Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?

0
8010

Орал­хан Бө­кей жи­ыр­ма­сын­шы ға­сыр­да­ғы қа­зақ әде­бие­ті­нің ең сү­лей су­рет­ке­рі­нің бі­рі ре­тін­де әлем­дік та­ным­алды­лық­қа ие  бол­ды. Орал­хан аз­ған­тай ғұ­мы­рын­да сон­дай ас­қа­ра­лы би­ік­ке өзін де, елін де, ту­ған әде­бие­тін де шы­ға­рып үл­гер­ді.

Әбіш Кекілбаев

Орал­хан­ның про­за­сы өзі­нің те­рең өмір­шең­ді­гі­мен құн­ды. Ол – өз оқыр­ма­нын ешқа­шан жо­ғал­тып ал­май­тын шын ба­қыт­ты жа­зу­шы.

Айгүл Кемелбаева

Орал­хан өзі ту­ған та­би­ға­ты­на ұқ­сас еді. Ал­тай­дай ас­қақ, оның оқ жет­пес құ­зар шыңда­рын­дай би­ік еді! Заң­ғар тау­ла­ры­нан құ­лап ақ­қан өзен­де­рін­дей тас­қын еді. Тау­ла­рының сі­лем­де­рін жай­ла­ған ер­ке елік­те­рін­дей ел­ге­зек еді. Өр­кеш-өр­кеш тас­та­рын­дай ірі еді. Қа­лам сіл­те­ген алып­тар­дың бі­рі еді. Шы­ғыс­тан жар­қы­рап шық­қан жұл­дыз еді.

Қасым Қайсенов

Білгенге маржан. Орал­хан­ның әде­би­ет­ке бей­ім­ді­лі­гі оқу­шы ке­зін­де-ақ кө­рі­не бас­та­ған. Ол әде­би  кі­тап­тар­ды өте көп оқып, бей­не­леп, ше­шен сөй­леу­ге бей­ім, жү­ріс-тұ­ры­сы тия­нақ­ты,  өз­ге­лер­ге сын көз­бен қа­рай­тын, қау­ып та, тау­ып та сөй­лейт­ін, көп­шіл бол­ған. Осын­дай  ерек­ше­лі­гін бай­қа­ған ұс­таз­да­ры оны оқу­шы­лар­дың ком­со­мол ко­ми­те­ті­нің хат­шы­сы,  қа­быр­ға га­зе­ті­нің ре­дак­то­ры етіп сай­ла­ған. Орал­хан оқу­шы­лар ара­сын­да көр­кем  әде­би­ет­тер кон­фе­рен­ция­сын өт­кі­зіп, он­да өзі оқы­ған кі­тап­та­рын­да­ғы кей­іп­кер­лер  ту­ра­лы үне­мі си­пат­та­ма жа­сап тұр­ған.

Ау­ыл­да­ғы ша­ғын клуб­та әде­би кеш­тер­ді  жиі өт­кіз­ген. Қа­зақ жа­зу­шы­ла­ры­ның ішін­де Сұл­тан­мах­мұт пен Бей­ім­бет­ті қат­ты пір  тұт­қан. Өзі­нің ал­ғаш­қы «Са­ры­ар­қа­ның әң­гі­ме­сі» ат­ты шығармасын Сұл­тан­мах­мұт­қа  ар­на­са, «Шұ­ға­ның бел­гі­сін» талай ал­қа­лы топ­та те­бі­ре­ніп тұ­рып, жат­қа оқыға­нын көр­ген куә­гер­лер әлі күн­ге жыр қып ай­та­ды.

Орал­хан мек­теп­те оқып жүр­ген ке­зі­нен-ақ өзі­нің жур­на­лист, жа­зу­шы бол­ғы­сы  ке­ле­ті­нін айтқан. Мек­теп бі­ті­ру ке­шін­де жиыл­ған ата-ана­ларменмұ­ға­лім­дер ал­дын­да:

«Көк­ше­тау ас­қан сұ­лу бол­са, одан шық­қан ақын, жа­зу­шы­лар одан әрі сұ­лу­лан­дыр­ды.
Біз­дің Өр Ал­тай­дың сұ­лу­лы­ғы одан әс­те кем емес. Мен Ал­тай­дың сұ­лу та­би­ға­тын,
сар­қыл­мас бай­лы­ғын та­ны­ту­ды мақ­сат ете­мін. Сон­дық­тан да мен жа­зу­шы бо­лу­ды
ар­ман­дай­мын. Адам ар­ма­нын ал­ды­на мақ­сат етіп қой­са, оған же­ту­ге ти­іс­ті. Мен де
мақ­са­ты­ма же­те­мін деп се­не­мін», – де­ген екен.

Ар­ма­ны­ның алыс­қа же­те­ле­ге­ні де рас, же­те­леп қа­на қой­май, сол ар­маны­ның шы­ңы­на шық­қа­ны да рас. Ал қа­рын­да­сы Ға­лия аға­сы­ның: «Егер жа­зу­шы бол­ма­сам, әйт­еу­ір өнер ада­мы бо­лар едім» де­ге­нін, оның гармоньда жақсы ойнағанын, әде­мі қо­ңыр дау­ысымен ән­ді на­қы­шы­на кел­ті­ре, бе­рі­ле орын­дайты­нын ес­те­лік­те­рін­де жаз­ған.

«Танымал есімдер» кітабынан

Міне, қызық! Оралхан Бөкей жастайынан үйлеріне келген қонақтардың әңгімесіне ылғи құлақ түріп, көкірегіне түйе берген екен. «Ел іші – өнер кеніші» екенін ылғи жадында  ұстаған қаламгер кейін өзі атақты жазушы атанып, кітаптары бірінен соң бірі шығып жатқан кезде де осы әдетінен жаңылмапты. Тіпті қарындасы Ғалиядан үйге келгенқариялардың аузынан шыққан мақал-мәтелдерді жазып отыруды өтінген екен.

Міне, қызық! Жа­зу­шы ба­ла ке­зі­нен сұ­лу­лық­қа құ­мар, сән­қой бо­лып­ты. Дү­кен­нен ал­ған ки­імдер­ді ті­гін­ші­лер­ге сөк­ті­ріп, өз бой­ына лай­ық­тап қай­та тік­кі­зе­тін бол­ған.
Орал­хан Бө­кей ал­ға­шын­да Ал­ма­ты қа­ла­сын­да­ғы Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы кон­серва­то­рия­ның ак­тер­лік ма­ман­ды­ғы бө­лі­мі­не тү­се­ді. Алай­да жал­ғыз ұл­да­ры­ның әр­тіс бол­ға­нын қа­ла­ма­ған ата-ана­сы оны бір жылдан соң оқу­дан шы­ға­рып ала­ды. Одан
соң Оралхан ауылында тракторшы болады.

*******

«Ле­нин­шіл жас­қа» қыз­мет­ке жа­ңа­дан кел­ген Орал­хан­ды Мой­ын­құм­ға ко­ман­диров­ка­ға жі­бер­дім. Га­зет жұ­мы­сы – бір жа­ғы­нан жа­зу­шы­ның до­сы. Ел кө­ре­сің, жер
кө­ре­сің, сан түр­лі адам­дар­мен кез­де­се­сің. Шы­ғар­ма­ға жем та­бы­ла­ды. Га­зет – бір
жа­ғы­нан жа­зу­шы­ның жауы. Ойың­да жүр­ген, кө­кі­ре­гің­ді кер­не­ген дү­ние­ні алаң­сыз
оты­рып жа­за ал­май­сың. Ұдайы от­тың ішін­де жү­ре­сің. Түн­де де ты­ным жоқ. Га­зет
кеш шы­ға­ды. «Ха­лық­қа бір ти­ын пай­да­сы жоқ, күн­де бас қос­қан жи­ын бо­ла­ды».
Өл-ті­ріл, сон­да­ғы ба­ян­да­ма­, бас­тық­тар­дың кө­пір­ме сөз­де­рі та­ңер­тең га­зет­тің бе­тін­де
бо­луы ке­рек. Әйт­пе­се ба­сың ке­те­ді. Сөйт­іп жү­ріп мен бас­тап қой­ған по­ве­сім­ді аяқтай ал­ма­дым.

Ал Орал­хан сол са­пар­дан бі­раз жыл кей­ін «Құм мі­не­зі» де­ген по­вес­ть  жаз­ды. Мі­не, жа­зу! Жаз­саң – осы­лай жаз. Әйт­пе­се, кі­нә­сі жоқ ақ қа­ғаз­ды ши­май­лап,  был­ға­ма. Он күн­дік са­пар­да бұ­рын өзі кө­ріп-біл­ме­ген жер­дің та­мы­рын ба­сып та­нып,  сол құм­да­ғы адам­дар­дың мі­нез-құл­қын, пси­хо­ло­гия­сын, тұр­мы­сын, жү­ріс-тұ­ры­сын,  ең бас­ты­сы, жа­нын ұғып-бі­лу жа­ра­ты­лыс­тан да­рын ие­сі­не ға­на да­ры­ған.

Әйт­пе­се,  сол құм­да мен де талай рет бол­дым ғой. Иә, кә­дім­гі бұй­ығы бұ­ғып жат­қан бұй­ра құм. Сек­сеуілі, шө­бі, қоя­ны, қыр­ғауы­лы. Шо­пан үйі, қойы, иті т.б. Ал Орал­хан­ның кө­зі­мен  қа­ра­ған­да, мен бұл құм­ды өл­ке­ні тұң­ғыш рет көр­ген­дей­мін. Құм­ға жан біт­кен. Құм­ға  мі­нез біт­кен. Ол мо­ма­қан екен. Құм дү­лей екен. Ол ән­ші екен. Құм күй­ші екен. Құм­да да қу­аныш, құм­да да мұң бо­ла­ды екен.

Әде­би­ет пен әуен – егіз. Әуені жоқ, жү­ре­гін­де жы­ры, му­зы­ка­сы жоқ әде­би­ет көр­кем әде­би­ет емес. Әт­тең, мен қа­лай байқа­ма­ған­мын? Ау­дан­нан, сов­хоз ор­та­лы­ғы­нан іле­се кел­ген үл­кен-кі­ші бас­тық­тар­мен ет жеп, шай ішіп, қыр­ғау­ыл атып жү­ріп, қа­лай бай­қа­ма­ған­мын? Сөйт­сем, құм­ның іші жақ­сы­лық­қа да, жа­ман­дық­қа да, адал­дық­қа да, арам­дық­қа да то­лы екен.

Шерхан Мұртаза

Қаламгер қай өңірде туып-өскен?

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына  қарасты Шыңғыстай ауылында сұрапыл соғыстың  отты жылдарында дүниеге келді. Оралдағы еңбек  майданында жүрген әкесі аман келсін деген ырыммен, нәрестенің аты Оралхан деп қойылады. Ниеттері  қабыл болып, әкесі аман-есен елге оралады.

Әкесі Бөкей ойын-тойда «Қалқаман – Мамыр», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» қиссаларын  жатқа айтса, шешесі Күлия да сөзге шешен, құрбыларын өлең айтуға, айтысқа шақырып отыратын өнерлі  жан екен. Оралхан да жастайынан өнерге қабілетті
болып өседі. Малшаруашылығымен айналысқан  ата-анасы алыста болғандықтан, әпкелері мен Оралхан көбінесе әжесінің тәрбиесінде болған. Жазушы кейінірек әжесінен алған тәлім-тәрбиесін «Апамның астауы» әңгімесіне арқау етеді.

Жазушы қай жерде білім алды? Еңбек жолы қашан басталды?

1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген Оралхан ауылда аға пионер вожатый, «Алтай» кеңшарында  тракторшы болып істеген. 1963 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1969 жылы тамамдап шыққан.

1965–1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің, ал 1974–1983 жылдары  «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің меңгерушісі болып істейді. Өмірінің соңғы күніне дейін «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор қызметін атқарды.

Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай еді?

О.Бөкейдің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. Оралхан Бөкейдің
алғашқы шығармасы «Сарыарқаның жаңбыры» деген әңгімесі болса, оның есімін
көпшілікке танытқан – «Мұзтау» атты повесі. Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіне өз
жолымен, өз жаңалығымен келген жазушы.

Жазушының кез келген шығармасынан оның туған жеріне, жалпы адамзат баласына деген сағыныш лебі есіп тұрады. «Оралхан – табиғат пен махаббатты жырлаған Алтайдың шабытты жыршысы еді, біртұтас  ұрпақтың ойының шынайы әміршісі, адамның рухани жан дүниесін үлкен шеберлікпен суреттеген жазушы.

Оралхан Бөкеев қазақ әдебиетінің нағыз шебері болып қала  бермек» деп, жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын, ондағы адамдардың образын «Қар қызы», «Атау-кере», «Жетім бота», «Жылымық», «Жасын», «Сайтан көпір», «Мұзтау», «Ұйқым келмейді», «Мынау аппақ дүние», «Бәрі де майдан» т.б. шығармаларында шынайы бере білді.

«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Қай жанрда жазбасын,
олардың бірде-бірі қаламдастары мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын.

Оралхан – бір оқылатын жазушы емес. Оралхан – қайталап оқуды қажет ететін  жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер»,– деп жазушы Дулат Исабеков  айтқандай, «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Бура», «Терісаққан», «Кербұғы», «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімелері идеясының сонылығымен ерекшеленеді.

Мәселен, «Терісаққан» шығармасында тек Ағарыс өзені туралы жаза  отырып, табиғатқа жан бітіріп, кейіптеу тәсілін молынан қолданған автор салтдәстүр тақырыбын шебер көрсеткен. Оның «Алданған ұрпақ» трилогиялық романы  қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған.

Оралхан Бөкей қазақ драматургиясының дамуына да өз үлесін қосқан.  Оның «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Бармысың, махаббат?» пьесалары өмір шындығын, заман тынысын кеңінен суреттейді. 

Жазушының көптеген шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне: ағылшын, француз, чех, болгар, неміс, жапон, араб, қытай т.б. аударылып, оқырмандарын тапты.
1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан  Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі»  повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби  сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» кітабы үшін Абай  атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  атанды.

Сондай-ақ «Молодая гвардия» және «Жалын» баспаларының сыйлықтарын иеленді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Қаламгер 1993 жылы 17 мамырда шығармашылық іссапар кезінде Үндістанда қайтыс болды. Оралхан Бөкей атында Өскемен қаласында кітапхана,  мектеп, көше бар. Алматы қаласында жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта  орнатылып, көшеге есімі берілген. Елімізде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіліп тұрады.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбыныңжаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ