Интернеттен табыс табуға болатын қызметтер

0
916
Иллюстрация: Freepik.com

ДИЗАЙН. Қазір күннен-күнге блогерлер, бизнеспарақшалар саны біршама артып жатыр.  Өз парақшасын, курсын, нұсқаулығын (чек лист) безендіргісі келген блогерге сиқыршы дизайнердің көмегі ауадай қажет.

НҰСҚАУЛЫҚ (ЧЕК ЛИСТ). Қазір блогерлер арасында танымалдылығы артып келеді. Бұл идеяның болашағы зор. Жалпы, чек листтың бағасы соншалық толағай емес, бірақ тапсырыс саны көп болса, әңгіме басқа.

САЙТ ЖАСАУ. Қазір өте мәшһүр қызметтердің бірі. Бір нәрсе сататын табысты бизнесменнің түптің түбінде жеке сайтын ашуға ойы кететіні анық.

КОПИРАЙТИНГ. Инстаграмда иә сайтта болсын жарияланатын жарнаманың жұртты елең еткізетін мәтінге зәру екені айтпаса да түсінікті.

ТАРГЕТ ҚЫЗМЕТІ. Жарнама — қазіргі замандағы ең өтімді құрал. Сондықтан бұл қызметтің өтімділігіне де шүбә жоқ.

БЛОГЕРЛЕРДІҢ МЕНЕДЖЕРІ. Жұлдызы жанып, дәурені жүріп тұрған әр блогерге жұмысының жартысын сеніп тапсыратын пысық көмекші керек.

ЖАРНАМА ҮЛГІЛЕРІ. Жарнамасыз ән қайда, жарнамасыз сән қайда? Сондықтан жарнаманың креативке толы, жарқ-жұрқ еткен үлгілерін жасау арқылы қыруар пайдаға кенелуге болады.

КУРС, МАРАФОН, МАСТЕР КЛАСС, ВЕБИНАР ӨТКІЗУ. Егер сіз бір саланың мықты  эксперті болсаңыз, қасықтап жиған біліміңізді шелектеп ақшаға айналдыру оп-оңай.

ФОТО, ПРЕСЕТ ӨҢДЕУ. Әдемі, ұқыпты, біртекті аккаунтқа әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ фотоларды бірізді етіп өңдеу бәрінің қолынан келе бермейді.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ