Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз

1
2789
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығармашылық өнерімен айқын із қалдырған әнші – ақындардың бірі – Ыбырай Сандыбайұлы.

Кешегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ топырағындағы тарихи-экономикалық және әлеуметтік-рухани өзгерістер, патша саясаты ақынның көңіл күйі мен өмірлік көзқарасына әсер етпей қалмады.

Ыбырай сол заманның ащы шындығын айыптау арқылы «Қалдырған» деп аталатын терең философиялық толғауын жарыққа шығарады. Бұл толғауда қандай астырлы шындық жатыр деп ойлайсыз ? Сыршыл ақынның мына сөзінең біз өз өміріне шолу жасағандығын байқаймыз.

“Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап, құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайраңдап ғұмыр кештім. Енді, міне, алпыстан асқан шағымда сұм дүние теріс айналды, мені іздейтін жан қалмады” деген екен.

Шығарманың соңында Ыбырай сақал-шашы аппақ құдай асыумен бейнелегенін көреміз. «Қалдырған» толғауында ақын мұңы мен кіршіксіз көңіле сырын толық байқауға болады. Оны кіршіксіз ақын талай-талай тауқыметті бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, енді тағдырдын түбінді кезеңінде аяқ басқан сәті осы «Қалдырған» тамғауымен байланысты.

Өмірінің соңғы кезеңдерінде баяғы жолындаған жастықтың қайта айналып келместігін түсінген ақын өткен өміріне тек көз жүгірте алатын ұғынды. Барлық жұмыр басты пенделер бұл өмірдің, заңына бас елді. Біреу келіп, біреулер кетеді. Үкілі Ыбырайда өмірінің соңғы сәтінде осы талғауымен дүниенің жалған зат әрі қайта оралмас шық екенін түсінді.

Қорыта келгенде, дарынды әнші-сазгер, асқақ үнді ақын Ыбырай Сандыбайұлы өз заманындағы әр алуан әлеуметтік мәселердә көтерген алдыңғы қатарлы өнер қайраткерлерінің бірі болды.

Ұқсас материал: 

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
  3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)
  5. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
  10. «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі

1 ПІКІР

  1. Қазақтың белгілі сазгері, алдына қара салмаған ақиық ақыны, аспандағы аққуға үнін қосқан дүлдүл әншісі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлын көрген, өз ауызынан әнін естіп, өміріне әбден қанық болған жерлесіміз, ақын Ғалым Малдыбаев бір естеліктерінде “Қалдырған” деген сөздің мағынасы барлық ән-жырымды кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырдым дегенді білдіреді”, – деген Ыбекеңнің бірауыз сөзін келтіреді.
    Шынында да,
    “Алпысқа келдім жамағат,
    Көрмедім ешбір жаманат,
    “Қалдырғанды” тапсырдым,
    Сұраған саған аманат”, –
    деп, әрқашан жанынан табылатын шәкірті, жанын қияр бауыры Сұраған әншіні атап, аманаттап тапсырса да, кейінгі күллі ұрпаққа тіл қатып тұрғанын байқауға болады. Кейде сахнада тұрып, халық өзі ерекше ықыласпен қабылдайтын осы бір әнді аяқтар кезде Сұраған емес, “Сарыарқа саған аманат”, деп ауыз толтырып айтқың келеді. Айтып та жүрмін. Себебі, Сарыарқа айрандай ұйыған қазақтың ежелден құтмекені, төсінде малымыз жайылып, көгінде әніміз әуелеген – әнмекен. Ал “Қалдырған” – осынау ұлы даланың еркесі, халқының қалаулысы Ыбырай Сандыбайұлының сырға толы үлкен туындысы. Ақанның “Шырмауығы”, Біржанның “Теміртасы” сияқты өмірі мен шығармашылығының тоқ етер түйіні іспетті Ыбырай да осы бір соңғы әнінде сал-серілік дәстүрді сақтап, халық жадынан еш кетпестей әдемі түйіп, оны келешек ұрпаққа аманаттап кетті. Ал сіз бен біздікі аманатқа қиянат қылмаудың қамы болғаны абзал. Расында да, “Қалдырған” – Ыбырай бабамыздың соңғы әні. Алпысты алқымдаған Ыбекеңнің күмбір көкірегін жарып шыққан бұл әнді Сұраған әнші тілеулес дос-жаранға құйқылжытып орындап жеткізгеннен кейін ауылдың сыйлы ақсақалы Шалабай қария Ыбекеңді іздеп келіп: “Уа, Ыбырай, мынауың ерте қоштасу ғой” дегенде, ол: “Жоқ, осы қоштасу дәл кезіндегі қоштасу болды”, – деген екен. Алайда, бұдан кейін 10 жылдан артық уақыт өмір сүріп, 70-тен асып дүниеден өткен Ыбекең бірде-бір ән шығармағанын кейінгі шәкірттері де, өнер зерттеушілері де жазған болатын.
    Қызығың дүние өткен күн,
    Кейінгі қуып жеткен күн,
    Байланбаған асаудай
    Сырт айналып тепкен күн.
    Берейін жастар батамды,
    Сендерге тізгін көшкен күн,
    Кәрілер бесік тербетіп,
    Жастар гүл-гүл өскен күн.
    Кейінгіге өсиет әрі үміт артып, жастықтың сан алуан қызықтарының артта қаларын, тек елестей болып, есіңді шығарарын баяндаған осынау тәлімі мен тағылымы мол шығарманың қалай дүниеге келгені жайында көптеген зерттеушілер естеліктерінде, зерттеулерінде келтіреді. Атап айтсақ, Молдахмет Тырбиев, Ғалым Малдыбаев, Молдахмет Ержанов, Ілия Жақанов, Сәркен Құлмағамбетов, Кәкімбек Салықов. Әннің шығуына қатысты ел ауызында әдемі өріліп, аңыздай тараған әсерлі әңгімелер өте көп. Жалпы, Ыбекең кез келген ән туар алдында ұйықтап жатып түс көреді екен. Түсінде аққулар қонған айдын көлдің арғы бетінен сұлу келіншек күле қарап, теңселе басып қарсы жүрсе, сол күні дүниеге жаңа ән келеді. Міне, “Қалдырған” да осындай беймаза түннен кейін атқан күнмен жарыса туып, Ыбекеңнің ән-жырдан сарай салған қайран кеудесін жарып шықса керек.
    Біржан ЕСЖАНОВ,
    дәстүрлі әнші, өнер колледжінің оқытушысы.

    Қарт жүректі елжіреткен «Қалдырған» әнінің қалай туғанын айтайын. Осы әндегі Сұраған деген кісі қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Келлер ауданы, Талап деген жердің тұрғыны. Үкілі Ыбырай бір тойда өзінің әнін сол Сұрағанның орындауында естіп, қатты риза болған.Содан соңғы шумақты «Сұраған саған аманат» деп,яғни осы әнді келешек ұрпаққа жеткізуші сен деген екен. Міне, сол Сұраған сияқты әншілердің арқасында «Қалдырған» әні бүгінгі ұрпаққа жетті. Ал бүгінгі оны ұрпаққа жеткізеді деген ойдамыз. Ал қазіргі кезде «Сұраған жанға аманат» деп бұрмалап жүр, бұл дұрыс емес

    Әнші Сұрағанның ұрпақтары бар, ол Келлер ауданы емес казіргі Аққайың ауданы Қызыл Жұлдыз деген жерде өмір сүрді және сол жерге жерленген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ