алаңдатады. Алайда, мұны түзетуге болады. Ол үшін кеңестерге құлақ асу жеткілікті. Содан кейін әдебиеттің керемет әлемі сіздің алдыңызда қайтадан ашылады.

Мамандықты қалай таңдау керек?

0
Мамандық таңдау-адамның жас кезіндегі негізгі өмірлік мақсаттарының бірі болып табылады. Өйткені біз мамандықты таңдағанда өзіміздің өмір салтымызды қоса таңдаймыз.Міне, сол үшін де  кез-келген  өсіп келе жатқан адам болашақ мамандығын-өмірлік таңдауы деп қарастыруы керек.

Елімізде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, студенттер  орташа есеппен 20-26 мамандықты атап көрсете алады екен. Оған қоса, оқушылардың мамандық таңдау себептерін зерттеу барысында, балалардың мамандық таңдауында  ата-анасы мен туыстары  маңызды рөл атқаратыныны анықталды.

Мысалы: балалардың 25% – ы мамандықты өздері тәуелсіз таңдаса,ал 17% — ата-аналардың кеңесі бойынша, 9% — ы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен таңдайтын көрінеді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің тек 40% — ы мамандықтың мазмұнына назар аудара отырып таңдайды екен.Әдетте мектеп оқушысы болашақ мамандықты таңдағанда жеке қасиеттерін ескерместен, өзінің мүдделеріне қарай  таңдайды.

Мамандық таңдауКөптеген адамдар үшін мамандық таңдау өте қиынға соғады. Оның бір себебі, адам өз іс – әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқадыкінші жағынан, ол өзінің мүдделері мен мақсаттарына сәйкес болу үшін дұрыс шешім қабылдай алмауы мүмкін.Мамандық-бұл адамның физикалық және рухани күштерін қолданудың шектеулі саласы.Адамның мамандығы өмір сүру барысында дамудың қажетті құралдарын алуға мүмкіндік береді.Әлемде мыңнан астам мамандықтың түрі  бар. Оларды  мақсаттары  мен  еңбек жағдайларының белгілері бойынша бес түрге бөлуге боладыАдам – табиғат», «адам – техника», «адам – адам», «адам – белгі», «адам – көркем образ». Осы топ ішінен  кез-келген жас өмірліктаңдау жасауы керек болады. Таңдау жасау үшінмамандық адамға: біріншіден, қанағат, қуаныш әкелетін, екіншіден, қол жетімді; үшіншіден, адамдар мен қоғам қажетіне жарайтын болуы шарт.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Және де ересек  адам өмірінің үштен бірін жұмысында өткізеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық күйзелістен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз, өз таңдауыңызға байланысты. Келесі кезекте назарларыңызға мамандық таңдаудың  3 басты қадамын ұсынсақ.

Бірінші қадам:байыппен бағдарлай біліңіз.

    Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Ал, енді біреулер туғаннан маңдайына жазылған  ата-анасынының жолын таңдайды. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған ат үсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам:Дұрыс шешім өз қолыңызда

     Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.Осыны ұмытпаңыз.

                           Үшінші қадам:бейімділігіңізді ескеріңіз

    Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз.

 Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистика бойынша жыл сайын 25 млн адамөзінің жұмыс орнын ауыстырады.Ал, оның 12%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Осындай тізімге сізде ілікпейін десеңіз мамандық таңдаудан жаңылмаңыз. Ақыр соңында, мамандық сізде емес,  сіз мамандықты таңдайтыныңызды ұмытпаңыз.

Қошаева Гүлмира

Елбасы феномені

0
Қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Оның  бірегей тұлғалық сипаты ұзақ уақыт бойы отандық және шетелдік зерттеушілердің жоғары қызығушылығымен жіті назарында болдыТалай жыл азаттықты аңсаған, егемендікке жол бастап, ізеттілікке иілген халқымның  керемет  көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын.

 

Ол 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауындағы Үш қоңыр жайлауында дүниеге келген. Сол кезде жаңа туылған сәби атын таңдаудың өзі бір тарих болған. Қуанышқа жиналған туыстары балаға ат таңдауда түрлі есім ұсынған. Ақыры сәбидің әжесі Мырзабала: «Менің сүйікті немерем бір мезгілде Нұр және Сұлтан деген екі есімді арқалап жүрсін, оның есімі Нұрсұлтан болсын», – деп атын өзі қойған.Барлық әжелер сияқты Мырзабала да немересінің жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше рөл атқарған.

Ал Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш 1903 жылы Алатау тауының етегінде Назарбай бидің отбасында дүниеге келген. Әбіш Назарбаев көңілді, құрметтіадам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс, балқар тілдерінде де еркін сөйлеген деседі. Әбіш қазақ және орыс әндерін жанымен беріліп орындаған. Оған қоса, ол әңгімелесушіні  мұқият тыңдап, жақсы кеңес бере алған.Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болған.

Тұңғыш Президенттің жеке басының көшбасшы ретінде қалыптасуына түрлі факторлар әсер еткен. Сондай-ақ еліміздің игілігі үшін шығармашылық қызметте көрінетін көшбасшылық қасиеттері де ерекше ел назарына түскен. Осындай ерекше қасиеттер еліміздің сол кезде тәуелсіздікке қолжеткізудің себепші болған.

 

Сонау 1991 жылы болған оқиғаның қуанышы жақсылыққа үміт ұялатып, болашаққа деген сенімділік қалыптастырған еді. Мұндай тағдырлы сәтте билік басында тұрған басшының тұлғасы үлкен мәнге ие.


Қазақстанға сол уақытта уақыт сын-қатерлерін нәзік сезіне алатын, республика ішінде және одан тыс жерлерде болып жатқан қоғамдық-саяси процестердің сипатын дұрыс бағалай алатын жаңа буынның басшысы қажет болды. Дәл осы сәттеНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел мен оның халқыалдындағы орасан ауыр жауапкершілік жүгінмойнына алып, ұлттық рухты ояту жәнемемлекеттілікті жандандыру миссиясын толықорындаған көшбасшы болды.

Болашақтың белгісіздігінен, экономикалық хаостан, әлеуметтік бағдарланудан туындаған барлық қорқыныш пен күмәнді қабылдамай, ол Қазақстанды жалпы өркениеттік прогрессивті даму жолына бағыттай білді. Сондай-ақ, жоғары стратегиялық мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерінің шектідеңгейіне сәйкес келетін мұндай жетістіктерді Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тұлғалар ғана жүзеге асыра алады.

Олардың алып тұлғасы ғасырлар бойы ризашылық білдірген ұрпақтар үшін мызғымас бағдар болады. Ол бүгінде барша қазақстандықтар мақтан тұтатын орасан зор жетістіктер мен табыстарды сыйлаған нағыз «жасампаз жан».

Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақ елі үшін өте көп жақсылық  жасап,сан алуан үлестерін қосты және қазіргі кезде дейін қосып келеді. Қазақ халқының, яғни біздің оның алдында қарызымыз көп. Себебі,күллі қазақ халқы үшінкөсбасшы, өміріміздегі еңмаңызды адамдардың бірі. Қорыта айтқанда, біздің елбасымыз өмірінде көптеген қиындықтарды жеңіп, олардан сүрінбей өтті деп санаймын.


Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін, еліміздің халқы үшін көптеген жағдай жасады. Әртүрлі мемлекеттермен одақ кұрды және еліміз тәуелсіздікті алуы үшін барын салды. Президентіміз қойған мақсатына жететін, білімді, қазақ елінің мақтанышы, біртуар перзенті болып қала береді

Қошаева Гүлмира

«ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан»

0
Жақында  Абайдың туғанына 175 жыл толды.Осыған орай, мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен ұлы ойшылдың мерейтойын кең көлемде өткізу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын бастаған болатын.  Және де еліміздің барлық аймағында ұлы Абайды ұлықтау мақсатында мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ісшаралар өткізілді. Бірақ біздің мақсатымыз-жай ғана мерекелер өткізу емес. Ең бастысы-дүниетанымды кеңейту және халықтың рухани дамуына ықпал ету болатын.

    Абай Құнанбайұлы философ, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы. Оған қоса, композитор ретінде тарихымызда жарқын із қалдырған тұлға. Оның өлеңдерінде, әндері мен қара сөздерінде ұлттық нақыш айқын сезіледі, өмір салты мен тұрмысы, сенімі мен тілі көрініс табады, ұлт рухы байқалады. Сондықтан да оның шығармашылығын ерекше құбылыс ретінде бағалап, халық арасында «Абай әлемі»деген түсінік пайда болды.

Абай әлемін кеңінен насихаттау мақсатында өткен жылы Абай шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша челлендж-эстафета өтті. Оқушылар мен ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер, әлемге әйгілі адамдар бірнеше ай бойы Абайдың өлеңдерін оқып, «қара сөздерін» айтып, сайысқа түсті. Ал, қазақ халқы Абайдың шығармашылық мұрасына жүгініп, оны жаңа қырынан таныды. Бұл Абайға деген лайықты құрметтің көрінісі және сонымен бірге өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі болды.

   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің » Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажеттігін атап өтті. Ұлттық сана – сезімді сақтау және оны қазіргі заманға бейімдеу-мемлекеттік маңызы бар іс. Біз санамызды жаңғырта отырып қана, ХХІ ғасырда еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз.
Бұл мәселеде, Абайдың шығармашылық мұрасы үлкен көмек бола
алады деп есептеймін. Тіпті, қазіргі таңда ұлы ақынның шығармалары өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың философиялық ойларымен тұжырымдары бәріміз үшін рухани азық болыпқала береді. Ұлтты жаңғырту ісінде оның еңбектерін негізге алу керек.

                  Ұлттық бірегейлік коды

Модернизация дегеніміз жаңа құндылықтар үшін өткеннен бас тарту дегенді білдірмейді. Шындығында, бұл ұлттық мұраны адамзаттың ең жақсы заманауи жетістіктерімен сақтау және байыту. Бұл жерде Абайдың ойлары мен шығармалары бізге өз көмегін тигізеді.


Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлы ойшыл біздің ұлтты модернизацияға, жаңаруға шақырды. Бізге уақыт талаптарына бейімделу қажеттілігі туралы айтты.Абайдың шығармаларына тоқтала отырып, біз оның ұлттың дамуы мен өркендеуі үшін әрдайым риза болғанын көреміз. Прогрестің негізібілім мен ғылым екені белгілі. Осы мақсатта, Абай қазақ халқының қажымай оқып, дамығанын шын жүректен тілеген.

«Біз пайда табу мақсатында білімді игеруге ұмтылмаймыз» деген сөздермен олелдің әл – ауқатының негізін білімді азаматтарқұрайтынын атап өтті. Дәл осы тұрғыда Ұлы Абайдың мына бір сөзін есте сақтауымыз қажет.

«Пайда туралы ойламаңыз, ар-намыс туралы ойлаңыз, мүмкіндігінше білім игеруге тырысыңыз».

Бұл тұжырымдар бүгінде күнде өте өзекті мәселе болып табылады. Біз ХХІ ғасырда ғылымның қаншалықты тез, қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз.Біздің міндетіміз-тек қана алға ұмтылу емес, сонымен қатар көшбасшылық позицияны алу. Ол үшін біз білім беру жүйесін қазіргі заманғы трендтерге сәйкес дамытуға тиіспіз. Бұл салада Қазақстанда ауқымды жұмыс атқарылғаны сөзсіз, бірақ кемшіліктер де бар.


Абай әсіресе шет тілдерін үйренуге шақырды. Ол бұл туралы жиырма бесінші қара сөзінде былайдеді:

«басқа халықтардың тілі мен мәдениетін зерттей отырып, адам олардың арасында тең болады, пайдасыз сұраулармен қорланбайды».

Жаңа тарихи жағдайларда біз барлығымыз ана тілімізді дамытуға және дәріптеуге көңіл бөлуіміз керек, оның мәртебесін арттыруымыз қажет. Сонымен бірге ағылшын тілін үйренуге басымдық беру керек. Жастардың міндетті түрде ана тілін білуі маңызды. Бірақ біздің жастар неғұрлым әртүрлі тілдерді білетін болса, оның мүмкіндіктері де соғұрлым кең болады. Егер өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды меңгерсе, ана тілін білсе және құрметтесе, бұл ретте жастар полиглот болып табыладыұл біздің еліміз үшін әл-ауқат формуласы екенін естен шығармаған жөн.

  Ақын өз  шығармаларында халықты өзін-өзі жетілдіруге, жаңа дағдыларды игеруге шақырды. Біз бүгін айтып отырған зияткерлік ұлтты қалыптастыру идеясы да бізді Абайға бағыттайды деп айтуға болады. Ұлы ойшыл өзінің әрбір сөзімен ұлттық сананы дамытуға ұмтылды. Сондықтан Абай мұрасын терең зерттеу біз үшін өте маңызды.Абайды тану-өзін-өзі тану. Өзін-өзі білу, үздіксіз даму мен біліммен қатар, даналық береді. Бұл зияткерлік ұлттың көрінісі. Осыған байланысты Абай сөздері ұрпақ үшін бағдар болуы керек. Егер өз азаматтарымызды білімді және ағартушы ретінде көргіміз келсе, онда біз Абайдың еңбектерін зерделеуді тоқтатпауымыз керек.

Қошаева Гүлмира

Трэвел журналистика

0
Заманның дамуы мен технологиялық жетістіктердің арқасында ғылым тереңірек зерттеліп,қай саланың болсын жаңа тармақтары пайда болуда. Дәл осындай негізде журналистика саласында бұрыннан түсінік қалыптастырған,қазіргі таңда жаңашыл атпен дамып келе жатқан бағыттардың бірі — трэвел журналистика.Ал нақтырақ келгенде,трэвел журналистика дегеніміз не? Оның мақсаты мен міндеттері қандай? Тарихи қалыптасу жолы бар ма?

Трэвел журналистика көпшіліктің ойынша креативті,яғни көңілашар бағыттағы БАҚ саласы. Алайда,бүгінгі трэвел журналистика белгілі бір елдің сұлулығы мен көрнекті жерлерін сипаттайтын қолжазба, не бейнежазбалармен шектелмейді. Керісінше,миллиондаған ақша айналымы бар туризмнің барлық тармақтарын қамтиды. Мысалы,трэвел журналистиканың әлеуметтік аспектісі белгілі бір мемлекеттің құрылымы,тарихы, ділі мен тілі жайлы кеңінен хабарлайды.


Ал экономикалық тұрғыда мемлекеттің инфақұрылымы әлеуметтік жағдайы,иннов
ациялық жаңалықтары жайлы толыққанды мәлімет береді. Аталмыш сала осындай ерекшеліктеріне байланысты,түрлі жанр қалыптастырушы пішімдерге ие. Олар:репортаж,жолсапар очергі,жолжазба,ұсыныс(аналитикалық сипаттағы көрерменге саяхаттауына қажет кеңес).

Осы бағыттардың қалыптасушы кезеңіне үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың Ыстықкөлге, Қашқарияға саяхаттауы туралы жолсапар очерктерін негізге ала аламыз.

Саяхат арқылы көрші мемлекеттер бір-бірінің әскери қуаты,тұрмыс-тіршілігі,ішкі ахуалы жайлы ақпарат алу үшін сауаты бар,тіл білетін адамдарын саудагер кейіпінде жіберетін болған. Оның ең жарқын мысалы ретінде, Ұлы Жібек Жолы арқылы жолжазба жазып,ақпарат жинаған Қытай саудагерлерін айтамыз.

Еліміздегі трэвел журналистика 

Елімізде туризмді дамыту,саяхат журналистикасын жетілдіру,халықтың туризм бойынша білімін арттыру мақсатында арналар түрлі шоулар мен бағдарламалар түсірген болатын.

Мысал ретінде Қазақстан ұлттық арнасында көрсетілген “Жиһанкез”, жетінші арнадағы “Аян дала аңыздары” шығарылымдарын айтуға болады. Бағдарлама аясында Еуропа мен Азияның көптеген

елдеріне саяхаттап, базарлары мен дүкендеріндегі жергілікті бағаны еліміздегі бағамен салыстырады.

Теледидардан бөлек,заман ағымына сай электронды БАҚ-та трэвел журналистика бағытына жіті назар қояды.Оған дәлел Массагет порталында саяхат, әлемтану сынды рубрикалардың болуы. Саяхатты жоспарлау,билеттерді қолжетімді бағада алу,сапар кезіндегі лайфхактар,кеңестер жазылады. Демек,бұл саланың ел аумағында жақсы қарқынмен дамып келе жатқандығына көзіміз жетті. 

Телеарналардың басты мақсаты-туризмді,ашық ауада демалуды,ұлттық спорт пен мәдениетті танымал ету. KazakhTV” телеарнасы да саяхат тақырыбында өзіндік бағдарламасын түсірген.“OutDoorKZ” атауымен жарық көрген шығарылым Қазақстан өңіріндегі жабайы табиғат пен әсем жерлерді түсіріп,қызықты мәліметтер мен бөлісті.“OutDoorKZ” бағдарламасының бір шығарылымын алып көрейік. Әлемдегі ең ірі көлдердің арасында төртінші орынға ие болған Балқаш көлінің бойын жағалап,экспедиция өткізген.

Түсірілім тобы катермен,көлікпен,жаяу да небір шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Өрт сөндіруге қатысып,тоғай бұғылары қаптаған,жұмбағы мол шатқалдардан өтеді.Тамашалау барысында көрермен түрлі эмоция мен ақпаратқа кенелетіні анық.Трэвел журналистиканың ерекшелігі де сонда,әдебиетпен емес ақпаратпен жұмыс жасайды.

Қазақстандық туризм-ел аумағындағы шексіз далалар,жартасты таулар,көркем табиғат,көлдер мен өзендер,сәулет ескерткіштерімен бағаланады. Мәселен, Шымбұлақ тау шаңғы курортын алайық. Ол Іле Алатауы шатқалынан 2510 метр биіктікте орналасқан.Таудағы керемет көрініс,таза ауа,жұмсақ климат әсіресе қыс мезгілінде туристермен толысады.

Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі,шаңғы мен сноубордқа әуес қала тұрғындары мен туристер жиілеп келеді.Ондағы тау баурайлары мен шаңғы жолдарының арқасында шаңғыға алғаш тұрғандар да өздерін ширақ сезінеді.Шымбұлақ курорт орталығында мейрамхана,қонақ үй,боулинг,монша сияқты қажеттіліктер қамтылған.

Ал жаз мезгілінің шуақты күндері,мыңдаған демалушылар арнайы көтермелермен Талғар асуына шығады.Талғар асуынан альпенистер шыңдарды бағындырады.Ал одан да биік –тек жұлдыздар.Жұлдыздардың ғажап көрінісіне мөлдір таза суымен,шыршалы тұмса табиғатымен көрікті Көлсай көлінде куә болу тіптен керемет.Бұл әсем көрініс бүгінде маңызды туристік нысан.Тұп-тұнық болып көздің жауын алатын Көлсай көлі шынымен де ғаламат.Айналасы жасыл шыршамен көмкерілген табиғаттың тамаша туындысы.

Туристерге арналған коттедждер,ұлттық нақыштағы киіз үйлер,катерлер мен ескекті қайықтар,салт атпен серуендеу қарастырылған.Оған қоса ауылдың құрт-майы,қымызы мен шұбаты келушілердің сұранысына ерекше ие.Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлесін қосуда.

Туризммен бірге ұлттық құндылықтарымыз дамыса,оны халыққа паш ету жолында трэвел журналистика жандана түседі.Мұндай мүмкіндіктердің келешекте арта берері сөзсіз.Дәл осындай қарқынмен трэвел журналистика әлем мен қоғамның ең ірі салаларының біріне айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

Әсел Зейнуллина

Шет елдік жаңалықтардың Қазақстанда таралуы

0
Қазіргі таңда еліміздің тәуелсіз жаңалық порталдары кеңінен ашылуда. Бұл да Қазақстанның бір жетістігі болар. Шет елдік ақпараттарды ақиқат сүзгісінен өткізу арқылы «хайп» қуғандарды шындық жолына түсіру қазіргі БАҚ өкілдерінің міндеті.

Жаңалық таратқандардың барлығы журналист емес. Қоғамдық пікірді қалыптастырып, әлемдік жаңалықтардағы дәйектерін тексеру, зерттеу арқылы Қазақстандағы таралып жатқан әлем ақпараттарын бір арнаға түсіруге болады. Мысалы, шоу-бизнестен бөлек ғылым мен білім жағынан таралып жатқан Қазақстанның жетістіктері туралы ғана емес, әлемдегі новаторлық жаңалықтарды бастаған қазақтар туралы да көптеп ақпарат берсек те болады.

Алайда,  шет елден еліп Қазақстанда вирустан тез тарайтын фейк ақпараттар өте көп. Сондықтан, жеке зерттеу арқылы Қазақстанда таралған жаңалықтардың негізгі бағыттары туралы статистика жүргізіп көрейік.

Елімізді жайлаған ақпараттар 30% шоу-бизнес және бизнес туралы, 26%- әлемдегі саясат туралы. 22% — табиғат туралы, 12%-спорт жаңалықтары  ал қалған 10%-ы әртүрлі арналардағы жаңалықтар.

Бұл пайыздық көрсеткіш тек Қазақстандағы БАҚ туралы емес. ТМД елдері арасындағы медиа және телеақпарттар кеңістігін зерттейтін халықаралық журналистер орталығының тәуелсіз ұйымдары бекіткен. Әлемдік жаңалықтардан қалыс қалмау үшін,еліміздің ақпарат порталдары шет елдік БАҚ өкілдерімен ақпарат алмасуда.

Олар бірыңғай журналистиканың этикалық кодексіне сүйене отырып бір-бірінің ақпараттарына сілтеме бере отырып ақпараттармен жұмыс жасайды. Ал, дәл қазір ақпараттың ақиқат не фейк екенін табу үшін Фактчек.кз секілді тәуелсіз ұйымдар көбейіп, Қазақстандағы  ақпарат саласын жалған ақпараттардан тазартуда.


Қорыта айтқанда, жаңалық жаршылары бүгінгі оқиғаны ертеңгі тарихқа айналдырып отырады, болашақ ұрпаққа тарихтың ақиқатын жеткізу жаңалық жаршыларының ақиқатқа деген ізденісінде.

                                                                                             Мадияр Бабахан

ҚазҰУ — биік шыңдарға жетелейтін білім ордасы

0
ҚазҰУ

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар – болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда адам капиталына құйылып жатқан инвестициясының артып келе жатқанын байқауға болады. Адам капиталы білім, адамның қоғамдық ресурсы мен оның мәдени потенциалы арқылы анықталады. Уақытқа бағынбайтын заманда тек адам капиталын жетілдіре білгендер ғана жетістікке қол жеткізе алады. Ал, басты адам капиталы жастардан тұрады.

Жастар бағалы ресурстардың – білім, қабілет, мотивация, ақпаратты қабылдау және дамыту дағдысы, үздіксіз білім алу мен тәжірибе мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Заманауи қазақ жастарының қоғамы өзге аға буындарға қарағанда ерекшеленеді: олардың өзіндік қағидалары, құндылықтары мен жетістікке жету барысында қолданатын тәсілдері бар. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс деген» болатын.

Адам өмір бойы ізденіс үстінде болуы шарт. Әрдайым жаңа нәрсені танып білу мен білім көкжиегін кеңейту сізді тек жетістіктерге жетелеп қана қоймай, тұлға ретінде дамуыңызға үлкен септігін тигізеді. Бірақ, «оқу инемен құдық қазғандай», -дейді дана халқымыз. Ілім іздеп, көкірек көзін ашуға тырысқан жандардың алдынан түрлі қиындықтар кездесері хақ.

Алғашқысы — дұрыс таңдау жасау. Алтын ұя мектебінен алысқа ұшып, үлкен өмірге жаңа қадам басатын түлектер үшін өздері болашақта білім алып, кәсіби маман атануына негіз болатын жоғары оқу орнын таңдау — үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Осы сәтте алдымен сізге бар жақсыны тілейтін ата-ананың кеңесі мен өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сүйену дұрыс шешім қабылдауыңызға көмек береді. Немістің ұлы философтарының бірі Георг Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам».

Демек, сіз нақты не қалайтыныңызды айқындап алғаннан кейін, мақсатыңызға бір табан жақындай түсу үшін өзіңіз оқығыңыз келетін жоғары оқу орны жайлы барынша мәлімет алып, біршама ақпараттар жинауыңыздың өзі білім іздеу жолындағы алғашқы саты.

Осыдан 1 жыл бұрын дұрыс таңдау жасауымның нәтижесінде тарихы сонау 1934 жылдан бастау алатын, ал бүгінде Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орны саналатын, әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, қазіргі уақытта кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды дайындау барысында адал тер төгіп жүрген ең мықты ұстаздар қызмет ететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығының студенті атандым.

Білім нәрімен сусындағысы келетін әрбір студент үшін — ҚазҰУ жетістіктің желкені. Мен үшін ҚазҰУ студенті атану — мақсатыма жету жолында бағындырған алғашқы шың! Неліктен таңдауым дәл осы жоғары оқу орнына түсті деген сұраққа жауап бергім келеді. Бірнеше себептерін санамалап айтар болсам: Біріншіден, мен таңдаған мамандықтың іргесі ҚазҰУ-да берік қаланған. Қазақ әдебиетінің небір майталмандары мен білікті ғалымдары «қара шаңырақта» білім алған.

Қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов, Ә. Нұршайықов, Б. Кенжебаев сияқты шоқтығы биік тұлғалар тәлім алған ордада оқуымды үлкен мәртебе көремін. Университет бүгінгі таңда 180 мамандық бойынша мамандар дайындайтынын атап айтқан жөн. Екіншіден, ҚазҰУ әрбір студенттің сапалы білім алуымен бірге, өмірде екінші рет қайталанбайтын студенттік шақты қызықты да есте қаларлықтай өткізуге, тұлғалық дамуыңызға жағдай жасайды. Сізге қойылатын басты талап белсенділік таныта отырып, шығармашылық қабілетіңізді көрсету.

ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті – бұл барлық студенттік ұйымдар мен қызығушылығы бойынша клубтардың бірлестігі. Атап айтар болсақ, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы, «Студенттер сенаты», «Жоғары студенттер кеңесі», «Көмек» еріктілер қозғалысы, «Болон үдерісі бойынша студенттік бюро», «Студенттердің ғылыми қоғамы», «Жас Отан жастар қанаты», «Алтын сапа» дебат клубы, «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы студенттердің әлеуметтік, азаматтық және кәсіби қалыптасуына көмектесе отырып, қоғамдық шараларға белсене ат салысуға үндейді. Әрбір ұйымның көздеген мақсаты мен алдына қойған міндеті бар.

Үшіншіден, ҚазҰУ студенттің оқып жатқан мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауына көмектесіп қана қоймай,танымы мен білімін кеңейту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады. Академиялық ұтқырлық- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда университетте ішкі және сыртқы академиялық мобильділік бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Cыртқы академиялық мобильділік бағдарламалары — cтуденттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың шетелдік білім беру және ғылыми мекемелеріндегі қызмет атқаруы.

Ішкі академиялық мобильділік бағдарламалары — жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттердің білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың қызмет атқаруы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің беделді деген 300-ден астам университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. ҚазҰУ екі халықаралық университет желісі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті (ШЫҰУ) және Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығы Ашық университетінің желісі аумағында белсенді түрде жұмыс жасауда. Соңғы жылдарда сапалы, әрі динамикалық дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыт болып табылады. Жыл сайын ҚазҰУ 2000-нан астам студенті тілдік, ғылыми іс-тәжірибеден өту мақсатында шетелдік білім және ғылым мекемелеріне жіберіледі. Университет жыл сайын 600-ден астам университет мұғалімдері мен қызметкерлерін ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азияның жоғары оқу орындары мен ұйымдарының шақыруымен халықаралық конференциялар, кездесулерге қатысу мақсатында іс-сапарға жібереді.

Төртіншіден, ҚазҰУ-дың заманауи үлгіден салынған көз тартар нысандары. ҚазҰУ қалашығының қатарында «Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы», «ҚазҰУ кітапханасы», «Магистранттар мен студенттер үйі» сияқты ғимараттарды ерекше атаған жөн.

Әрдайым жастарға жол сілтеп, шамшырақ секілді нұсқаушы бола білген Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзін көңілімізге тоқып, жадымызда ұстағанымыз жөн: «Сендер алатын сапалы білім бар болғаны жолашар интеллектуалдық капитал болып табылады. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет».

Расында да, білім алу мен оны пайдаға жаратудың арасалмағын ажыратуымыз қажет. Дәл осы уақытта, университет қабырғасында іргетасымызды мықты етіп қаласақ, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. «Ел ертеңі — жастар болғандықтан», біз алған капитал айналысар адал кәсібімізге берік тұтқа болуы қажет. Мен үшін ҚазҰУ — дамудың даңғыл жолына жетелейтін білім ордасы.

Айнур Галымжанова, 1-курс студенті
Арайлым Шаңбаева, дінтану және мәдениеттану
кафедрасының аға оқытушысы

“Бақытты отбасы” орталықтарының атқаратын қызметі

0
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларына жан-жақты көмек көрсету мақсатында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша«Бақытты Отбасы» орталықтары жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі күні қаланың әр ауданында орналасқан 9 орталықтың есігі ашық.

 

Орталықтың мақсаты: Алматы қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартып, экономикалық тәуелсіздігін нығайту. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайдан шығулары үшін жеке мотивацияларын нығайту.

Бұл орталықтарда көп балалы және аз қамтылған отбасылар келесі мамандардың кеңестерін тегін түрде ала-алады:

заңгерлердің (тұрғын үй қатынастары, АӘК тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, алименттер және т.б сұрақтары бойынша);

психологтардың (балаларды тәрбиелеу, тренингтер өткізу, қиын өмірлік жағдайдан шығу, отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу және т.б. мәселелер бойынша);

әлеуметтік қызметкерлердің (отбасының қажеттіліктерін анықтау, жеке жұмыс жоспарынқұру және т.б);

жоғары санатты педиатрдың (2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін денсаулық проблемаларын алдын-алу шаралары бойынша).

Сонымен қатар, «Бақытты Отбасы» Орталықтарында:

ересектерге арналған; ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін сөмкелері, компьютерлік біліктілік және т.б

балаларға арналған; арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі сынды курстары тегін түрде өткізіледі.

Осы уақытқа дейін «Бақытты отбасы»Орталықтарында 33 мыңнан астам адамтіркелді, 54 мың адамғаақпараттық-кеңестік көмек және ресурстық қолдау көрсетілді, 29 мың адамғаәдістемелік және заңгерлік көмек, 4 мың адамғасалауатты өмір салты бөлмесінің қызметі ұсынылды, 29 мың адам – «Бақытты отбасы» Орталығының базалық тренингтерінен өтті, 20 мыңнан астам адам оқыту курстарынан өтті.

Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, үйлестірушілердің және HR-менеджерлердің консультацияларын онлайн немесе телефон арқылы ала алады. Мастер-класстар, аналар мен балаларға арналған оқыту курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн өткізіледі.

Бүгінгі таңда «Бақытты Отбасы» Орталығының базасында әр ауданда «ISKER ANA» бағдарламасыіске асырылуда.

«ISKER ANA» бағдарламасымен көп балалы аналарға тіркеу, заңгерлік және психологиялық көмектен бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға, бизнес-жоспар құруға, өз бизнесін ашуға, грант немесе микрокредит алуға дейін қадамдық жұмыс ұсынылады.

Ағымдағы жылы Көп балалы және аз қамтылған отбасыларды жұмысқа орналастыру және өз бизнесін дамыту мақсатында демеушілер арқылы Әуезов ауданында тоқыма және азық-түлік өнімдерін қолдан сату үшін 4 сауда нүктесі ашылған болатын. Олар: «Тиграхауд», «Арыстан» сауда үйлерінде, «Сары – Арқа» және «Арыстан» базарларында азық-түлік нүктесі ашылды. Алмалы ауданында«әлеуметтік тігін цехы» (Алматы қаласы, Жібекжолы көшесі, 135) өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданында көпбалалы аналардың қолдан жасаған тауарларын сататын«ISKER ANA» сауда үйі (Алматы қаласы, Сүйінбайдаңғылы, 263) ашылды. Сауда үйінде заманауи стильдегі ұлттық костюмдер, құрақ-көрпе, ұлттық нақыштағы әшекейлер, әйелдерге арналған киімдер сатылымға қойылды, сондай-ақ киімдерді өңдеу және жөндеу бойынша қызмет көрсету көзделген.

Әнел САДЫҚ