Нарық талаптарын ескеріп кітап тарату

0
1235
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Қазіргі жаһандық өрлеу заманында кітап тарату жүйесінің түрлі әдістері мен тәсілдері жоғары деңгейде дамып келеді. Сан салалы, сан бағыттан тұратын аталмыш жүйенің жаңаша сипатта түрленуіне байланысты әлемдік кітап тарату жүйесінің тәжірибесіне сүйене отырып, отандық жүйені дамыту басты нысанға алынуы керек.

Қазіргі таңда кітап өндіру саласындағы аса өзекті мәселе кітап тарату болып табылады. Әлемдік нарыққа көз жүгіртсек, кітап тарату жолдарының сан алуан түрлері бар. Бірі дәстүрлі жолдарын ұсынып жатса, бірі жаңа бірегей жолдарын ойлап тауып жатады. Бұл процес кітап әлемінің дамуына, оның өзге де бизнес түрлері секілді көркеюіне септеседі.

  1. Баспа маркетингі
  2. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  3. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Әлемде кітап таратудың негізгі бес жолы бар:

  1. Кітап дүкендері арқылы
  2. Интерактивті сатылым
  3. Кітап клубтары мен пошта-сатылым жүйесі
  4.  Кітап жәрмеңкелері
  5. Кітапханаларға тарату

Ал өзге жолдары көбіне кітап саудасын жақсарту мақсатында қолданылатын маркетингтік амалдар боп табылады. Онымен қоса кітаптың өзіндік формасын дәстүрлі және дәстүрлі емес деп екіге бөлуге болады. Біріне баспалық қағазды нұсқасын жатқызсақ, қалғанына кітаптың электронды нұсқалары кіреді. Оларға аудио, электронды кітаптар жатады.

Алғашқысы (аудио-кітап) осыдан біршама жыл бұрын елге таныла бастаса, электронды кітаптар арнайы e-book құрылғыларының жарық көре бастауынан бері қолданысқа түсті. Біздің елде бұл тенденцины соңғы жылдары пайда болып, сұранысы артып келе жатқанын байқауға болады. Бұған негіз ретінде, техника сату дүкендері электронды букридерларын жиі ұсынып жатқанын көреміз. Әзірге бұл техника түрі біздің елде, Батыс елдері секілді кітап таратау жүйесінің біршама пайыздық үлесін алмаса да, отандық оқырмандардың электронды кітап түрін оқу құралы ретінде ұялы смартфондар мен планшеттік компьютерлерді қолданып жүр.

Бұл дегеніміз отандық оқырмандардың заманауи қажеттіліктерді өз сұраныстарының бірі ретінде қарастырып, пайдаланып жүргені отандық кітап нарығында кітап таратудың озық технологиялы түрлерін шығаруды қолға ала бастаған жөн екенін дәлелдейді.

Әрине кітап сатылу үшін кітап оқылуы керек.Кітап оқу адамның жан дүниесін байытып, рухани құндылықтармен, ізгі қасиеттермен толығуына, сан алуан біліммен сусындауына дәнекер болатынын ешкім жоққа шығармас.

Бірақ өзіңе дос таңдағандай, кітап таңдау процесінде аса сақ болған жөн. Себебі бірі сенің өміріңді жарық етсе, бірі сені тура жолдан адастыруы мүмкін. Сол себепті кітап тарату саласында, кітаптың таралымы мен аталым санын көбейтуді ғана мақсат етпей, кітаптың ішкі сапасына да басты назар

аударуымыз керек сияқты. Әлбетте алуан маркетингтік айламен, халық кітап сатып алсын деп үгіттеу шарасын өткізуге болады. Дегенмен елдің ертеңін ойласақ, ел қандай кітап оқитынын бүгін ойлау жөн.

Біріншіден, елімізге баспадан шыққалы отырған кітап өнімдерін саралайтын, шығатын кітаптың ішкі мазмұнына, рухани құнына баға беретін әдеби кеңестің болуы аса қажет секілді.

Екіншіден, кітап ақпарат құралы болғандықтан, ұлт тұтастығына, ұлттық құндылықтарға қарама-қайшы келмейтін, ұлттық болмысымызды сақтауға септесетін кітаптарды; сұранысқа ие фантастикалық, фентези, детектив жанрында жазатын авторлар арасында конкурстар ұйымдастырып, үздіктерін басып шығаруды; ғылыми-техникалық әдебиеттер санын арттыруды; әлемдік мәдениет пен өнерден, әлемдік әдебиеттен, жаһандық ілімнен махрұм қалмау мақсатында оқырмандарымыздың өз тілінде оқуы үшін, аударма ісін жолға қойған дұрыс.

Себебі нарықтағы сұраныс осы кітап түрлеріне келіп тіреледі. Осыдан кейін отандық кітаптар, оның ішінде қазақ кітаптары оқылмай жатыр деген жауыр сөздерді естіметін болар едік.

Сонымен қатар «кітап мүлдем оқылмай кетті» деп жүрген адамдардың көбісі бар кінәрәтті жастардан көруге құштар. Алайда кітаптың неге аз оқылып жатқанын, бұндай хәлге жеткізген қандай факторлар барын ескермей жатады. Негізінде кітап оқуға деген құлшыныстың төмендеуі қазіргі таңда тек біздің елде ғана емес, әлемнің бар елінде көрініс табуда. Бұған әсер ететін жағдайлар негізінен:

  • әлеуметтік проблемалар (қаржы тапшылығы, жұмысбастылық т.б.);
  •  ұсынылып отырған ассортиментің аздығы (балалар әдебиеті, ғылыми әдебиет, аударма әдебиеті, детектив жанрындағы әдебиеттің жоқтығы);
  •  эмоцианалды-психологиялық ахуал (депресия, жалқаулық, еліктеу, шеттен тыс материалдық құндылыққа қызығу);
  • кітап оқу мәдениетінің насихатталмауы болып табылады.

Отандық кітап нарығында жүзеге асырылып жүрген кітап тарату жолдары ішінен кітап дүкендері мен жедел дами бастаған интеративті сатылым жүйесін атап кетуге болады. Оның өздері де біршама өзгерістерді, қаржылық күшті, менеджментік, маркетингтік басқаруды қажет етеді.

Отандық кітап нарығының толыққанды бизнес түрі ретінде дамуы үшін, елде мынандай:

· Баспагер мәртебесі мемлекеттік тұрғыда анықталып, баспа өнімдерін, оның ішінде кітап басу мен шығару, және оны таратуына байланысты арнайы заң қабылданса;

  1.  Баспа өнімдеріне, әсіресе кітапқа белгіленген салық мөлшері қысқарса, не алынып тасталса;
  2. Кітап оқу насихатын жаппай жүргізуді мемлекет өз қолдауына алса;

Мысалы, кітап насихаттау комитеті, жиі мәдени шаралардың ұйымдастырылуы т.б.

Жаңа қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар, мемлекеттік не, жекеменщік кітап тарату агентіктердің құрылуы сынды мәселелер қолға алынуы тиіс.

Жақында ағылшынның Book marketing аналитика орталығы әлем бойынша кітап нарығына зерттеу жасап, нәтижесінде оқырманның кітап таңдау кезінде психологиялық ерекшеліктерін атап кетті.Олардың жасаған кестесі бойынша кітап таңдауда оқырманға әсер ететін факторлардың алдынғы қатарында.

Оқырманға автордың есімі таныс болғаны (ақпараттық жарнама), жақын адамының оң баға беруі (әлеуметтік рецензия), кітап атауы оқырманды қызықтыруы керек сынды факторлар жоғары көрсеткішке ие болған екен. Сондықтан отандық баспалар осы нәтижелерге сүйене отырып, жұмыс жасаса, отандық өнімнің таратылу мәселесі бір қадам жоғарыға көтерілер еді.

Негізі ғалымдар мен сарапшы мамандардың кітап оқу мәселесіне уайымдап, дабыр қағуы заңды. Дегенмен салыстырмалы түрде ежелгі өнерлердің бірі есептелетін, театр өнерінің басты бәсекелесі «кино» әлемі пайда болса да, театрды нарықтан, мәдени алаңнан ығыстыра алмағанын атап кеткен жөн болар. Сол секілді кітаптың жаңа балама түрі (аудио, электронды кітаптар) ойлап табылғанмен, қағазды кітаптың бетін парақтап, шынайы қолыңмен сезінуді ешнәрсе алмастыра алмайтынын мойындау керек.

Ал кітап оқылмайды деген айыптаулардың тек жастарға бағытталып жатқаны өкінішті. Себебі кітапты материалдық және рухани тұрғыдан қарастыратын болсақ, біріншіден кітап ол — жас ерекшілігіне қарамастан барлық адамдар тұтына алатын тауар болса, екіншіден кітап ол — әріп таныған баладан қарияға дейін арналған ортақ рухани азық түрі.

Демек бар мәселе оқуға деген құштарлық пен қажеттіліктің бар, не жоқ болу себебінен туындайды. Ал бұл кітап тарату мен сату мәселесінде маңызды рөл атқарады. Кітапқа деген сұраныс та осы дүниелерден туындайды. Сұраныссыз ешбір нарық түрі дамымайды. Сондықтан елімізде кітап оқу дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ол үшін, кітап насихаттау шаралары ауқымды түрде бүкіл ел аумағында, ақпараттық жарнамалау арқасында, баспалар мен отандық кітап индустриясында жүрген барлық субьект-мамандардың тұтас қатысуымен өткізілуі міндет.

Мұндай атқарылатын шаралардың тек «формальді түрде» ғана өткізілмей, іс жүзінде де нәтиже беруін бақылау қажет. Ал оң нәтиже алу үшін, оқырмандарды шараға қатысуын қызықтыру арқылы, қажет етуді үгіттеу керек.

Мысал ретінде біздің елде іске асуы мүмкін, әлеуметтік маңызы бар «автобус дүкені» секілді, қазақ тілінің қолданыстық аясын кеңейту мақсатында отандық «мобильді кітаптардың», жүзеге асары сөзсіз. Еліміз әр нәрсеге бейім келетін, аса еліктегіш екенін ескерсек, кітап оқу насихатын үздіксіз жүргізу мен одан культ жасай отыра ғана, ұлтымызды кітап оқу дәстүріне қайта баули аламыз.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Бақса материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ