Мәтін оқудың көбісі біле бермейтін 7 әдісі

0
1815
Иллюстрация: Freepik.com
Мәтінді түсініп оқуға көмектесетін әдіс-тәсілдерді ұсынамыз:

Көз жүгіртіп оқу – cөйлемдерге тұтастай көз жүгіртіп өту керек. Ойға сұрақ туындататын сөйлемдерді толық оқу.

Қысқаша мазмұнын жазып оқу – мәтінді оқымас бұрын сұрақтарды дайындап алу керек. Мысалы, кейіпкерлер кімдер? Оқиға қайда және қашан болды?
Мәтінді бір абзацқа сыйдырып, 4-5 сөйлеммен қысқаша мазмұнын жазып шығу керек.

Түртіп оқу – мәтінді оқу барысында маңызды деп ойлаған сөздердің астын сызып отыру керек. Мәтінді толық оқып шыққаннан кейін түртілген жерлер не оқығаныңызды еске салатын болады.

Болжам жасап оқу – мәтіннің белгілі бір бөлігіне дейін оқып, «ары қарай не болуы мүмкін?» деп, оқиғаны ары қарай ойыңызша жалғастырып көріңіз. Бұл сіздің мәтінге көңіл бөлуіңізді нығайтады.

Сұрақ қойып оқу – мәтінді оқығанда ойша не жазбаша сұрақ құрастыруға болады. Бұл мәтін бойынша емтиханда келетін сұрақтарды алдын ала болжап, дайындалу үшін өте тиімді.

Пікір алмасып оқу – мәтінді әркім әртүрлі түсінуі мүмкін. Сол себепті бір-біріңізбен пікір алмасыңыз. Басқалардың пікірін тыңдау ақпаратты басқа қырынан т.сінуге мүмкіндік туғызады.

Сын тұрғысынан оқу – мәтінді оқығанда өзіңіздің келісіп/келіспейтін жерлеріңізді белгілеңіз және соған байланысты сұрақ-жауап іздеңіз.
Мәтіннің авторы жазған пікірге қатысты жеке ойыңызды айтып жеткізгеніңіз – мәтінді өте жақсы түсінгеніңіз және оны ары қарай қалай қолдану керектігін білгеніңіз.

 

Басқа материалдар:

  1. Аударма ісі маманын оқытатын университтер
  2. Журналистика және репортер ісін таңдаған түлек білуі қажет мәлімет
  3. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  4. Мұнай газ-ісі мамандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  5. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  6. SMM маманы деген кім?
  7. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  8. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  9. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  10. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  11. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  12. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ