Копирайтинг — мәтін жазу

0
2288
Иллюстрация: Freepik.com

Жақсы бизнес жүргізу үшін қызықты мәтін жаза білу керек. Алайда қызықты мәтін жазу үшін жазушы болудың қажеті жоқ. Бар болғаны ойыңызды жинақтап, мәтін жазуға машықтанған дұрыс.

Егер мәтін жазу техникасын тиімді пайдаланатын болсаңыз, тауарыңызға сұраныс артып, бизнесіңіз ілгері дами түседі. Біз үшін қашан да «бастау» қиын.
Дәл осы мәтін жазарда да «Қалай бастаймын?», «Қалай жазамын?» деп ойланарыңыз анық. Тіпті ішіңізден «Сенің әлі тәжірибең жоқ!», «Жұрт күлсе ше?», «Бизнес жайлы неге ойландым…», «Қолымнан келмейді», «Мен жаза алмаймын» деген сияқты түрлі
сылтаулар туындауы да мүмкін.

Әйтсе де бәріне сенімді түрде « Жоқ» деп жауап беріңіз. Себебі бір бастағаннан кейін оқырмандарыңыз кері байланысқа шығып, сізден пайдалы ақпарат күтетін болса, сізде
сенімділік пайда болып, ары қарай жігерлене түсесіз. Мәтін жазудың бірнеше шарттары бар, соларды орындап, мәтін жазуға деген қызығушылығыңызды арттырсаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.

Ең бастысы – бірінші сөйлем. Ол эмоцияға толы, назар аударарлық болу керек. Оқырманға қатты әсер ететін, еліктіретін, қызықтыратын, ашуландыратын, мұңайтатын, қуантатын сөйлем керек. Постыңыз басынан бастап,
соңына дейін оқылып шығуы дәл осы сөйлемге байланысты.

Бірінші сөйлемді:
• эмоциямен бастаңыз. Оқырман назарын аударатындай қуану немесе проблемаңызды жазсаңыз, оқырманға не керек екенін дәл табасыз.

Мысалы: «Маған ұсыныс жасады», «Жардан жалғыз құладым» сияқты сөйлемдерді тақырыпқа сай ойластырып, интриганы ұстап жазатын болсаңыз, лүпіл саны да көбейіп, пікірқалдыратын жандар да табылады.

• пайданы түгендеуден бастаңыз. Адамдарға өзінің емес, өзгенің қанша қаражат табатыны өте қызық. Пост жазар алдында өзіңіздің ең алғаш табысыңыз жайлы, тіпті дәл қазір миллионер екеніңізді, шетелде бизнесіңіз бар екенін санмен көрсетіп, сенімді жазыңыз. Оқырманға керек ақпаратты беріп болғаннан кейін, мәтіннің ең соңында әңгіменің бәрі түсіңізде көрген «миллондар» жайлы екенін жазсаңыз болады. Қалжында тұрған несі бар, есесіне аудиторияны жинап, постты соңына
дейін оқуға ілгек сөз таптыңыз.

• цитатадан бастаңыз. Ақылды, пайдалы сөйлемнен бастасаңыз, қоржыныма салып қояйын, есіме сақтайын деушілер табылады. Әдетте, пайдалы цитатамен басталатын
посттар жақсы қаралым жинайды.

• сұрақ қоя біліңіз. Сіз ұсынған ақпарат соңына дейін оқылсын десеңіз, оқырманды елітіп әкету керек. Осындай пост жазудың бір мысалы – оқырманға сұрақ қойыңыз және оған жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтардың өтімділігі оқырман да сізбен бірге жауап беруге тырысады. Тіпті кейбірі іштей сізбен диалог құрастырады. Өз жауап нұсқасының дұрыстығына, бұрыстығына көзін жеткізгісі келеді. Сол үшін де мәтініңізді аяғына дейін оқиды. Ал егер жауап нұсқасы болмаса, сұрақтың жауабын
алғысы келеді.

• сторителлинг әдісін қолданыңыз. Қазіргі таңда оқырмандардың басым көпшілігін қызықтыратын әдіс. Дәл осы нұсқаулықпен белгілі бір оқиға арасында әңгіме өрбітіп мәтін жазатын болсаңыз, қаралым сапасы, лүпіл саны да көп болады.

Бұл сөйлемдердің бастамасы оқырман үшін әрқашан қызықты. Түрлі мәтін жаза келе, өзіңіз де түрлі амалдар ойлап тапсаңыз болады. Ол тіпті сіздің көңіл-күйіңізден бастап, соңғы болып жатқан елдегі жаңалықтармен байланысты болуы мүмін. Ал
мәтіннің құрамына келетін болсақ, сапалы, сауатты болу шарт. Неғұрлым мәтіндегі сөйлеміңіз қысқа болса, оқырманға да тез әрі жылдам қабылданады. Зерттеу
нәтижесі бойынша 8 сөзден тұратын сөйлемді оқырман 100%-ға, 14 сөзден тұратын сөйлемді оқырман 90%-ға, 40 және одан да көп сөзден тұратын сөйлемді 10% ғана қабылдайды.

Студент кезіңізде жазған реферат пен дипломдық жұмысыңызды
еске түсіріп көрсеңіз, бір сөйлемді 10 есе ұзартуға тырысқан шығарсыз. Ал инстаграмда керісінше оны жеңіл, әрі жылдам оқылатындай жазғаныңыз
абзал. Сөйлемді қысқарту үшін қыстырма сөздерді алып тастауға болады. Сондай-ақ, жазған мәтініңізді бірнеше қайтара оқып, ішіндегі артық сөздерді алып
тастаңыз. Бастысы сөйлем мағынасын жоғалтпаса болғаны. Бір ойдан екінші ойға ауыспаңыз. Ойсыз, мағынасыз мәтін жазыңыз демейміз. Тек әр сөйлеміңіз бір ойдың қорытындысы болсын.

Ал екінші ойыңызды екінші сөйлемге арқау етіңіз. Сондай-ақ, күрделі сөздерді қолданып қиындатпаңыз. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырысыңыз. Оқып
отырған адам терминді білмесе, мәтінді түсінуі қиын болады. Тек аудиторияңыз термінді түсінетіндігіне сенімді болсаңыз, ол сөз кең қолданыста болса
ғана пайдаланыңыз. Ойды анық жеткізетін сөзді қолданыңыз.

Мысалы, практикалық кейстер туралы сөз қозғаймыз. «Кейс» сөзін «тәжірибе»,
«мысал» сөздерімен алмастыруға болатын еді. Бірақ бұл сөздердің аясы кең. Екі нұсқа да жарамды болса, ең қысқасын таңдаңыз. «Интернет-ресурс»
дегенге «сайт» дей салыңыз. Екінші сөйлемде «сайт» сөзі қайталанып кетпес үшін интернетресурспен алмастыруға болады. Тәжірибе жүзінде оқырмандарыңызға әр түрлі бағыттағы мәтіндерді ұсынып, қаралымның көптігіне байланысты өз
бағытыңызды таңдасаңыз болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Топ 5. Дизайн трендтері
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  9. SMM маманы деген кім?
  10. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  11. Web-дизайнер деген кім?
  12. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ