Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке — Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Ұлттар достастығы» фестиваліне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.
Жүргізуші: Бүгінгі «Ұлттар фестивалі» мерекелік кешіміздің әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер — анадан алыптан.
Жүргізуші: Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.
Жүргізуші: Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,
О ағайын,халық емес ол көл-көсір.
Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,
Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.
Осы -дала дейтін,күн дейтін,
Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары — қазақ ұлты. Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар «5 а» сыныбы
Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың.
Ортаға ………………………өзбек ұлтын қошеметтеп шақырамыз.
Жүргізуші:
Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Жүргізуші:Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.-
дей отырып сөз кезегін Грузин ұлтына береміз. Ортаға Грузин ұлтын, яғни « 7 а» сыныбын шақырамыз.
Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған
Жүргізуші:
Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып,
ортаға Молдавия елінен келген қонақтарымызды тамашалауға шақырамыз.
Молдаван ұлты ………
Жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды тағы бір өкілі Украйн ұлтын тамашалауға шақырамыз.Ортада «9а» сынып оқушылары Украйн ұлты.
Жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Ендеше ортаға Татар ұлтының өкілдерін шақырамыз. «10» сынып оқушыларын қарсы алайық!
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары бүгінгі өтіп отыр-ған «Ұлттар достығы – фестивалі» атты мерекелік кешіміз аяқталуға тәмәм, әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.
Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
Дүниеде Тәуелсіз Қазақстан бар
Әлемде Егемен Қазақстан бар
Оның көп ұлты ынтымақшыл халқы бар
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар
Ел басшысы бәріннен нұрлы
Бүгіннен кемел болашағы бар
Көп ұлтты халықты, бір шаңырақ астында айрандай
Ұйытып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бар.
Биік ұш бейбітшілік көгершіні
Асып өт келер мұхит, келер шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні
Жүргізуші:
Ендеше, бейбітшілік жасасын
Ынтымақтастық жасасын!
Басқа материалдар:
- Достық әнін шырқайық! 1 мамыр – халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама сценарий
- Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер
- «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
- Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
- «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
- Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
- ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
- Мектеп оқушыларына 6 кеңес
- ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?