Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың әдіс-тәсілдері (әдістемелік баяндама)

0
1910

Түйіндеме: Биология және география пәнінен «Оқушыларды ҰБТға дайындаудың әдіс-тәсілдері» атты баяндамада ҰБТ-ның мақсат міндеті түсіндіреді. Оқушылармен жұмыстануда тесттің бірнеше түрлерін, биологиялық диктанттарды, кестемен, сұрақтармен жұмыс түрлерін, логикалық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі жазылған. Сонымен қатар топтық және жеке жұмыстанудың өзіндік ерекшеліктеріне де тоқталып, ата-ана –мектеп – оқушы байланысын да назардан тыс қалдырмайды.

В докладе «Методы подготовки учащихся к ЕНТ» даю детальное понимание целям и
обязанностям подготовки к ЕНТ. В работе написано об эффективности использования
разных видов теста, биологических диктантов, таблиц, логических задач. Так же здесь
подчеркнула об особенностях групповой и индивидуальной работы, важное здесь это
внимание роль родителей-школы-ученика.

Subject S. Abduzhiev teacher of biology and geography «chief executive officer Pierre
methods of training students» in the report appointment to medal on majority. To the questions of efficiency of application of biological dictant types of works, logical tasks by students of the several types, test, wrote, with table. As well as features of group and individual and personal life is interrupted. The school — then did not ignore and the parent — the student of communication.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің №506 бұйрығымен ҰБТ ӛткізу ережелеріне сәйкес әр мектепте оқушылардың бесінші пән таңдау пәндері енгізілген белгілі. Соған орай оқушылар биология пәнін де жиі таңдап жатады. Осыған байланысты оқушыларды ҰБТ дайындау әдістеріне тоқталып кетейін.

ҰБТ дегеніміз – мемлекеттік қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдастырында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру керек. ҰБТ өткізудің қажеттілігі білім беру ұйымдарын обьективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.

ҰБТ-ның мақсаты: ҰБТ –жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол
жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру. ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне де жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-қа дайындаушы басты тұлға –мұғалім. Мұғалім ҰБТ-ға дайындауда әр түрлі тәсілдердің қолдана отырып жетістікке жете алады.

Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Бұрынғы
жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталса. Тест оқушылардың білімін салыстыруға білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды. Кейін осы тесттерді барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.

Осы сынама тесттердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ға тапсырып
отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының
қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан соң қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады.

Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау- бұл тестпен жұмыс жасау кезінде
байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.

Сұрақтармен жұмыс істеуге тиімді тәсілдерді қолдану. Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.

Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар. Бұл жеке бір тақырыпта
жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.

Логикалық тапсырмаларды талдау. Соңғы жылдары ҰБТ кезінде берілетін
сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіретін отырып, логикалық тапсырмалармен де жұмыс жасап үйреткен дұрыс.

Сәйкестендіру тест түрі жауаптардың сәйкес болуы керек.
Биологиялық диктанттар алу.
Балама тест «иә», «жоқ» деген жауаптар арқылы жүзеге асады.

Мысалы: Тілдің ұшы тәттіні сезеді? Жұтқыншақты ұзындығы 11-13 см «иә», «жоқ» деп
жауап жереді. Ашық тест оқушыға сұрақ түрінде беріліп, жазбаша жауап алынады.

Жауабы: 1881 жылы орыс дәрігері Н. И. Лунин өз эксперименттері негізінде осы
аурулардың себебін-тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың жоқтығынан деп тұжырымдады.

Жауабы: 1882 жылы ең алғаш қоректік бөлшектерді белсенді қоршап алып сіңіретін
амебаға ұқсас қозғалғыш жасушаларға назар аударып оларды фагоциттер, ал құбылысты фагоцитоз деп атап, Нобель сыйлығын алған орыс ғалымы.

Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түрімен де жұмыс жүргізу өте тиімді.Топта тек өзін ғана ойлауға болмайды, қасындағыларға да өз білетінін үйретуге міндетті. Берілген тапсырманы топ мүшелері түгел орындап болған жағдайда ғана келесі тапсырмаға көшуге болады және тапсырманы орындауға байланысты топтарға орын беріледі.

Оқушы топпен жұмыс жасайды.
Тақырып бойынша тапсырмаларды таратып, оқытып, топ ішінде талдау жасайды.
Жекелеген оқушыларды шығарып, өзім тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.
Берілген тақырып негізінде оқушылар өздері бір-біріне сұрақ дайындайды.

Тақырыпқа байланысты тест немесе кестемен жұмыс орындау да тиімді. Осы тестің
әр түрлі әдістерін қолданғанда оқушының пәнге деген қызуышылығы артып өздігінен іздеу арқылы өзіне керекті деретерді табуы арқылы көру, оқу арқылы есте сақтау қабілеті арта түседі.

Ол өзі ғана дайындалып қана қоймай қасындағы досынан, ата анасынан пән мұғалімнен де көмек іздеу арқылы байланысқа түсіп оған өзі ғана дайындалып қоймай ата-анасының да қатысуына ықпал жасайды. Содан ата-ананың жауапкершілігі арта түседі. Қажетті оқуқұралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі. (ҰБТ-ға қажетті оқулықдарымен өте қымбаттылығынан оқушылардың көбінің оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеуі)

Ата-ана мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетеді: мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін
орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарайды. Баласының дайындық сабақтарына жауакершілікпен қарауы (баласының үйдегі жағдайын жасауы, бірлесе дайындық жүргізуі). Сөйтіп ҰБТ дайындықта оқушы , ата-ана мен мұғалім арасында тығыз байланыс арнайды.

Ата-ана —- оқушы ——мұғалім

ҰБТ

Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім
мақсатында жетіп қолданған әдіс тәсілдер тиімді болып, ҰБТ-ға дайындаған оқушылары
жақсы нәтижеге жетеді.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ