Ілме ауруының белгісі мен емі қандай?

0
3472
Иллюстрация: Freepik.com

⠀Ілме— кейбір жерлерде сиырма немесе тарауық ауруы деп атайды. Адамның қаны қоюланып, ағзадағы қан айналымы бұзылады.

Басы ауырғаннан, науқас жатып қалады. Денесі ұйып ауырады. Көк желкесі тартып ауырады, денесі қалжырап, әлсірейді. Ішек, көкбауыры мен асқазаны әлсіреп, денесі түршігеді. Аузының айналасы көгеріп, аяқ-қолдары тартылады. Арықтайды, көздері шүңірейіп кетеді. Кейде іші өте береді. Ілме болса адамның жүрегіне шаншиды, кенеттен жүрегі ұстап қалуы мүмкін.

Ілме ауруына— терлеп тұрып суық жерге барып тоңып қалудан, суық тамақ ішуден, қатты жел тиюден, суық сүйекке өтіп кеткеннен, тамақтан ұшынып ауырудан жолығады. Әсіресе қаны қою, көкауыр қызметі нашар адамдар жиі ауырады екен.

Ілмені емдеу:

-Егер науқас тұра алмай, өте ауыр халде болса- адамды ағынды тастай суға бірден салып жіберген. Сонда науқастың денесі тітіркеніп, қан тамырындағы бөгеліп тұрған қандар бірден сұйылған. Науқастың сол сәтте-ақ құрыс-тұрысы жазылған. Бұл да бір ұшықтаудың түрі.

-Таза мыс теңгелермен арқа, кеуде, алақанды, табанды, балтырды, самайды 2 ас қасық тұз салынған сумен араластырып, жоғарыдан төмен қарай тарайды. Теңгемен тараған кезде қара күрең ұйыған қан тері сыртына шығады.

— Мұздай ағынды су табылмаса- науқасқа 3 кесе сап-салқын суды жұтқызып жіберген. Салқын су асқазан, бүйрек, басқа да ағзаларды тітіркендірген. Денедегі қою қан сұйылып, қан айналым реттелген.

— Қандауырмен арқадан жеті жерден, кеуде жағынан тоғыз жерден іліп қиған. Сол қара қандарды сарқып алып тастаған. Міндетті түрде ілетін жердің санын тақ сан етіп алған.

— Ілме ауруымен ауырған науқасты қара сабынмен денесін жуындырған. Шомылудан соң науқастың құрыс-тұрысы бірден жазыла бастаған.

-Ілме ауруында денеден қан шығару өте шипалы. Бұрын тарау, теңгемен іліп қан шығарса, қазірде ине салу, хиджама жасату өте жақсы көмектеседі.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ