Онтология болмысы туралы ілім

0
12765
Freepik.com

Тақырыбы:  Онтология болмыс туралы ілім

Жоспар:

1. Болмысжәне бейболмыс ұғымдары. Болмыс түрлері.
2. Материя категориясы. Материяның атрибуттары мен модустары.
3. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі.

1.Онтология– болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің
негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен
процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан
түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең
ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі
алғышарты болып табылады.

Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды:
табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды.

Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең
көлемді философиялық катигория.

Болмыс ұғымына қарсы ұғым – болмыссыздық (бейболмыс). Философияда болмыс
ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш — адамзат» — деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.

Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі
философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені –
түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара
қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:

1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен
процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі
объективті өмір сүреді;

2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік
болмысына жіктеледі;

3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы;

4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге
жіктеледі.

2. Материя – бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз
тіршілік ететін универсалды категория. Материя түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік.

Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын
философиялық ілім – гилозоизм деп аталады. Материя мәңгі, шексіз, жоғалмайды,
күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның
атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуты дегеніміз-барлық материялар мен
материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, ол
материяның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін
сипаттайды.

Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт.

Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі,
қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті.
Қозғалыстың формасына тән ерекшелік — өзгермелік және тұрақтылық.

Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте
тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді
объективті формасы.

Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және
жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.

Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация — материя немесе рухты санайтын
философиялық ілім — монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не
материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі
бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.

3. Рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы болып таблады. Адам
болмысы рухани болмысмен нақтыланып, ол қиял, ой-өрiсімен шындықпен орайласып,
тиiстi мақсат-мүдденi жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Шындыққа сай
келетiн ойдың мазмұны терең, олар өмiр тәжiрибелерiне, бiлiмге негiзделген. Идеялар
болмысы жаңаны iздеп табу, белгiсiз нәрсенi ашуға ұмтылу әрекетiнен байқалады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Болмыстың толық түсіндірмесін көрсетіңіз:
A. болмыс-барлық материалды әлем
B. болмыс-шексіз әлем
C. болмыс-психикалық іс-әрекеттің барлық түрлері
D. болмыс-тіршілік ететіннің барлығы*
E. болмыс-мәдениеттің рухани әлемі

2. Болмыс туралы философиялық ілім
A. гносеология
B. логика
C. антропология
D. диалектика
E. онтология*

3. Кім алғаш рет философияға «болмыс» терминін енгізді?
A) Пифагор;
B) Парменид;*
С) Зенон;
D) Фалес;
E) Сократ.

4. Субъективтік және объективтік шындықтың бірлігін қалай атайды:
A) материя;
B) қозғалыс;
С) уақыт;
D) болмыс;*
Е) кеңістік.

5. Болмыстың құрылымдық байланысын бейнелейтін категориялар:
A) жеке және жалпы;
B) кездейсоқтық және қажеттілік;
С) себеп және салдар;
D) бөлік және бүтін;*
E) құбылыс және мән

Басқа  материалдар:

  1. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

  2. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  3. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  4. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  5. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  6. Витаминдер және витамин тектес заттар
  7. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ