Карбон қышқылдары

0
6826
Freepik.com

Карбон қышқылдары — құрамында функционалдық, топ COOH (карбоксил) бар көмірсутектердің туындылары.

Кейбір көп тараған карбон қышқылдарының атаулары:

HCOOH — метан қышқылы — құмырсқа қышқылы

СH3COOH — этан қышқылы — сірке қышқылы

С2H5COOH — пропан қышқылы — пропион қышқылы

С3H7COOH — бутан қышқылы — май қышқылы

С4H9COOH — пентан қышқылы — валериан қышқылы

C6H5COOH — бензолкарбон қышқылы — бензой қышқылы

СOOHCOOH — диэтан қышқылы — қымыздық қышқылы

Физикалық қасиеттері

Төмен карбон қышқылдары — өткір иісі бар түссіз сұйықтықтар. Молярлық массалары өскен сайын қайнау температуралары өседі. Төмендегі өнімдер құрамында болады:

HCOOH — құмырсқа нәжістері, қалақай

СH3COOH — ашыған өнімдер

С2H5COOH — ағаш шайыры

С3H7COOH — сары май

С6H5COOH — қалампыр майы

(COOH)2 — қымыздық, шпинат, томат

Химиялық қасиеттері

Қарапайым карбон қышқылдары суда ериді, қайтымды түрде сулы ерітіндіде диссиоциацияланып, сутек катиондарын түзеді:

CH3COOH = H(+) + CH3COO(-)

Және жалпы қышқылдық қасиеттерді байқатады:

2CH3COOH + Мg = Mg(CH3COO)2 + H2 ↑
2СH3CH2COOH + Ca(OH)2 = Ca(CH3CH2COO)2 + 2H2O ↑

Іс жүзінде карбон қышқылдарының спирттермен әрекеттесуінің маңызы зор:
CH3COOH + CH3OH = CH3COOCH3 + H2O

HCOOH қышқылы «күміс айна» реакциясында альдегидтік қасиетін көрсететінін атап өту қажет.

Басқа материал:

  1. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  2. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  3. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  4. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  5. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  6. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  7. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  8. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ