Әл-Фараби ғылыми — философиялық тағылымы

0
2160

Жоспар:

  1. Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегіндегі негізгі идеялар
  2. Әл-Фарабидің «Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатын талдау
  3. Фараби философиясындағы Болмыс концепциясы

 Аристотель және басқа гректің ұлы ойшылдарының еңбегінде математиканың көптеген философиялық-методологиялық мәселелері шешімін тауып, бұл ғылымның болашақ дамуының жолдары белгіленген.

Олардың математиканы философиялық негіздеуінде бірсыпыра осал, әлсіз жерлері болғанмен, ғылымның даму деңгейіне сай дәл тауып айтылған пайымдаулар мен тұжырымдары ғылымды дұрыс жолға бағдарлап, ілгері дамытуда үлкен кызмет атқарды.

Алайда эллиндік грек ғылымының, әсіресе математиканың Аристотельден кейінгі қол жеткен орасан зор жетістіктері Бағдат мектебінде жинақталған математикалық жаңалықтар (мысалы қазіргі алгебраның бастамасы) дұрыс философиялық негіздеуді, талдауды және сара бағыттауды қажет етті. Римдік дәуірдің соңына таман өмір сүрген философ-математиктер (мысалы, неоплатониктер) бұл мәселені шешуді қолға ала бастайды.

Бірақ олар Платонның математика жөніндегі идеалистік жолын қуып, Аристотельден басталатын ғылыми-материалистік элементтерді ұмыт қалдырады немесе өңін теріс айналдырады.

Араб математикасын қоғамдық прогреске, жаратылыстану ғылымдарының кажеттілігіне сай дамыту бірсыпыра іргелі принципті математика философиясы проблемаларын шешуді талап етті. Мұндай мәселелер алғаш арабтың ойшыл-энциклопедист Әбу Юсуф әл-Киндидің (IX ғ.) еңбектерінде қойылып, әл-Фарабидің ғылыми-философиялық шығармаларында сол заманға лайық дұрыс шешімін тапқан деп айтуымызға толық дәлеліміз бар.

Философия мән тұрғысынан гректік болып саналады. Мұны орта ғасыр кезеңінде болсын, жаңа дәуір кезеңінде өмір сүрген теріске шығарған бірде-бір философ жоқ. Сол сияқты әр тарихи кезең философиясы өзіндік түр мен ерекшеліктерге ие.

Бірақ грек философиясы мен Ислам философиясының кейбір ортақ мәселелер төңірегінде келіспейтін тұстары бар, сондықтан бұл мектептердің негіздері бір деп айтуға болмайды.

Бұл мектептерді бір-бірінен ажыратып тұратын  еркшеліктерді жалпы түрде былай анықтауға болады ─ ол философияның басты сұрағы болмыс, яғни ол(сол зат) не үшін бар деген сұрақ. Соған сәйкес тарихта бұл сұраққа берілген жауаптар да әр түрлі болды. Платонның айтқан ойларына сәйкес келмесе де, философтардың ортақ тұстары  көп болғанымен,Аристотель бұл сұрақтарға өзінше жауап берді.

Әл Фарабидің жауабына келетін болсақ, оның жауаптары түбінде Ежелгі Грекияның екі ұлы философоның дниетанымынан өзгеше болды.

Әл фарабидің ойынша болмыс- ол Құдай, дәл Ол болмыс пен өзінің мәні. Философия тарихында Фараби бірінші болып бар заттарды екі рационалды бөлікке бөліп қарастырды: болмыс пен мән.[7]. Мәнді ол соған сай болған заттарға( квинтэссенция мен аксиденция ретінде көрсетілетін) теңеп, оны өз кезегінде 9 бөлікке бөлді.

Аристотельдің тоғыз заты болмыс болғанымен, ол оның мәнін анықтай алмайды.

Бұлай бөлуді жеке басына қатысты бөлу деп санауға болмайды және бұл жай ғана маңызсыз тақырыптарды ашу үшін ғана пайдаланылыды деуге келмейді. Фарабидің философиясында бұл сұрақ Аристотель философиясымен салыстырғанда аса өзекті болған жоқ деп айту дұрыс емес. Дегенмен шындығына келгенде Фарабидің идеясы философияның басты сұрақтарына жүргізілген онан кейінгі  зерртеулерге үлкен потенциал болды.

Бұл көзқарастар, әсіресе ақиқатқа қатысты және себептілік идеялары жаңа үнде қабылданды. Сонымен жеке жағдайларда Фараби: «Ақиқат ─ бұл Құдай» деп айта отырып, ақиқаттың басқа түсініктерін осы сияқты айтылған ойлардың  байланыстырушы мағынасынан іздейді. Егер ақиқаттылық заттарға қатысты білімге сәйкес келетін болса,Фараби бұл жерде, Құдай іліміндегі барлық заттар өзінің болмысына ежелден ие. Құдайдың алдын ала белгілеуі, кейіннен тағдыр ұғымына алып келді.

Фараби ақиқатты ежелден бар деп қарастырған кезде,  ең маңызды осы екеніне өзіңнің назарын аударады. Сондай-ақ себептілік те Фарабиде мүлдем басқа мағынаға ие, яғни бұл жерде әрекетке себептілік.  Платон мен Аристотельдің бірде-бір еңбегінен бұндай мағынаны кездестіре алмаймыз. Егер Ислам философиясында ежелгі грек философиясында болмаған қандай да бір жаңа тақырып қарастырылғанын көретін болсақ, біз ислам философиясы бұл тақырыптың дінге жалтақтау негізінде және оның тікелей ықпалымен қарастырды деп санамауымыз керек.

Бірақ жаңа фундаментальды негіздің қалыптасуына бұрын зерттелмеген көптеген философиялық тақырыптардың қарастырылуы себеп болғанын айтып өткен жөн.

Нақ сондықтан да Фарабиді ислам философиясының негізін салушы деп санауымыз қажет.

Егер біз Фарабидің ізгілігі Батыстың екі мыңжылдық мәдениеті мен өркениетіне қарсы шыққанын көретін болсақ, бұл тағыда Исламның белгілі бір әсерінің және батыс өркениетіне қарсы жаңа өркениеттің пайда болуын растауға байланысты деп айту дұрыс емес. Бұл көбіне ислам философиясының мәні мен философияның ислам мәдениетімен қатынасына байланысты. Міне дәл осы тұста шындап ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек…

Дереккөз: ҚазҰУ, «Әл-Фараби және қазіргі заман» пәнінің дәрісі

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ