Контент-жоспар құрудың пайдасы

0
2187
Иллюстрация: Freepik.com

Өзіңіздің бизнес парақшаңызды ашқан болсаңыз, «Неден бастаймын?», «Бүгін не туралы жазамын?», «Тауарымды қалай сата аламын?» деген сауалдар туындауы әбден мүмкін.

Ал ол сұрақтардың жауабын табамын дегенше, біраз уақытыңызды жоғалтып, нәтижесінде сапасыз инстаграм парақша шығады. Сол себепті алдын
ала жоспар құрып алғаныңыз жөн. Яғни «контент» дегеніміз – парақшаны жоспарлы түрде ақпаратпен толтыру. Сіздің парақшаңыздағы әдемі фотосурет,
қызықтыратын видео мен әсерлі мәтін де контент болып табылады. Контент-жоспар жасау барысында жариялау уақыты, апта күні, уақыты, жазбаның
тақырыбы, қызықты айдарлар ойластырып, жоспарды кесте түрінде 1 айға құрғаныңыз жөн.

Контент-жоспар құру барысында: Оқырмандарыңыздың нені қалайтынын біліңіз!

Инстаграм парақшаға пост жүктер алдында өзіңіздің аудиторияңыздың кім, жасы қаншада,немен айналысады, қандай қызығушылығы бар, сіздің парақшадан қандай пайдалы ақпарат білгісі келетінін зерттеп көріңіз. Қазіргі кезде парақшада
оқырмандармен кері байланыс, сауалнама, пікір білдіру өте жеңіл. Бұл мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануыңызға болады.

Сіз кім үшін жазып отырғаныңызды біліп, кейін қандай тақырыпты қозғайтыныңыз, оны сағат нешеде жүктейтініңіз және қандай нәтижеге қол жеткізетініңіз де аудиторияға
байланысты. Оқырмандар сіздің салаңызға байланысты қандай ақпараттарды іздейтінін де интернет желісінен қосымша қарап шықсаңыз, ол да сізге тамаша идея сыйлауы мүмкін. Постқа тауарды жарнамалаумен қатар, оқырман назарын аударатын
пост жариялау үшін жинаған ақпараттарыңыз бен жауап берген сауалдарыңыздың нәтижесінде олардың қызығушылықтарының тізімін жасаңыз. Бұл не жазу керектігін түсіну үшін қажет. Оқырмандарды күнделікті посттармен жалықтырып алмас үшін
түрлі марафон, акция, жеңілдіктер, байқау, эстафета ұйымдастыруға болады.

Жақсы нәтиже үшін зерттеу жүргізіңіз! Бәсекелестерді зерттеу сіздің парақшаңыздың
алға басуына септігін тигізеді. Тіпті сіз олардың тәжірибесінде кеткен қателіктерді қайталамауға тырысасыз. Өзіңіздің салаңыздағы бизнес парақшаларды тексеріп көрсеңіз, олардың атқарып отырған жұмысын зерттей келе, сіздің парақшаңызға
не керек екенін де анықтауға болады. Дәл сіздің қызметіңізбен айналысатын бизнес парақшалардың дизайны қандай, қандай пайдалы ақпарат бар,
қандай бағытта белсенді, аудиторияны қалай жинайтындығын толық қарап шыққан дұрыс. Не жазып жатқанын, қандай идеяларды қосқанын және қанша қаралым жинағанын талдап, өзіңіздің идеяңызды жүзеге асырасыз. Яғни, талдау арқылы
сізде өзгеше ойлар пайда болуы мүмкін. Жүктелген фото-видеолардың не себепті көп қаралым жинағанын дұрыс зерттеп алыңыз.

Мүмкін олар сол тауарды бөлісу барысында жарнама қосқан болар немесе қаралым трафигін қолдан көтерген болар.

Парақшаларды зерттей келе, жаңаша бастама жасап, өзіңізге шабыт алыңыз. Сондай-ақ, бәсекелестеріңіздің парақшасына кіріп, жиі пікір қалдыратын белсенді
адамның парақшасына кіріңіз. Оның қандай топтарға жазылғанын, қандай ақпараттармен бөлісетінін, не жазатынын, кімдерге лүпіл басатынын толық
анықтап шығыңыз. Осылайша 10-20 адамды қарап шықсаңыз, барлығы түсінікті болады.

Контент-жоспар көмегімен жарияланым кестесін алдын-ала әзірлеуге, мәтінін, форматын анықтауға және одан кейін қандай материалдарды салу керектігін
қадағалауға болады. Әрине оның барлығын қағаз бен қалам арқылы кесте сызып, жоспарлап жазуға болады. Алайда сіздің жұмысыңызды жеңілдететін,
ыңғайлы контент-жоспар жасауға арналған бірнеше бағдарламаларды ұсынамын:

  1. SMMplanner
  2.  SocialKit
  3.  Gramblr
  4.  SmmBox
  5.  Kuku.IO

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ