Леонардо да Винчидың күнтізбесі

0
785
Леонардо да Винчи

Жан-жақтылық — бұл қасиет әр адамның бойынан табыла бермейді, өйткені талдың шыбығындай қысқа өмірде көптеген нәрсені үйреніп, істеп үлгеру кез келгеннің қолынан келе бермейді.

Уақытты дұрыс пайдалана білу керек, оның үстіне әрекет ету үшін дисциплина керек. Шамасы бұл Леонардо да Винчидың қолынан келген секілді. Ол өнертапқыш болып та, инженер болып та, суретші, тіпті музыкант болып та үлгеріпті.

Ол қандай да іс болмасын, оған кірісуге болатын, сондай-ақ, кірісудің қажеті жоқ уақыттары болады деп ойлаған.

«Да Винчи күнтізбесінің» мәні неде? Қысқаша айтсам: күні бойғы орындалатын іс-әрекеттерді өздеріне сәйкес уақыттарда бөліп қою.

— Таңертеңгі рутина (5:00–8:00)

Таң — тәуліктің ең маңызды бөлігі. «Как день начнешь, так его и проведешь». Таңғы уақытты қалай өткізетініңмен жалпы күніңді қалай өткізетінің бір-бірімен тығыз байланысты. Мұнда белгілі бір кеңестер көмектеспейді, өйткені адамдар әртүрлі, әркім әрқалай оянады. Бірақ ең бастысы — денені (физикалық жаттығулар), миды (кітап оқу) оятып, организмге «жанармай» (дұрыс таңғы ас ішу) беруді ұмытпау керек.

— Еселеп еңбек ету (8:00–12:00)

Да Винчи өз жалқаулығы мен қорқынышын жеңіп, таңғы уақыттарды ештеңеге назар аудармай, бір іске зейін қоюда шебер болған. Осы себепті де Да Винчи бірегей мәдени туындылар жасады. Түрлі инновациялық технологияларды ойлап тапты.

Денені, одан кейін миды оятып, дұрыс таңғы ас ішіп алғаннан кейінгі бірнеше сағатты ең маңызды тапсырмаларды орындауға арнаған жөн, өйткені осы уақытта ми күрделі тапсырмаларды орындауға анағұрлым қауқарлы болады. Сонымен қатар, ең күрделі әрі маңызды істерді таңертең орындап қойсаң, қалған уақытта олар туралы ойлап, алаңдамайтын боласың.

• Кеңес 1: істі 10 минуттан 40 минутқа дейінгі уақыт аралықтарына бөліп істе (бұл ештеңеге назар аудармай, бір іске зейін қою үшін).

• Кеңес 2: сенің назарыңды өзіне аудартатын нәрселерді алшақ ұста. Құлаққапты (наушник) киіп ал, тыныш әуенді қос та, қасыңдағыларға сені белгілі бір уақыт мазаңды алмауын өтініп, бар зейініңді қойып, іске кіріс. Егер назарың ауып, зейініңді жоғалтып алсаң, қайтадан іске кірісу үшін артық күш-қуат пен уақытыңды құртасың.

• Кеңес 3: 10-20 минуттан артық тынығудың қажеті жоқ (бұл орта есеппен миды тынықтырып, қайта іске кірісуге қажетті уақыт мөлшері).

— Әкімшілік жұмыстар (14:00–16:00)

Түстен кейін зейін қоюды талап ететін істермен айналысу қиындық тудыруы мүмкін, сондықтан бұл уақытты бірсарынды әкімшілік іс-әрекеттерді орындауға арнауға болады. Құжаттарыңды жина, электронды поштадағы хаттарды ретте, кездесулер белгіле, есеп-қисап жүргіз, коммуналдық қызметтерге төлем жаса және т.c.с. Бұл істер миға жүктеме түсірмейді, аса бір қиын деп те айтуға болмайды, бірақ кешке жақын кірісіп көрші, бар уақытыңды алады.

— Жиындар мен кездесулер (16:00–18:00)

Кешке жақын адамның жүйке жүйесі біртіндеп шаршай бастайды, сондықтан кешке жеңіл істермен айналысқан абзал. Леонардоның күнделігіне сенсек, ол барлық кездесулерді не таңертең сағат 10:00-ге, не кешкі сағат 17:00-ге белгілеген.

— Демалу (18:00–20:00)

Леонардоның замандастары оның ойын-сауық кештерінен қалмайтынын, белсенді әлеуметтік өмір сүргенін атап өткен. Ол банкеттерге, маскарадтарға қалмай қатысып, шулы орындарда демалған.

Әрине, демалу үшін ойын-сауық кештеріне бару міндетті емес, бірақ кешкі уақыттың бір бөлігін (1-1,5 сағ.) өзіңнің сүйікті ісіңе арнаған дұрыс: ойын ойнау, сериалдар көру, кітап оқу және т.б. Немесе бұл уақытты бір пайдалы нәрсені үйренуге арнауға болады.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ